Достық қымбат өмірде

Достық қымбат өмірде

Мақсаты: Оқушыларды достық қатынасқа, бірін бірі сыйлауға , достықтыберік сақтауға, досқа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, суреттер.

Барысы: І Қызығушылығын ояту кезеңі   

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару Шаттық шеңбері

Арайлап атты жаңа күн

Шуағын шашып баршаға

Қане, досым күлімде

Қуаныш орнасын жүзіңде

Біз балдырған тең басқан

Дос құшағын кеңге ашқан

Тілегіміз әділдік, достық

Ашық болсын кең аспан!

Бір-бірімізге күлімдеп қарап, орнымызға отырайық

           Балалар қазір сендермен экрандағы сөзжұмбақты шешіп көрейік.

ДАОАСАТАЫАҚАҚАЫАМАБАААТА ӨАМАІАРАДАЕА

Аәрпін алып тастасақ сабақтың тақырыбы шығады. –Жарайсыңдар!

Досым саған сенемін, сеніп өтем

Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен

Достық деген өмірдің көрігі екен

Достық  дегена дамның серігі екен- деп М.Мақатаев атамыз жырлағандай ,біз бүгін дос,достық туралы айтамыз.

І топ –Ынтымақ  ІІтоп-  Бірлік тобы

ІІ Миға шабуыл «Дос» дегеніміз-

Достықтың ең жаман қасиеттері

Шын дос қандай болу керек?(постер қорғау)

Адамдар арасындағы байланыс  Жүрек  Шеңбер

Сонымен дос деген сөздің мәні бір сөзбен шектелмейді екен. 

«Дос табу» ойыны
Мақсаты: Достық байланысын сезінуге және орнатуға үйрету.
Балалар екі топқа бөлінеді. Бір топтың көзін байлап, бөлменің ішінде қозғалып, бір-бірін табу ұсынылады. Қолдың көмегімен шашты, киімді, қолдарын сипау арқылы білуге болады. Досы табылса, ойыншылар рөлдерімен алмасады.

Дос болу киелі ұғым Ертеде дос болу үшін ер азаматтар мал құдайы жасап, малды бауыздау қанынакөйлектерін батырып, көйлек ауаыстырып киіп, жүректерін түйістіріп,ырым дасаған. «Кеуделері түйіскен, қанды көйлек киіскен» достардың бұл ырымы достықты сатпаймыз деп серт бергендігін көрсетеді. Скифтер дос болу үшін арнайы келісімшартқа отыратын болған. Дос болуға ықылас білдіргендер қылышпен саусақтарынан қан шығарып, бір ыдысқа құйып, ант қабылдаған. Осыдансоң оларды ешкім де, еш нәрседе айыра алмайды деп сенген.

Достық әдеп,сыйласым

Жос-өмірлік қимасың

Дос арыңдай қымбатты

Достық сезім тым тәтті.

Достық-игі жақсылық

Достық  ниет жақсы үміт

Достық жасап адамға

Достаса біл әманда.

«Менің достарым» ойыны
Мақсаты: баланың топ ішіндегі өзароа қатынасын анықтау.
Жүргізуші бір-бірінің суретін салуды ұсынады. Балалар өз достарын адам түрінде, сонымен қатар аңдар, құстар, гүлдер, ағаштар және т.б. түрінде салуы мүмкін. Тапсырманы орындағаннан кейін, балалар суретті талқылайды және сұраққа жауап береді, мұнда не салынған?

Шығармашылық жұмыс  (әуен ойналады)   Жүрекше дайындау  2мин

Енді балалар біздер жалғыз емес екенімізді жүректерімізідң бір екенін білдіре отырып, мына тұрған әдемі де үлкен жүректің қасына  өзіміздің дайындаған кішкене жүрекшелерімізге өз есімдеріміңді жазып, тату-тәтті дос болайық , достарымыз көбейе берсін деген ізгі ниетпен қосып қояйық.

-балалар біз бүгін татулық бар жерде достық туындайтынын ұғындық. Татулық бар жерде достықтың, бірліктің сыйластықтың болатынын білдік.

Жүректен жүрекке  «Жүрек жылуы» тренинг

Балалар қараңдаршы мына сиқырлы түрлі түсті баулар арқылы мен сендерге жүрегімінің жылуын беріп тұрмын. Қане, оң алақанымызды дүрегіміздің тұсына өойып,лүпілдеп соққан кішкне жүрегіміздің дүрсілін тыңдайық. Жүректеріңнің соғысын сезесіңдер ме?

Біздің жүрегіміз қандай, не деп соғады екен?

ХОРМЕН:  Бәрі маған байланысты. Бәрі менің қолымда!

Достық ережесі
Қорытынды да балалар «Достық ережесінің» кейбір ережелерін амал-тәсілдерін топтайды.
— Бір нәрсе жасай білсең, жолдасыңа көмектес және оған үйрет.
— Егер жолдасың қайғыға тап болса, оған қолыңнан келгенше көмектес.
— Досыңмен бөліс, ең жақсысын досыңа бер.
-Жолдасыңның сәттілігіне қуана біл.

Қорытынды Құс қанатымен, адам –достарымен мықты.  Абай атамыз айтқандай шын дос болу бақыт Достық қымбат өмірде. Өмірде жаңныңды түсінетін, саған қиындық туғанда көмектесе алатын әрдайым арқа тұтатын ең сенімді адамың ол сенің досың.

ӘН: Дос болайық бәріміз