Табыс септік

 Сабақтың тақырыбы: Табыс септік

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың зат есімнің септелуі туралы білімдерін нығайту.

Табыс септіктегі сөздердіңқандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның

жалғауларымен таныстыру.

Дамытушылығы: Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөйлемді дұрыс құруға, ойлау

жүйесін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, жинақылыққа және сауатты әрі көркем жазуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі карточка  т.б

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Әдістері:СТО бағдарламасының элементтері, сұрақ-жауап, топтастыру т.б

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқу құралдарын дайындатып, назарларын сабаққа аударту.

 @ Кіріспе.

-Бізде қазір қандай сабақ?

-Қазақ тілі сабағы.

 

Мұғалім:

Қазақ тілім –бал тілім,

Өзің барда шалқыдым.

Тіліммен бірге самалмын,

Тіліме кім тағар мін,-дегендей, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болмақ..

 

-Біздің ана тіліміз қай тіл екен, балалар?

-Қазақ тілі.

 

@ Психологиялық дайындық.

-Балалар, қазір Тіл туралы қандай өзекті мәселе болып тұр. Ал енді тіл туралы білетін мәселелерді қарастырып жіберейікші.          

                              

                   Тіл заңы                                                                       Тілді құрметтеу

қабылданды                                                                              керек

 

 

 

 

Тіл — ұлттың заңы                                   Тіл — халықтың үні

 

-Демек, 1997 жылы 11 шілдесінде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы Заң» қабылдады. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл –қазақ тілі» деп көрсетілген. Олай болса, қазақ тілін кім қалай білетінін байқап көрелік. Қане, балалар, сабаққа көңіл аударайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.

@ «Ой ашар»

-Зат есім дегенім не?

-Зат есімнің басқа сөз таптарынан қандай айырмашылықтары бар?

 

тәуелденеді

Зат есім                                 септеледі

жіктеледі

-Енді үйге берілген тапсырмаға назар аударайық.

@  311- жаттығуды оқып, барыс септікте тұрған сөзді талдайды.

@ -Осы жаттығудан басқа мен 3 топқа шығармашылық тапсырма берген едім.

1-топ.  «Менің отбасым». Шағын эссе жазу.

2-топ.   4 жолды өлең. (SINRUEIN)

3-топ.    Мақал-мәтел жазу.

 Үш топтпғы тапсырмалар оқылады, талданады.

Барыс септігінің сұрақтары мен жалғаулары сұралып, мысалдар келтіріледі.

ІІІ. Жаңа сабақ

Қызығушылығын ояту.

-Балалар, жеті қандай сан?

-Жеті киелі сан.

-Осы санға байланысты қандай теңеулерді білесіңдер?

 

7 қазына                                                                     7 ата

 

7 күн                                                                         7 жұт

 

7 ғалам                                                                        7 ғашық

 

-Олай болса, «Септік» деген атаның да 7 ұлы бар екені бізге белгілі, сол 7 ұлын бізге қызмет жасауға жіберіпті. Біз өткен сабақта 3 ұлымен танысқан едік, ал енді бүгін біз «Табыс септік» деген ұлымен танысамыз.

 

@ Ережемен таныстыру, мысал келтіру

@ Оқулықпен жұмыс.

312-жаттығу. Тақтамен жұмыс.

Айжан кітапты көп оқиды. Оқушылар қысқы демалысты қызықты өткізді. Әкесі Әселді мұражайға апарды.

 

Табыс септігінде тұрған сөзді тауып, астын сызу. Қарамен жазылған сөздерге назар аударту.(Үш оқушыға оқытып, тақтада орындату)

 

Сергіту сәті.

Атау                         Ілік                            Барыс

Кім? Не?     Кімнің? Ненің? Кімге?     Неге? Қайда?

 

Топтық жұмыс.

313-жаттығуды орындайды. Жаңылтпашты жатқа жаз. Табыс септіктегі сөздерді тап?

Қанар қаптарды қаптап артар,

Шана арбаны аттар тартар.

 

Бұл қандай шығарманың түріне жатады? Жаңылтпаш дегеніміз не? Жаңылтпаш неше сөзден құралған? (Үш топтан үш оқушыдан сұрау).

 

Дәптермен жұмыс.

314-жаттығудағы өлеңді көшіріп жаз.

 

Италақаз

Таңдап мидай даланы,

Ескі ін тауып алады.

Италақаз ұясын,

Інге ғана салады.

Табыс септіктегі сөздердің астын сыз. Оларға сұрақ қой. Италақаз сырт көрінісі қазға да , үйрекке де ұқсас, басы, құйрық, қауырсыны қара, жемсауы мен арқасы ақ, көкірегі сарғыш ірі құс екен.

 

Шығармашылық жұмыс.

Балықшылар балықты аулайды. Әсем терезені жуды. Асқар ауланы тазалады.

 

Сөйлем мүшелеріне талда. Бастауыш пен баяндауыштың астын сыз.

Жаңа сабақты бекіту.  “Кім көп біледі?» ойыны

 

Сабақты қорыту. Тестік жұмыс.