Жол тәртібін білейік аман есен жүрейік
Сабақтың тақырыбы :Жол тәртібін білейік аман есен жүрейік
Сабақтың мақсаты :1.Оқушыларды жол жүру ережесімен таныстыру .
- Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесін үйрету.
3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі : Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , жол ережесіне арналған кітаптар , буклет.
Сабақтың мақсаты: 1. Ұйымдастыру кезеңі :
Кіріспе : » Ұлы сөзді тыңдаймыз , жол тәртібін сақтаймыз ! » атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.
Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін ,заңын бұзбайды.
Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды ?
Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .
Тақтада
Жұмбақтар
- Ала таяқ ұстаған, Көше бойлап аяңдайды,
Жол тәртібін нұсқаған. Адам тасып аялайды.
Өміріңді күзеткен, Автобус
Ысқырығы күзеткен.
Милиционер
- Көліктің қаншасын жанынан өткізген ,
Іргеден басталып , алысқа жеткізген. Жол
- Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. Бағдаршам.
Мұғалім : Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын біліп , тіліп алу баршамызға керек.
- Неге ?
Біздің қаламызда , сол сияқты біздің еліміздің қала , ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни барлық жүргізушілер , көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
- Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен , көрейік . Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
- Жиек жол деген не ?
- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол .
- Жаяуға қай жермен жүруге болмайды ?
- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
Жаяу адамдардың міндеттері туралы не білесіңдер ?
- Жаяу тротуардың немесе жаяу жолдың оң жағымен , ал олар болмаса , жол жиегімен немесе велосипед жолымен жүруге тиіс.
Елді — мекеннен тыс жерлерде жолдың шетімен немесе жиегімен жүріп келе жатқан көліктің жүрісіне қарама — қарсы жүру керек.
- Жолдан өтіп бара жатқан жаяулап себепсіз кедергі немесе тоқтап қалмауы тиіс . Көшеден өтпес бұрын алдымен сол жаққа , ал көшенің ортасына жеткенде оң жаққа қарау керек.
- Жарқылдақ маягі және арнаулы дыбыс белгісі қосылған көлік жақындағанда жаяулар жолдан өтпей тоса тұруы тиіс.
- Қараңғыда жүргізушілер көлік айдап бара жатқанда ,жаяу адамдар үстіне жарық қайтарғыш тағып алу керек.
Жолаушылардың міндеттері туралы не білесіңдер ?
- Көліктерді тек қана отырғызу алаңдары ал жоқ болса тротуарда немесе жол жиегіне күтіп тұруға рұқсат етіледі.
- Жүргізушілерді себепсіз алаңдатпау керек.
- Жүк көліктердің кузовында тұруға , борт қырына отыруына тыйым салынады.
3.Көшеде жүру тәртібін кім басқарады ?
Тақтада
Қызыл — Тоқта !
Сары — Сақтан !
Жасыл — Жол ашық!
- оқушы : Қызыл көзін ашқанда ,
Сынық сүйем баспа алға !
- оқушы : Сары көзін ашқанда ,
Қарап қалма аспанға !
3 — оқушы : Жасыл көзін ашқанда ,
Өте бергін , жасқанба !
Оқушылар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп тұрады.
Мұғалім : Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады ?
1 -оқушы : Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл сигналы жанған кезде өтуге болады.
Мұғалім : — Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз ?
2-оқушы : Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде , оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса , өтіп кеткенше , сол орында күте тұрамыз.
Тақтада
- Ақпараттық — көрсеткіштік белгілер.
- Ескерту белгілер
- Тыйым салатын белгілер
- Сервис белгілері
- Алдын ала қиылатын белгілер
- Басымдылық белгілері
- Жол таңбалары