Дәріс тақырыбы Ермексазбен жұмыс істеу технологиясы

Дәріс тақырыбы;

Ермексазбен жұмыс істеу технологиясы , /іскерлік дәріс/

Мақсаты: Ермексазбен жұмыс істеудің әдіс-тәсілімен таныстыру. Қолынан іс келетін өнерлі, шебер болып өсуге баулу . Шеберлік өнерін дамыту.

І. Ұйымдастыру кезеңі:.

  1. Құрал жабдықтармен таныстыру. Ермексаз -жұмсақ, илеуге,созуға ыңғайлы материал. Сондықтан ермексаздан әр түрлі көлемдегі фигураларды жасауға болады. Ермексазбен жұмыс істеу үшін төмендегідей құрал-жабдықтар қажет.

Тақтайша, кескіштер, қолсүрткіш.құрал-жабдықтар салатын жәшік, не картон қағаздар

ІІ. Танысу тренинг.  

Оқушыларды шеңберге қойып, өз аттарын айтып, бірінші сол қолды көтеремиз, бір бірімізді сипаймыз керемет, екінші оң қолымызды көтеріп әдемісін,  сосын барлығымыз қолымызды көтеріп барлығы жеңіл болды деп басымызды сипаймыз, да келесі ойнға көшемиз онда балалар өз аттарын айтамыз қатты-қатты соны жалғастыра отырып балаларды шатастырамыз өз аттарынан,осылай танысу тренингі аяқталады.

ІҮ. Ермексазбен жұмыс .

Жұмыс істегенде үнемі ермексазды пайдалана бермейміз. Кейде ұсақ бөліктермен жұмыс істеу қажет болады.Ол үшін ермексазды ұсақ бөліктерге бөлу керек. Оны бөлудің екі тәсілі болады.1.Жіппен бөлу. 2.Пышақпен немесе арнаулы кескішпен бөлу.

Ермексаздан пішін сомдау. Алдымен ермексазды жұмсарту керек. Ол үшін екі алақанның ортасына салып домалақтаймыз.Жұмсарған ермексазды белгігі бір пішінге келтіреміз.Осы тәсілмен қарбыз, алма,алмұрттың пішінінне адамдардың бейнесін немесе әртүрлі аңдардың бейнесін сомдауға  болады.(Оқушылардың пішінді ермексаздан сомдауы.) Мүсіндеу – көркем өнердің бір түрі. Мүсін – кеңістікте жан-жақты бейнеленген, сомдалан көркем шығарма. Мүсінді «скульптура» деп атайды. Ол сөзді ең алғаш ежелгі римдіктер ойластырған. Мүсін әртүрлі материалдардан фарфордан, ағаштан, сүйектен тастан мүсіндері түрлі — түсті болып келеді.

Ү. «Кел ойнайық» сергіту сәті: 

  1. Өтірік айту жаман қасиет дегендерің, қол соғайық.
  2. Жақсы адам болғыларың келсе, орнымыздан тұрайық.
  3. Жалқаулық жаман қасиет дегендерің, отырайық.
  4. Бүгінгі сабақ ұнаса, аяқты еденге соғайық.

ҮІ.  Қорытындылау:Біз сендермен не жасауды үйрендік?
– Балалар, біз бүгін не үйрендік?
– Не білдік?
– Ермексаздан мүсінді қалай жасауға болады екен? Мүсін дегеніміз не?

Ермексазды созудың қандай тәсілдерін үйрендік?