Мен кішкентай  патриотпын!

 

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі»КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

Мен кішкентай  патриотпын!

 

 

 

Сынып жетекші: Даутбекова Н.А

Сыныбы: 2 «А»

 

 

 

 

 

 

Өскемен қаласы, 2018 оқу жылы

 

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен кішкентай  патриотпын!

Мақсаты: 

1.      Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне сүйіспеншілікке тәрбиелеу. . Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету

2.        Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіріп айтуға үйрету.

3.      Балалардың бойында ұлтық мақтаныш, өз ана тіліне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар Отан сөзінің мағынасын ұғады, жеткен жетістіктерінен мағлұмат алады, Қазақстанның болашағын көз алдарына елестете отыра, болашақта еліне тигізер пайдасы жайлы әңгімелейді.

Әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап
Пайдаланылған көрнекіліктер: Қанатты сөздер, плакат, буклет, үлестірме материалдар
Сабақтың барысы:
1.Кіріспе бөлім   Жағымды ахуал туғызу:

Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз!
Ақпыз,қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
2.    Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі кездесуіміз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық балалбақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады.

Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!

2.Негізгі бөлім
Слайдпен жұмыс

— Балалар, мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр.

«Отан» деген сөзді естігенде не ойларыңа келеді? Отан ол не?
— Біз қандай мемлекетте тұрамыз? /ҚР картасы/ Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз
-ҚР қандай қалаларын білесіңдер? Атап беріңдерші.
Қарағанды, Алматы, Астана.

— Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? /Астана суреті/
Астана

-Кім Астанаға барды? Астанада қандай керемет үйлер бар?
Астанада – Хан шатыр, Байтерек, Ақ орда.

-Біздің президентіміз кім? /Н. Ә. Назарбаев портреті/
Нұрсултан Әбіш ұлы Назарбаев

-ҚР рәміздерін кім біледі? /ҚР рәміздері/

Жағымды ахуал туғызу:

«Сиқырлы сандықша»

Мақал-мәтелдер ( оқушылардан сұрау)

Отан оттан да ыстық.

Туған жерге ту тік.

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас.

Енді «Сөздер банкісі» ойынын ойнайық. Ол үшін топтарға әртүрлі сөздер беріледі. Сол сөздердің ішінен Қазақстанның 25 жылдығына қатыстыларын теріп алу қажет.
Тәуелсіздік  қазақ  Елтаңба  Әнұран   Ту   татар      Президент       Астана     Ата Заң   Теңге         Тоқтар Әубәкіров   Назарбаев    Қытай      16 желтоқсан      Ресей       Путин    бүркіт      Шымкент

-Дұрыс, балалар. Міне біздің халқымыздың 26 жылда жеткен жетістіктерінің біразы осындай. Енді елімізді ары қарай дамытатын,  биікке самғататын сендерсіңдер. XXI ғасыр-Білім ғасыры.Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз. Біз гүлденген Қазақстанға өз білімімізбен үлес қосуымыз керек.

   3.Қорытынды бөлім

     — Міне, балалар, бүгін өздеріңді  еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
— деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

          Мінекей- 2015 — 2016 оқу жылының да алғашқы қоңырау үнін естідік. Жаңа оқу жылы құтты болсын!