Тілім – ғасырлардан аманат

Күні: 19.02.10 жыл

Класы: 6  В

Пәні: Қазақ тілі

 

Сайыстың тақырыбы: Тілім – ғасырлардан аманат

Сайыстың мақсаты: а) Оқушылардың білімін одан әрі дамыту,

тереңдету, ізденгіштігін арттыра отырып,

ой – орісін кеңейту.

ә) Тіл байлығын молайту, ауызша және

жазбаша сөйлеу мәдениетін,

сауаттылығын арттыру, шығармашылық

қабілетін дамыту

б) Оқушылардың бойына адамгершілік

қасиеттер  дарыту, ізгілікке, ынтымаққа

халықтық педагогика негіздеріне баулу,

өзара сыйластық, достыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Іздендіру, салыстыру, ойын түрлері, мәтін құрастыру

Түрі: танымдық, жарыс, тіл дамыту

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Барысы: I. Ұйымдастыру

  1. Жүргізуші:
  • Құрметті қонақтар, оқушылар, көрермендер! Қазақ тілі талай тарихи сыннан сүрінбей өтті. Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де, жакласқан елдердің арасын келісімге келтіретін де, жылағанды жұбатып, күлгенді жылататын да осы тіл емес пе?

Сүйемін туған тілді анам тілін,

Бесікте жатқанымда – ақ  берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін,– деп ақын Сұлтанмахмұт жырлағандай, сол ана тілімізге деген қошеметімізді сайыс арқылы көрсетейік.

Сайысқа түскен топтарын таныстыру:

I: « Тағылым» тобы

II.: «Асыл мұра» тобы

Сайыс шартарымен таныстыру;

I: Таныстыру

II:Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын шешу

III:Ескірмейтін ескі сөз

IV:Мәтін құрау

V: «Жаңылдырсаң да жаңылмаспын» ойыны

VI: Әр топқа сөздер беріледі. Сол сөздер қатысқан мақал – мәтелдер айту

VII:

VIII. Кім айта алады

IX.бұл да қызық (сөзжұмбақ шешу)

2 – кезең: Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын шешу

Тісінен шығармау –  үндемеу

Бармағын тістеу – өкінді

Жанды жегідей жеу – қиналу

Зығыры қайнау – ашулану

Жүзіктің көзінен өткендей сұлу

Желкесін қасу – қысылу

Жетім қыздың тойындай – елеусіз

Бұйым көрмеу – менсінбеу

Өрісі кең – білімді

Ұрты солу –  жүдеу

3 – кезең: Ескірмейтін ескі сөз.

Бұл  бөлімге дайындалу өздеріңе тапсырылған. Күнделікті өмірде ата-әжелеріміз, ата-аналарың айтып отыратын ырым мен тыйым сөздер айтамыз.

1 топқа: Үй салу жайында

2 топқа: Әйелге қатысты ырым  –  тыйым

4 кезең:  Мәтін құрау

1 топқа. Табу, эвфемизм, дисфемизм аралас мәтін құрап,

               әңгімелеу.

2 топқа: Шаш, қас, бақ сөздері омоним болатын  сөйлемдер  

                құрау.

5 кезең: Балалар қазақша ай аттаврын білеміз бе?

1 топ:

А) м ы с у м а   ә) р к ү қ ы й к е   б) ң а қ  а р т   в) у а р з ы н

г) п а қ н а   ғ) м р ы м а

2 топ:

А) а р қ а ш а  ә) з а қ а н  б) л е ж с а н т о қ   в) д е л і ш

Г) м а т ы з  ғ) ә с у і р

6 кезең: Әр топқа тірек сөз беріледі. Сол сөздер қатысқан мақал – мәтел айту.

I.Тағылым: қой, туған – туыс, үй,

II.Асыл мұра: тәлім – тәрбие, көз, жалғыздық

Кім айта алады?

  1. Жинақтық сан есіммен тұлғалас есімдік .( Біреу)

2.Қолданылуына қарай бір зат есім, бірде сілтеу есімдігі болып

келетін сөз (ана)

  1. Есімдіктің бірі есептік сан есімнің ең аз саны мен сұрау

есімдігінен  құралған сзө (қайсы бір)

4.Бұйрық мәнде айтылса,– етістік

Жалпылау мәнде айтылса,– есімдік. Ол қай сөз? (барлық)

  1. етікші аспабымен ұқсас есімдік ( біз)

6.Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды (сұрау

есімдігі)

7.Жақтас жалғайға жіктеле қояды, жақтас емесіне жоламай қояды (

мен, сен)

  1. Көпшіл және көңілшек

Ештемені бөліп жармайды

Көптік ұғым бюеріп,

Көпшілікті қармайды (жалпылауыш есімдік)

  1. Біреулері көрсетіп, нұсқап тұрады,

Біреулері мәлімсіз есімдердің орнына қолданылады (мынау)

10.Құрамындағы сөздің көбін көршісіне сұрап алыпты. Алдына бір

буын қосыпты да, есімдіктің бір түрі боп  тұра қалыпты.

(Әлдекім, әркім)

        Бұл да бір қызық

   ( Сөзжұмбақ шешу)

 

Нұрсұлтан Назарбаев: « Тіл ата – баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы. Ендеше ата — баба мұрасын  жалғастыру, оның мәртебесін көтеру – мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз»

Әділқазылар топтардың ұпай санын есептеп болғанша « Әнді сүйсең, менше сүй» деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әнге береміз.

Ән: