«Түркістан- киелі орындар мекені».

Бекітемін___________________01.09.2018ж

Сыныбы :3

Жалпы тақырып : Қазақстаным-жүрегім,Түркістаным тірегім!

Сынып сағатының  тақырыбы: «Түркістан- киелі орындар мекені».

Мақсаты – қазақстандық даму бағытында патриоттық үлгіде  өздерін көрсете  және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу. Сонымен қатар, Түркістандық жастардың жаңа міндеттерін айқындай отырып, туған жерге деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру. Қоғамдық сананы жаңғыртудағы білімнің салтанат құруына,  бәсекеге қабілеттілігіне назар аудару.

Кешенді міндеттері:

— білім алушылардың жаңа білімді, ақпараттық ресурстарға сүйене отырып зияткерлік қажеттіліктерін меңгеруін қамтамасыз ету;

— білім алушылардың ұлттық рәміздер, негізгі құндылықтар, жаңа қазақстандық патриотизм, мәдени-генетикалық код, жаңғырту, ұлттық сана, «білімнің салтанат құруы» ұғымдарын меңгеруге көмектесу;

— білім алушылардың зерттеу, шығармашылық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту;

— білім алушыларды зияткерлік және шығармашылық, эстетикалық қабілеттерін дамыту;

—  жастардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру;

— өлкетанушылық бағытта өз өлкесін құрметтеу мен қамқорлық танытуға  бағыттау;

— түркі дүниетанымындағы Түркістанның маңызын, құрметін арттыруды  қалыптастыру;

– Қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру.

Көрнекілік: проектор,слайдтар, видеофильмдер.

Сабақтың арқауы: Киелі орындардың тарихи маңызы білім алушылар өз бетінше Киелі орын ,Қожа Ахмет Яссауи кесенесі,Түркістан туралы ойларын ортаға салады.Сонымен қатар жас ерекшелігіне сай топтық,жеке жұмыстар жүргізеді.Сабақта слайд-презентациялар жасап,бейнефильм көрсетіледі.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Балбұл жанған гүл шағында,

Біз Отанның  ұланымыз.

Бақытты елдің құшағында

Білім алу – ұранымыз!

«Сан сауалдар» кезеңі

Сабағымызды сұрақ –жауап сәтімен бастағым келіп отыр.

  • Біз қай мемлекетте тұрамыз?(Қазақстан)
  • Мемлекетіміздің президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)
  • Әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.

Біздің мемлекеттің рәміздерін білеміз бе?(Ту,елтаңба,әнұран)

«Сен білесің бе?» кезеңі

Қазақ елі аңсаған тәуелсіздігіне 1991 жылы 16 желтоқсанда қол жеткізді.

Еліміз Туымен тұғырлы,Елтаңбасымен еңселі,Әнұранымен айбынды – деп айтамыз.

-Еліміздің астанасы қай қала ? (Астана)

Тәуелсіз мемлекет құру және оның жаңа астанасын таңдау бақыты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бұйырды.1998жылы 6 мамырда жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді.1998 жылы 10 шілдеде Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық тұсауы кесілді.

1998 жылы  ЮНЕСКО- ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп,медальмен марапатталды.
Рухани дүние астанасы Түркістан екенін білеміз.

Сабағымызды бастамас бұрын бейнежазбаға назар аударамыз.(Түркістан)

Түркістан Шығыс тарихында әрдайым маңызды орынға ие болған. Ол Қазақстан және Орта Азия тұрғындарының рухани орталығына айналған. Х ғасыр жазбаларында қала ертеректе Яссы және Шавғар деп атанған екен, кейін Түркістан деп өзгертілген. «Түрік» сөзінің мағынасы батырлық, ержүректік деген мағынаны беретін болса, ал «стан» парсы тілінен ел немесе халықтарды біріктіру деп аударылады. Бұдан «Түркістан» қаласының атауын «Батырлар елі» деп талдауға болады

«Түркістанға «тек қазақ елінің ғана емес, бүкіл түркі жұртының зиярат жасайтын қастерлі орны» деп баға берген Елбасы оның рухани өмірінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің үлкен орны бар екенін, тарихы терең Түркістанның туризм үшін де маңыздылығы ерекше екендігін және қаланың тоғыз жолдың торабында орналасуы сыртқы және ішкі туристер мен жергілікті тұрғындар үшін қолайлы екендігін баса айтты, демек осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану қажет», — деді облыс әкімі Ж.Түймебаев.

ІІ. Мағынаны таны кезеңі

Топпен жұмыс (Топ атауларының тарихы жайлы қорғау)

І –топ «Түркістан » тобы

ІІ- топ «Созақ» тобы

ІІІ- топ «Астана »  тобы

 

Қорытындылау

Астананың 20 жылдығы ,Созақ ауданының 90 жылдығы,Түркістан облыс орталығы болуына орай өлең жолдарын арнайық.

Кері байланыс

«Инсерт» әдісі бойынша:

 

Мен білемін Мен білмеймін Мен үйрендім