Абай Құнанбайұлы «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі.
Тақырыбы | Абай Құнанбайұлы «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі. | |||
Мақсаты | Тақырыптың мазмұнымен таныстыру арқылы, көркем сөздер турал мағлұмат беріп, сөйлеу тілінде атқаратын қызметін байқату. | |||
Жалпы мақсат | Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру. | |||
Күтілетін нәтиже | Тақырыптың тәрбиелік мәнін ашады, тақырыптағы кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне баға береді, топ ішіндегі белсенділігі артады. | |||
7 модульдің қолданылуы | АКТ, «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық» | |||
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Миға шабуыл, Көңілді тапқырлар ойыны, Интервью әдісі, Ыстық орындық, Ойлан-бірік-кеңес | |||
Қолданылатын ресурстар | Флипчарт, маркерлер, портреттер, стикерлер, тақта, ноутбук | |||
Ұйымдастыру кезеңі | Оқушыларды 4 топқа бөлінеді: әдебиетшілер, әншілер, зерттеушілер, аудармашылар. Топ ішінде топ ережесін құрады. Оқушыларға оңтайлы психологиялық ахуал туғызу. | Оқушылар топқа бөлініп, топ басшыларын сайлайды. Топ ішінде тәртіп ережесін құрады. Топ басшылары сайланады. Топ басшылары оқушыларды бағалап отырады. Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды ынтымақтастықта орындайды. | ||
Сабақ кезеңдері | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | |
Білім
Қызығушылықтарын ояту |
Миға шабуыл | «Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денем». Осы өлең жолдары арқылы оқушыларға ой тастап, бүгінгі жаңа тақырыпты және оның мақсатын айқындау. |
Өлеңнің авторын анықтайды. Автор туралы қысқаша мәлімет береді. | |
Түсіну | «Көңілді тапқырлар» ойыны
«Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін түсініп оқу. |
Әр топқа берілген тапсырмалар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру. Өлеңнің мағынасын ашу үшін диалогқа түсіру. | Өлеңнің мағынасын түсінеді, ақынның өлеңдегі негізгі идеяны түсінуге жол ашады. | |
Қолдану | «Ойлан, бірік, бөліс» тапсырмасы
Әр топқа тапсырма. Қ.Бітібаева технологиясы бойынша өлең талдау үлгісі. |
Әр топ парақшалар үлестіріліп, өлеңді талдау тапсырылады. | Топ болып бірге жұмыс отырып, өлеңге жүйелі талдау жасайды. Бес бағыт бойынша өлеңге талдау жасайды. | |
Сергіту сәті | Жидебайдағы Абай мұражайымен таныстыру | Интербелсенді тақтадағы бейнероликті тамашалау | ||
Талдау | Төрт топқа жекелеген тапсырмалар. | Әншілер тобына: «Әнді сүйсең, менше сүй» (Абайдың музыкалық мұрасы жайлы әңгіме), Абайдың бір әнін орындап беру тапсырылады.
Абай музыкалық мұрасын жинаған академик, профессорлар. Аудармашылар тобына: Абайдың табиғат лирикасынан бір өлеңін ағылшын тіліне аударыңыздар. Әдебиетшілер тобына: ұлы ақынның әдеби мұрасы туралы ой шертіңіздер. Зерттеушілер тобына: Абайдың өскен ортасы, ататегі, білім алған мектебі және шәкірттері туралы әңгімелеңіздер. |
Әр топ берілген тапсырмаларды жазбаша және ауызша орындайды. Оқушылар өз ойлары мен пікірлерін айтады.Берілген тапсырмалар барысында бір-бірін толықтырып отырады. Өзара білім алысу үшін диалогқа түседі. | |
Жинақтау | Топпен жұмыс | «Абай поэзиясы – қазақ поэзиясының шыңы» ойтолғау | Оқушылар Абай шығармашылығы бойынша білген-түйгендерін жинақтап, ой толғайды. Ой толғауға 5 минут уақыт беріледі. Оқушылар жазбаша ой қорытады. | |
Бағалау | Өзін-өзі бағалау | Әр оқушыға бағалау парақшалары таратылады. | Әр оқушы өзін берілген критерий бойынша бағалайды. | |
Рефлексия | Стикерлерді толтыру | Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну. | Ұсынылған стикерлерді тақтаға ілу. | |