Оқушылар бойындағы бейәлеуметтік мінез-құлықтың алдын алу жұмысын басқару
Оқушылар бойындағы бейәлеуметтік мінез-құлықтың алдын алу жұмысын басқару
Экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, тұрмыстағы ырың-жырың, отбасылық тәрбие деңгейінің жеткіліксіздігі және қоғамдағы тұтас салауатты өмір салтын ұсынбау бүгінде көп отбасыларының кедейленуіне, үлкендер мен балалардың бейәлеуметтік мінез-құлықтарына, жұмыссыздыққа, этиканың, эстетиканың және рухани тәрбиенің төмен деңгейде болуына алып келіп отыр.
Өкінішке орай, бізге қалыптан ауытқып кеткен мінез-құлық дағдылы, үйреншікті жағдайға айналды.
Бұл жағдайды екі категорияға бөлеміз:
- психологиялық денсаулық қалпына сәйкес келмейтін мінез-құлық;
- бейәлеуметтік мінез-құлық.
Белгілі бір жағдайларда бейәлеуметтік мінез-құлыққа бейім оқушыларды «тәуекел тобына» жатқызуға болады. Зерттеулер мен бақылауларға бағыттала отырып «тәуекел тобының»мынандай түрлерін бөліп айтуға болады:
- әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларында тұратын балалар;
- педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалар;
- мінез-құлқында ауытқуы бар балалар;
- қиын жағдайларға түсіп қалған балалар;
- қарым-қатынас тапшылығын сезініп жүрген балалар.
Сондықтан проблеманы шешу үшін жүргізіліп жатқан жұмысты жүйелей білу қажет және баланы талаптар үлгісіне тықыртуға жол бермейтін, керісінше оның мінез-құлқына өзгерістер енгізіп тұратын, оқушының жеке тұлғалық дамуына мүмкіндік туғызатын оңтайлы технологияны әзірлеу қажет.
Психологиялық-педагогикалық тәжірибені нақты сараптау негізінде құрылған іс-әрекеттің мазмұны балаларға төмендегідей қауіп-қатер дереккөздерін бөлуге мүмкіндік берді.
Қауіп-қатер дереккөздері.
Отбасы:
- балаға отбасында асыра қамқорлық жасау;
- бала қабылдай алмайтын ата-аналарының өмір сүру салты мен мінез-құлқы;
- отбасындағы зорлық пен агрессия.
Қоғам:
- ақпараттың көп болуы: БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары), Интернет, теледидар, видео.
Мен өзім:
- өмірлік бағыттарды, құндылықтарды құрудағы қиыншылықтар;
- ішкі жалғыздық, адамдардың оны түсініспеушілігі;
- өзінің жолы болмайтындығына уайымдау;
- өзін-өзі төмен бағалау,өзін-өзі түсіну қиыншылығы;
- дұрыс өмірлік мақсатының болмауы;
- айналасындағылармен өзара әрекет жасай алмауы;
- эмоционалдық ортаның тұрақсыздығы;
- денсаулық жағдайы.
Құрбы-құрдастары:
- өзін-өзі нығайтудың тең құқықтық түрлері;
- бағыну немесе тәуелсіздік, қорғану принциптеріне негізделген қарым-қатынас және криминалды адамдармен қарым-қатынас.
Бейәлеуметтік мінез-құлықтың алдын алу жұмысында неге назар аудару керек?
- оқу орны мен ата-ана қиын балаға тәрбисін беріп қана қоймай, олармен бірге бақылау органдары қадағалаулары жөн;
- педагогтың міндеті – бала бойындағы жақсы қасиеттерді көре білу және оны дамыта білу;
- үлгермейтін балаларға басқаша тапсырма беру;
- баланың қабілетті екенін өзіне сезіндіру;
- бала өзін-өзі тәрбиелеу керек, сырттан берілген тәрбие оған қонбайды;
- тәрбие нәтижелі болу үшін баланың жақсы қасиетін өзіне дәлелдеп көрсету керек;
- өзінің өмірде орны бар екендігін сезіндіре білу;
- қадағалай бермей, ақыл-кеңес беріп отыру;
- жақсы қасиетін дәріптеу;
- ешқашан ешкімнің жамандығын бетіне баспау;
- көшедегі бұзақы топпен қатынасын үзу;
- балаға қуаныш сыйлай білу.
Бойында бейәлеуметтік мінез-құлығы бар оқушылармен әңгімелескенде жетістікке жетудегі 5 негізгі жағдай:
- Айқын, анық мақсатты алға қою.
- Әңгімелесудің өткізілу уақыты мен жерін дұрыс таңдау. Оқушы бір нәрсені бүлдіріп қойғаннан кеінгі жағдайда, біреулердің көзінше немесе жол жөнекей әңгімелесу дұрыс нәтиже бермейді.
- Оқушыға деген шынайы сыйластық және мейірбанды қарым-қатынас, педагогикалық оптимизм.
Ешқандай оқыту-үйретуді, жастың үлкендігін, білімнің, тәжірибенің жоғарылығын көрсетуге болмайды.
- Тек қана сөйлей білу икемділігі ғана емес, тыңдай білу икемділігі.
- Оқушының жеке ерекшеліктерін білу.
Қорыта келгенде, бойында бейәлеуметтік мінез-құлығы бар оқушылармен психологиялық-педагогикалық жұмыс жүргізудің негізі – түсіну, оны қабылдау, көмек көрсету.