Химия пәнінен мектепішілік І тур олимпиадасы

Химия пәнінен мектепішілік І тур олимпиадасы

11  сынып

 

Оқушының аты-жөні: _______________________________________________________

 

р/с Тапсырмалар Жауабы Ұпай
1. Азоттың сутек бойынша тығыздығын және салыстырмалы тығыздығын анықтаңдар   3
2. Мыс (ІІ) оксиді мен мыстың қоспасына артық мөлшерде тұз қышқылы ерітіндісін құйып, сүзді. Сүзгіде не қалды, ерітіндіде не еріді? Реакция теңдеуі.

 

 

  3
3. Атақты ағылшын химигі және физигі Рамзай өткен ғасырдың соңғы кезінде алғаш рет жерден 20 см3 гелий үлгісін бөліп алады. Бұған дейін гелий спектрлік әдіспен Күннен табылған. Осы гелий үлгісінің массасын табыңдар.

 

  3
4.  Жылтыр қағаз жасауда қолданылатын барит ағартқыштарын алудың бір әдісі бар. Барий карбонаты болып табылатын витерит минералын тұз қышқылымен өңдейді. Одан алынған ерітіндіге күкірт қышқылын қосады. Барит ағартқыштарының құрамы қандай? Оларды алу реакцияларын жүзеге асырыңдар.   3
5. 513 г дистелденген суды 27г тұзда ерітті. Ерітіндіде еріген заттың массалық үлесін анықтаңдар.

 

 

  3
6. Кәдімгі шыны деп аталатын шыныда 13 пайыз натрий оксиді, 11,7 пайыз кальций оксиді, 75,3 пайыз кремний оксиді бар. Шынының формуласын табыңдар?

 

 

 

 

  5
7. Сүңгуір қайықтарда оттегін калий пероксиді  (K2O2) және натрий пероксидінен(Na2O2) тыныс алу кезінде түзілетін көмірқышқыл газы арасындағы реакциялар арқылы алады. Массасы 1 кг натрий пероксидінен оттегінің қандай көлемін алуға болады?   5
8. Дененің қышқыл күйдірген бөлігін алдымен сумен жуып, қалған қышқылды 2 пайыздық сода ерітіндісімен нейтралдау керек. Ал көзді 2 пайыздық ас содасымен одан соң қайтадан сумен жуған дұрыс. Осылай жасағанда не болады? Реакция теңдеуімен дәлелдеңдер.

 

  5
9. Мыс қоспасында Al және Mg элементтердің массалық үлесін анықтаңдар, егер 2,6 г қоспаны сілті ерітіндісімен әрекет ету кезінде 1,12 л Н2 бөлінді, ал сол қоспа массасына тұз қышқылын әрекет еткенде 2,24 л газ бөлінді.

 

 

 

  10
10. Қышқылмен 0,7 г кейбір екі валентті металл өзара әрекеттескенде 280 мл сутегі бөлінді. Осы металды атаңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10