Абай  Құнанбаев пен Ақылбек Шаяхмет шығармаларының   үндестігі

ММ «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімнің Физика-математикалық  лицейі..»

 

 

 

 

 

Абай  Құнанбаев пен Ақылбек Шаяхмет шығармаларының   үндестігі

 

 

Қазақ  әдебиеті

 

 

 

 

                       Авторы: Тибий Елизавета,

7 сынып, ММ «ФМЛ…», Қостанай қ.                                                      Ғылыми жетекшісі:  Самбулатова Г.Ш.,

қазақ тілі пәнінің мұғалімі ММ  «ФМЛ…»

 

 

2018 ж

 

Абстракт

  1. Тақырыптың өзектілігі – жерлес ақынымыз Ақылбек Шаяхметтің шығармаларының  ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларымен үдестігін айқындау.
  2. Тақырыптың мақсаты:

Ақылбек Шаяхметтің шығармаларымен танысып, Абай шығармаларымен үндес шығармаларын бөліп, салыстыра отырып зерттеу.

  1. Міндеттері  –
  2. ғылыми тұрғыда іздене білу,   шығармашылықты шыңдау;

2.Ақын жазушылардың үндес  шығармаларымен танысу, олардың  үндестігін айқындау,тәжірибелік тұрғыда  дәлелдеу.

  1. Шығармалардың тәрбиелік, патриоттық қырын ашып, үндестіре білу.
  2. Зерттеу кезеңдері :
  3. Ғылыми зерттеу жұмысына дайындық ғылыми жұмыстың тақырыбын таңдап, мән-мағынасын түсініп, жан-жақты ақпарат жинақтап, шығармаларымен танысудан басталды.
  4. Зерттеу кезеңі таңдап алынған тақырып бойынша ой қорытындылау,  тәжірибелік шолу жасаудан тұрады.

3.Тәжірибелік кезең –  ғылыми жұмыстың материалдарын  жинақтаудан, оған    қосымша ой қосудан тұрады.

  1. Зерттеудің жаңалығы: Абай шығармаларының өткен ғасырда туып, бүгінгі күнде жерлес ақынымыз Ақылбек Шаяхметовтың шығармаларымен жанданып жауабын тауып, үндесіп жатқанын бүгінгі оқырманға жеткізе білу.

Ғылыми зерттеу жұмысының құрылымы.  Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

 

 

 

Мазмұны

Абстракт…………………………………………………………………………………………………….3

Мазмұны…………………………………………………………………………………………………….7

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….8

1 Бөлім.Теориялық бөлім.

1.1.Абай Құнанбаев шығармашылығы……………………………………………..9

1.2.Ақылбек Шаяхмет  шығармашылығы……………………………………….

1.3.Ақылбек Шаяхметтің Абай шығармаларын  зерттеулері. Жұмбақ әлем сырын ашқан………………………………………………………………………………………….

 

2 Бөлім.Практикалық бөлім

2.1. Ақылбек Шаяхмет шығармаларының Абай шығармаларымен үндестігі….

 

Қорытынды ………………………………… ………………………………………………………….19

Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………………………………. 20 Қосымша материалдар………………………………………………………………………… 21-25

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Өмір көшіне ілесе білу, тарих тынысына құлақ түру, тамырын басу  зерттеу барысында   басты шарт десек, тарихи тұлғалар өмірінен деректер, өнегелік, тәрбиелік мәні зор шығармалар жергілікті ақын Ақылбек Шаяхметтің поэзиясында орын алған. Ақынның тілі шұрайлы, ойы орамды, тақырыбы өзекті. Жазушының туған жер туралы толғаныстарың, адам мен табиғат арасындағы байланыс туралы философиялық тебіреністерін, қазірғі заман тақырыбына арналған туындыларын  ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың мектебінен алған білімінің жемісі деуге  болады. Сондай  үндес шығармаларын тақырыбы, мазмұны мен құрылымы жағынан жалғасын тауып үндесіп отырған Абай Құнанбаев шығармаларына тереңірек тоқталайын.

Абай атамыз ел тағдырын ашып айтып тебіренсе, бүгін ақынымыз тілдің тағдырына дұрыс қарап, оның мерейін өсіру  қырын іздестіреді. Кеше Абай атамыз  «Қалың елім, қазағым қайран жұртым»  деп барша қазаққа үн тастап оның бүгініне  налып, ертеңін не болар деп қазақ елінің қамын ойлап  жазса,бүгінде Ақылбек аға елінің тәуелсіздігін мақтана жырлай отырып, өз шығармаларында ұлы ұстазы тұтатын Абай ақынның тілімен өз халқына    ұшқыр ойларын өлең-жырларымен жеткізіп отыр.  Ақылбек Шаямет халық даналығын өлеңдерінің негізгі арқауы етеді.

Халық ұғымында «табиғат» деген қасиетті сөз «туған жер», «өскен ел», «атамекен» деген мағынаны білдіреді. Ақын өз шығармаларында табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен адамзатқа тән адамгершілік қасиеттерін аңғартады. Мысалы: «Мөлдір бұлақ» пьесасында «осы таза бұлақтай мөлдір болайық, халықтың болашағы үшін қызмет істейміз деп ант етейік!…Ортақ мақсат жолында таза болайық. Әйтпесе болашақтан қарғыс аламыз. Жарық сәуле қараңғыны қақ жарып, бәрі-бәрін өз орнына қояды. Тазалық – денсаулықтың бастауы» — деген сөздері ұлы ақын Абай атамыздың үнінің жалғасы деп қарауымызға болады,қарап отырсақ бұл Абай атамыз аңсаған  мәңгілік адамгершілік тақырып.