Қазақстаным-жүрегім, Түркістаным – тірегім!»

Сабақтың тақырыбы:   Қазақстаным-жүрегім, Түркістаным – тірегім!»

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушы зейінін сабаққа аударып, қызығушылығын ояту.
  2. 2. Ежелгі қазақ хандығының астанасы болған Түркістанның елдік бейнеміздің кәусар бұлағы екенін, оның пайда болу тарихын осы қала арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді білетінімізді оқушыларға дәріптеу арқылы оларды Отанымызды сүюге, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды берік сақтауға, ұлтжандылыққа, адамгершілікке, елінің, жерінің құндылықтарын сезе біліп, оларды дәріптеуге тәрбиелеу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Негізгі бөлім.

«Ой да ортақ, пікір де ортақ » дегендей сендердің назарларыңызға «Қазақстаным-жүрегім, Түркістаным – тірегім!» атты бірыңғай сабақты назарларыңа ұсынамын.

Біздің алға қойған мақсатымыз, өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңге сеніммен қарайтын азамат болып өсу, солай ғой, балалар!

Ендеше сабағымызды бастайық. Назарларыңа мына суреттерді ұсынамын, бірге тамашалайық! (Түркістан- көне қала» бүктемесі, Тайқазан, Түркістан, Қ.А.Йассауи кесенесінің суреттері)

Сұрақ-жауап әдісі арқылы суреттер бойынша оқушылардың пікірін тыңдау.

1 Оқушы

Түркістан- екі дүние есігі ғой,

Түркістан-ер түріктің бесігі ғой,

Тамаша Түркістандай жерде тұрған,

Түріктің тәңірі берген несібі ғой.

Ертеде Түркістанды Тұран дескен,

Тұранда ер түрігім туып өскен,

Тұранның тарихы бар толқымалы,

Басынан көп тамаша күндер өткен.      М.Жұмабаев.                                                                               

3 оқушы       Түркістан-көне қала ғана емес, ірі оқиғалардың куәгері. Қазақ мемлекеттігін құрған, қалыптастырған хандардың, билердің, батырлардың бұл қасиетті шаһарда тұрмағаны немесе соғып өтпегені жоқ деуге болады. Демек, Түркістанның әрбір көшесі тарихи беттерге толы.

  • Оқушы XVI ғ бастап Түркістан  қаласы мен төңірегінде  қазақ хандығының бөлігіне берілді . Қала көп уақыт қазақ хандығының орталығы болды. Жаугершілік заманында сыртқы жаулардан қорғану мақсатында қаланы айналдыра қорған салынған. Қорған мен қақпаның беріктігі сондай, кейде сырттан келген шапқыншылар бұза алмаған.

5 оқушы       Исі түркі халықтарының  екінші  меккесі  атанған Түркістан аумалы-төкпелі заманда елге нық сенім беріп, діни және рухани  беріктікті  сақтап  қалуға көмектескен рухани тазарту орталы болған.Оны  қазақ  жерінің әр жерінің түкпірінен  мінәжат етіп  келген халық ауыр қасіретпен  қиындықтан  қорғайтын  пана деп білген.

6 оқушы      Қасиетті Түркістанға барғанда теңдесі жоқ Ахмет Иассауидің сәулетті ғимараты  ерекше көзге түседі.Мұны Х1V ғасырдың алдында әйгілі Ақсақ Темір салдырған.Оның ені 46,5  ұзындығы 62,5 биіктігі 40 метрге жуық.Әр түрлі мақсатқа пайдаланатын  35 бөлмеден тұрады.Ортада қазандық деп аталатын бөлме бар.Осы бөлмеде салмағы 2тонна келетін ішіне 60 шелек су сиятын үлкен  «Тайқазан » орнатылған.Тайқазан 1399 жылы Түркістан  шаһарынан  25 шақырым жерде Қарнақта  7 асыл металдан жасалған.

7 оқушы    1935 жылы Санкт-Петербургте Иран өнері жөніндегі 3 халықаралық конгресс өтті.Конгреске байланысты  Қазақстан үкіметінің рұқсатымен тайқазан Санкт-Петербургке жіберілді.Тайқазан әрмитажда ұзақ жыл тұрды.1939 жылы Тайқазан Түркістанға қайта  әкелінді.Тайқазан-молшылықтың белгісі.

8 оқушы  Қожа Ахмет Иассауи ХХ ғасырда өмір сүрген.Қазақ халқының көне мәдени тарихын айрықша орын бар.Бұхар қаласын діни білім алған кейін Түркістанға келіп, сол кезде Орта Азияда кең тараған софылық діни мистикалық идеялардың насихаттаушы болды.  Ахмет Иассауидың бүгінгі ұрпақ жеткен  шығармасы  «Диуани Хикмет».Онда қазақ халқының ежелгі мәдениеті,әдебиеті,тарихы,этнографиясы,экономикасы жазылған.

Мұғалім:     Қай кезде болмасын халық игілігі үшін еңбек еткен ағартушылардың, ақын-жыраулардың, батырлардың барлығының мақсат-мүддесі қазақ халқын тек бірлікке, ынтымаққа шақыру, ешкіммен жауласпауды үйрету, көшпенді елдің баласына ғылым-білім, өнерді үйретуді армандады. Тәуелсіздік алғанымызға аз ғана уақыт болса да, барша қазақ жұртының бір арманы, ол – «Мәңгілік ел» атану.

 

ІІІ. Қорытынды    Түркістан ежелгі заманда да , қазірде үлкен саяси орталық. Бұл қаланың сол ғасырлар бойы елдің басын біріктіріп, рухани негізді сақтап қалуға сіңіргенеңбегі ұлан-теңіз. Қаланың жалпы мұсылман әлемінде «Екінші мекке» атануы тегінен тегін емес. Осындай бой көтерген зәулім кесене- Қожа Ахмет Йассауи кесенесі бұл кезде ЮНЕСКО –ның «Қызыл кітабына» енгізілген. Биыл, 19 маусымда Елбасы – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысын Түрістан облысы деп қайта құру және оның орталығын Шымкенттен Түркістан қаласына көшіру туралы тарихи Жарлыққа қол қойған-ды. Елбасының бұл шешімі – Түркістанның қайта түлеп, еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын жаңа орталыққа айналуына жол ашты. Облыс орталығы атанған Түркістан қаласы ендігі жерде еліміздің ғана емес, бүкіл Орта Азияның, тұтас түркі әлемінің белгілі сауда-экономикалық және рухани-мәдени орталықтарының бірі болары сөзсіз.

 

«№1 М. Горький атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық                                  

                               мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

Түркістаным – тірегім

 

 

 

Дайындаған:             Назаров А.

 

 

 

 

 

2018-2019 оқу жылы