Жұғу. Қылтүтіктік құбылыстар.

Күні: 14.03.2011 жыл

Сыныбы: 7 «А»

Пәні: физика

Сабақтың тақырыбы:  Жұғу. Қылтүтіктік құбылыстар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: жұғу, қылтүтіктер туралы түсініктер бере отырып, оқушының пәнге қызығушылығын арттыру

Тәрбиелік: Жас ұрпақты ұлттық патриотизмге тәрбиелей отырып, білім беру ісіне өз халқының салт- дәстүрі мен рухани қазынасын қадірлейтін болашақ буынды тәрбиелеп шығару, жалпы адамзаттық ынтымақтастыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушыларды өзбетімен жұмыс істеуге баулу, олардың   ойлау  қабілеттерін дамыту,  шығармашылықпен жұмыс істеуге  үйрету.

 

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Семантикалық карта, слайдтар, физикалық приборлар,

бағалау парағы

Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі
  3. Білімді белсенді меңгеруге оқушыларды дайындау
  4. Жаңа білімді меңгеру кезеңі
  5. Жаңа білімді бекіту кезеңі
  6. Үй тапсырмасын хабарлау және оны орындау бойынша нұсқау беру

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә) оқу құралдарын тексеру

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару

  1. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі

(физикалық диктант)

  1. Сұйыққа батырылған денеге осы денені сұйықтан ығыстыратын …… күш әрекет етеді.

А) ауырлық                            В) қысым                      С) ығыстырушы

  1. Ығыстырушы күш …… тәуелді.

А) сұйықтың тығыздығы мен дененің көлеміне

В) сұйықтың көлеміне

С) дененің көлемі мен тығыздығына

  1. Ығыстырылған сұйықтың көлемі … …тең.

А) дененің тығыздығына тең

В) дененің көлеміне тең

С) сұйықтың тығыздығына тең

  1. Архимед заңының формуласы……

А) FA = ρc gvд           В) FA = ρд gvд              С) FA = ρc gvс

  1. Архимед күші …… бағытталған.

А) төмен қарай             В) жоғары қарай          С) жоғары, төмен қарай

  1. Дененің сұйық ішіндегі салмағы дененің ауадағы салмағынан …… кем болады.

А) архимед күшіне тең шамаға

В) ауырлық күшіне тең шамаға

С) қысым күшіне тең шамаға

  1. Егер …… болса, дене сұйыққа батады.

А) Fа >  FA            В) Fа =  FA                   С) Fа <  FA

  1. 8. Егер …… болса, дене сұйықтың бетіне көтеріледі.

А) Fа >  FA            В) Fа =  FA                   С) Fа <  FA

  1. Егер …… болса, дене сұйыққа толық батып оның ішінде жүзіп жүреді

А) Fа >  FA            В) Fа =  FA                   С) Fа <  FA

  1. Беттік керілу күші …… әрекет етеді

А) сұйықтың бетін ықшамдауға

В) сұйықты ығыстыруға

С) сұйықты жаюға

 

III. Жаңа білімді меңгеру кезеңі.

Әркім – ақ жапырақ бетіне, парафин жағылған қағаз бетіне тамған су тамшысы шар пішінін алатынын, ал таза әйнек бетіне жұқа қабат жасай жайылып кететінін біледі. Егер серіппеге ілінген шыныны суға батыратын болсақ, шыны астындағы  су қабатына  екі күш әрекет етеді.

Біріншіден, шыны бөлшектері тарапынан жоғары қарай бағытталған күш,

Екіншіден,  судың төменгі қабаттарындағы молекулалар тарапынан төмен қарай бағытталған күш. Шыныны жоғары көтергенімізде, судың осы жоғары қабаты төменгі қабатынан ажырайды да, су пластинаға жұғып, онымен ілесе жоғары көтеріледі. Бұл беттік қабаттағы су молекулаларының әйнекке тартылысы су молекулаларының бір – біріне тартылысынан басым екенін көрсетеді, яғни су шыныға жұғаді. Бұл құбылыс жұғу деп аталады.

Жұғатын сұйықты жұқпайтын сұйықтан оңай ажыратуға болады. Ол үшін қатты дене бетіне сұйықтың бір тамшысын тамызса жеткілікті. Сұйық қатты дене бетіне жұғатын болса, онда сұйық тамшысы оған жайылады, ал жұқпайтын сұйық жайылмайды.

Жұғу құбылысының өндірісте де, күнделікті өмірде де айтарлықтай маңызы бар. Сабындардың және синтетикалық ұнтақтардың жуғыштық қасиеті де осы жұғу құбылысына негізделген.

Шақпақ қант, сорғыш қағаз, сүлгі т.б денелер өзіне суды жақсы сіңіретінін білеміз. Мұны қалай түсіндіреміз? Осындай денелердің барлығында өте жіңішке түтікшелер тәрізді көптеген ұсақ өзектер болады. Мұндай түтікшелер қылтүтіктер деп аталады.

Жіңішке түтікшелерде сұйықтың еркін беті қисық болады. Мұндай қисық бетті  меникс деп аталады. Егер сұйық қылтүтік қабырғасына жұғатын болса,  онда мениксінің пішіні ойыс, ал егер жұқпайтын болса, дөңес болады.

Жіңішке шыны түтікшені суға батырайық. Онда су оның бойымен тез көтеріле бастайды. Түтікше неғұрлым жіңішке болса, судың көтерілу биіктігі де соғұрлым жоғары болады. Неліктен олай болады?

Сұйық түтік бойымен неғұрлым жоғарырақ көтерілген сайын оған әрекет етуші ауырлық күші де артады.  Сұйық оған әрекет етуші ауырлық күші беттік керілу күшіне теңескенше көтеріледі. Сондықтан беттік керілу күші өте жіңішке деген түтікшелермен көтерілгенде ғана айқын байқалады.

Егер сұйық қылтүтік қабырғаларына жұқпайтын боса, онда беттік керілу күшінің әрекетінен сұйық деңгейі төмендейді.

Осындай қылтүтіктер бойымен сұйықтың көтерілуі немесе төмен түсуі кезінде байқалатын құбылыстар қылтүтіктік құбылыстар деп аталады.

Сұйықтың қылтүтіктік көтерілу биіктігін

 

 

 

Формуласы бойынша анықтауға болады.

Сигма – қылтүтік жасалған заттың және сұйықтың тегіне байланысты болатын беттік керілу коэффициенті,

ρ=сұйықтың тығыздығы,

r=қылтүтік радиусы

Бұл формуланы жұқпайтын сұйық үшін де қолдануға болады, тек бұл жағдайда сұйықтың төмен түсуі туралы айтылады.

 

  1. Жаңа білімді бекіту кезеңі.
  2. Семантикалық карта

 

  1. Сорғыш қағаздың бір шетін суға салып, су қандай биіктікке көтерілетінін өлшеңдер. Жұмысты орындап, судың көтерілу биіктігі бойынша қағаздың қылтүтіктерінің диаметрін бағалаңдар.

 

  1. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстарға байланысты қандай мақал – мәтелдерді білесің, физикалық мағынасын аш.

а)  Қазанның күйесі жұғады,

Ақымақтың бәлесі жұғады.

ә) Күріш арқасымен күрмек су ішеді.

б) Қатты жерге қақ тұрар, қайратты ерге бақ тұрар

с) Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы

 

  1. Ата-бабамыз көктемде жерді неліктен жыртатын болған. Себебі, топырақ қабатында тапталып қалған және кейбір жерлерде ұсақ жарықшақтар-қылтүтіктер пайда болады. Олардың бойымен су топырақтың төменгі қабатынан жоғарғы қабатына көтеріліп, тез кебе бастайды. Топырақты жыртқанда қылтүтіктер бұзылып, ылғат топырақта ұзақ сақталады. Өсімдіктер мен ағаштар бойындағы қылтүтіктер жүйесімен нәрлі заттар тарайды.
  2. Есептер шығару

 

  1. V. Үйге тапсырма беру және бағалау