Информатика, кеше, бүгін, ертең

Сабақтың тақырыбы: Информатика, кеше, бүгін, ертең

Сабақтың мақсаты: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру;
Ана тілі мен орыс тілінде, шет тілінде бірдей сөйлеу шеберлігін арттыру, информатика ғылымына бойлату;
Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд, компьютерлер, таратпа материал.
Қатысушылар: 3 — 4 сынып оқушылары.
Әділқазылар мүшелері: Бастауыш сынып мұғалімдерінен құралған мүше.
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар, әділ – қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Информатика кеше, бүгін, ертең» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Ойынға  3-4 сыныптан 6 оқушыдан қатысады.

1-топ. «Компьютер» 3 сынып оқушылары

2-топ. «Процессор» 4 сынып оқушылары

Жоспар:
I. Компьютер құрылғысын білеміз бе?
II. Адасқан әріптер
III. Физкультминутка
IV. Кім жылдам?
V. Қиықтар жинау
VI. «Қиялыңа ерік бер»

Мұғалім:
Жан достарым, мұны жақсы ұғайық
Информатика, құрметтеуге лайық
Тартысайық сайыста, күш жігермен
Тартысайық қимас біз, дос көңілмен — деп

1 – кезең. «Компьютер құрылғыларын білеміз бе?» Бұл кезеңде екі топқа жалпы сұрақтар қойылады, қай топ бірінші болып шарды  көтереді, сол топ жауап береді
1. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата?(жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан)
2. қағаздағы ақпаратты басып шығару құрылғыларын атаңыз?(принтер — басып шығарғыш)
3. Тінтуір  қандай құрылғы?(ақпаратты енгізу құрылғысы)
4. Ақпаратты экран бетіне шығару құрылғысы қалай аталады?
5. Қағаз бетіндегі ақпаратты компьютерге енгізу құрылғысы қалай аталады?( сканер)
6. Дыбыс шығару құрылғысы? (колонка)
7. Paint бағдарламасын қалай іске қосамыз? (пуск — все программы — стандартные — paint)
8. Компьютердің миы деп нені айтады?(жүйелік блок)
Мұғалім:
Ең қиынын жарыстың
Жеңіп алда жарыссын — деп

2 – кезең. «Адасқан әріптер» кезеңін бастаймыз

Бұл кезеңде кадасқан әріптерден информатика, АКТ  пәніне байланысты
Монитор ——— Торнимо
Компьютер ——— Пьютерком
Тышқан ———— Қантыш
Колонка ———- Каколон
Интернет ——— Тенинтер
Сурет ——— Терус
Бояу ——— Уяоб
Наушник ——— Никнауш
Мұғалім:
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға — деп

3 — кезең.

 «Физ минутка»
Сендер шаршаған шығарсыңдар. Енді аздап дем алып, кім түсініктерді ойында тыңғылықты сақтай алатынын тексерейік. Бұл ойын «3, 13, 33» деп аталады. 3 дегенде қолды созамыз, 13 десе қолды екі жаққа, ал 33 десе қолды жоғары көтеруіміз керек. Мұны дұрыс орындамағандар тобынан 1 ұпайдан кеміп отырады шығады.
Мұғалім:
4 — кезең. «Кім жылдам?» кезеңі

1-топ. «Компьютер»сұрақтары
1.Компьютерлік графиканың түрлерін ата(векторлық және растрлық)

2.Дыбыстың қандай түрлері бар?(табиғи және жасанды)

  1. Дыбыстың өлшем бірлігін ата. (децибел , біз сөйлескендегі шу 40-50 дб болады)
  2. Дыбыстарды зерттейтін ғылым қалай аталады?( акустика, грекше «естимін»деген мағынаны білдіреді)
  3. Дыбыстарды ойнатқыш программаны ата( windows media player)
    6. Қандай графикалық редакторды білесіңдер?

7.Суретті қалай сақтауға болады?( Файл-сохранить как)

  1. Сақталған суретті қандай командалар арқылы ашамыз? (файл-открыть)
  2. Paint графикалық редакторында дұрыс сурет салу жолдарын ата. (құрал таңдау,құралдың

Қалыңдығын-түрін таңдау, кескіннің түсін таңдау, фон түсін таңдау, сурет салу)

  1. Paint графикалық редакторы іске қосылғанда неше түс болады?( 2)

 

2-топ. «Процессор» сұрақтары:

  1. Графика дегеніміз не? ( грекше «жазамын, сурет саламын)деген мағынаны білдіреді
  2. Кабинеттегі техника қауіпсіздігінен 1 ережесін айт
  3. Paint графикалық редакторының терезе элементтерін атаңдар
  4. Суретті қайталап сақтау үшін қандай командалар орындаймыз?(файл-сохранить)
  5. Қандай мәтіндік редакторларды білесіңдер,іске қосылу жолын ата
  6. Пиксель дегеніміз не? (экрандағы ең кішкентай нүктелер)
  7. Paint графикалық редакторында дұрыс сурет салу жолдарын ата. (құрал таңдау,құралдың

Қалыңдығын-түрін таңдау, кескіннің түсін таңдау, фон түсін таңдау, сурет салу)

  1. Компьютер қандай құрылғы? (ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрылғы)
  2. Компьютерде сурет салған оңай әрі әдемі ме, әлде… (өз ойын айтады)
  3. Мәтіндік редакторда компьютерден дайын суреттерді қалай қоюға болады?
    Мұғалім:
    Әділ халқым берерсің әділ баға
    Өнері мен өренін салыстырып – деп

5 — кезең: «Қиықтар жинау»
Алдарындағы қиықтарды жинап құрастыру керек және оны бояу керек. Тез жылдам орындаған топқа  10 ұпай беріледі.
Мұғалім:
Тез жауап бер ойланып тұрып қалма
Мәреге таяп қалды бұл жарыста — деп 6 — кезең: «Қиялыңа ерік бер» деп аталады. Бұл кезеңде топтар өз арманындағы  «Болашақтың  компьютері»туралы 5-6 сөйлемнен тұратын эссе жазады немесе суретін салады
Қорытынды
: Әділқазылар жеңімпаз болған топты анықтау
Мұғалім:
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет!
Шын сезінген көрермендерге,
Мың рахмет, мың рахмет!