« Қазақтың бір тойы Наурыз »

Ұлыстың Ұлы күні Наурызға арналған

мерекелік кештің бағдарламасы

 

 

 

« Қазақтың бір тойы Наурыз »

( Мерекелік кеш )

Кітапхана іші мерекеге сай безендірілген. Күй ойнап тұрады .

 

Кітапханашы: Сәлематсыздарма ,Құрметті оқырмандар!

Наурыз келсе құт келгені , халайық!

Есік ашып, шашу шашып, Ел боп қарсы алайық ,-  деп жылда қарсы алып,тойлайтын жыл басы , Ұлыстың Ұлы күні -Наурыз тойымызда әне-міне дегенше келіп қалды . Жақсылыққа жаршы болған Наурыз той  құтты болсын, Ағайын !!!

Еліміз Ұлыстың Ұлы күнін заң арқылы мемлекеттік мәртебе беріп 3 күн атап өтетін болды соңғы жылдары . Бұл ресми түрде бекітілуі Ұлыс ең алдымен қазақтың мәдени мұрасын ұлықтап, ұлттық құндылықтарымызды ерекше қадірлеудің айғағы болып отыр . Қыстың қаһары қайтып, жер –жаһан қайта түлейді , дүние жаңарады .Шуағын шашқан көктемнің нұрлы шапағаты Наурызбен бірге тіршілікке шаттық сыйлайды .Бұл мерекеде ақ кимешегін киіп әжелер шашу шашып, келіндер қымызын сапырса ,ақсақалды аталар әңгіме дүкен құрып ,қолына домбырасын алса ,бозбалалар боз кілем үстінде бақ сынасса , қылықты қыздар алтыбақанда сызылта ән салса , еліміздің сәні осы емеспе !?

Қазақтың ұлттық әдеп-ғұрпы , салт-дәстүрлері мен  наурыз көже, наурыз бата, наурыз жұмбақ, наурыз тілек сияқты өзіндік жөн-жоралғылары бар, Ұлыстың  ұлы күні -Наурыз мерекесімен құттықтау сөз кезегі Амантоғай ауылдық округ әкімі  — Илиясов Жұманияз Рахымбекұлына беріледі .

(Әжелер шашу шашады , наурыз көже үлестіріледі . Бір ән орындалады . ауылдың қарт қариясы бата береді .)

Кітапханашы :

Енді осы халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша « Әз болмай ,мәз болмайды»деген ұғыммен қоса 21 наурыз –Қыдыр атамыз келетін Қыдыр түннен басталатын Наурыз мейрамының тарихына тоқталып өтсек, Мен әуелі сіздерге бір сұрақ қойып өтейін  « Әз болмай –мәз болмайды »-деген сөздің мағынасын кім айтып берер екен ? Көпшілікке сұрақ , бірнеше адамның ойын тыңдап ,жауабының дұрысын айту керек .

Жауабы :« Әз болмай –мәз болмайды деген сөздің мағынасы 22 наурыздан 3 күн бұрын қатты гуіл –дыбыс өтеді дейді , ол гуілді қой ғана сезеді екен,сезсе қойшы сезеді дейді . әз болмай мәз болмайды деген ұғым осыдан қалған екен.»

Рахмет сіздерге ,бұл кейінгі жастардың есінде жүрсін деген ниетте қойылған сұрақ еді .

Жаңа Наурыз мерекесінің тарихына тоқталып өтсек  деген едім .

Бұл Наурыз мерекесін ең алғаш ресми түрде бекіткен қоғам қайраткері, тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орта Азия мен Шығыс халықтарына сіңірген ұланғайыр еңбегі бар –Тұрар Рысқұлов атамыз .Т.Рысқұлов Түркістан Республикасы Кеңесінің Орталық атқару комитетінің төрағасы кезінде 1920 жылы 20 –наурызда комитеттің арнайы мәжілісін шақырып, 22-Наурызды бүкілхалықтық мереке- Ұлыстың Ұлы күні ,-деп жариялау туралы өзі даярлаған бұйрықты қабылдауды ұсынады .Комитеттің кейбір мүшелері бұл мерекенің ислам дінімен байланысты екендігі туралы айтып дау туғызбақ болған кезде , Т.Рысқұлов ондай пікірге нақты дәлелдермен қарсы жауап беріп, Наурыздың Түркістан халықтары үшін жаңару ,бейбітшілік  сипаттағы мәні зор мереке екендігін түсіндіріп ,. Сөйтіп 22-Наурыз –Түркістан Республикасының күнтізбесінде демалыс күні деп белгіленіпті .Міне осылай өмірге келген Ұлттық мерекеміз 1926 жылға дейін тойланып, одан кейін халқымыздың басына қиын заман орнап,ұлтымыздың зиялы қауымы саяси қуғын-сүргінге ұшырап,  тоқтап қалды да ,1988 жылдан бастап өмірге қайтадан келді, халқымыз ресми түрде  қайта тойлай бастады

Міне осындай тарихи маңызы бар Ұлттық Наурыз мейрамы халқымыз-дың ең сүйікті,жалпы ұлттық мейрамына айналды  .Ата –бабалырымыздан келе жатқан игі дәстүрлер — әр халықтың басты қазынасы болып табылады .Бұл күн тек көк-темнің ғана келуі емес,бейбітшіліктің ,ізгіліктің және мейірімділіктің салтанаты және туыстар мен жақындарға арналған күн .Наурыз мерекесі өмір салтанатын бейнелейді және наурызда тамаша халықтық салт-дәстүрлер іске асырылады .

Бұл жарқын мереке әр үйге және әр отбасына қуаныш,тыныштық өзара түсінушілік әкелсін . Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын !

Келесі кезекте  оқушыларының әдеби-сазды бағдарламасын тамашалайсыздар .

9 сынып қыздарының ұлттық нақышқа қойылған « Сәукеле » атты биін қабыл алыңыздар

Кітапханашы : Наурыз- көктемнің, бірліктің, татулықтың ,еңбектің, бір-біріне қошемет көрсету, ән мен күй, би, ынтымақ мерекесі  ретінде тойла-нып жүр. Осы күнге байланысты  қазақтың ұлттық әдеп-ғұрпы , салт-дәс-түрлері мен  наурыз көже, наурыз бата, наурыз жұмбақ, наурыз тілек сияқты жөн-жоралғылары бар Бұлардың бәрін кеңінен оқып танысу үшін  құрметті оқыр-мандар сіздердің назарларыңызға кітапханада осы Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған « Қош келдің ,Наурыз » атты кітап көрмесін ұсынамын, өздеріңіз көріп ,танысуға болады . Міне өздерің көріп тұрғандай бұл кітап көрмесінде -Наурыз, Қош келдің наурыз, Наурызнама, Адалбақан , Жаңа дәстүр , жаңа салт, « Ата мұраң –асыл қазынаң » тақырыбында жазылған  бірнеше кітаптармен қатар бұл көрмеге кітап қорына жаңадан келіп қосылған жаңа әдебиеттер де  бар, мысалы:

-« Мәдени мұра » бағыты бойынша  « Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары »1 және 2-ші том ,- Алматы , « Арыс », 2005.-328б+24сур. Бет.

Сол сияқты  өз халқының мәдениеті мен этнографиясын танып ,білгісі келетін оқырманға ұсынылатын тағы бір жақсы туынды , ол, Сейіт Кенже-ахметовтың « Жеті  қазына » деп аталатын 1-2-3 –кітабы .- Алматы: « Ана тілі », ЖШС, 2007.- 136б

Көрнекті ақын ,әдебиет зерттеушісі Асқар Егеубайдың « Тайқазан »дас-тандар мен өлеңдер жинағы .

Сол сияқты Наурыз мерекесін заманға лайықты жалпыхалықтық деңгейде атап өту мәселесін көтерген С. Ерғали ,- Нау мен Ырыс :- Алматы: « Қазығұрт »,-2011.-184б.

Әдебиет зерттеушісі Бейбіт Сапарұлының «Адалбақан » атты кітабы және

Қазақи салт –дәстүр мен бірнеше тойлар ,қазақи бата-тілектер жазылған кітап-тармен таныс болдыңыздар .

Кітапханашы : Енді сіздер 4 сынып оқушыларының қатысыуымен қазақтың «Бастаңғы » атты дәстүрге қойылған биін тамашалайсыздар (ауыл үлкендерінің қыдырып кетуі ,ауыл жастарының бастаңғы жасауы, кел-сақинам кел  , Ақсүйек ойындары көрсетіледі .)

 

Енді ортаға бір топ келіншектерді шақырамын , Кәзір ұлттық ойынымыздың бір түрі арқан тартыс ойынын өткізіп жіберейік .

Ойынға шыққан топ мүшелеріне сый –сыйапат жасалды .

Міне біз бүгін сіздермен  кітапханада  осылай Наурыз мерекесін атап өттік .

 

Құрметті оқырмандар, осымен Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында  оқырмандарымыздың қазағымыздың әдеп-ғұрып ,салт –дәстүрі  мен халқымыздың мәдениеті мен әдебиетіне  деген қызығушылығын арттыру және көбірек көңіл бөлу мақсатында өткізілген іс-шарамыз осымен соңына жетті. Уақыт тауып келгендерің-ізге рахмет айтамын. Келесі кездескенше сау –саламатта болыңыздар.

Пайдаланған әдебиеттер:

1 .  Наурыз –жыл басы ,- Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар,- № 3, 2007,-

2-9 беттер.

  1. С. Ерғали ,- Нау мен Ырыс :- Алматы: « Қазығұрт »,-2011.-184б.