Жол тәртібін білейік

Сабақтың тақырыбы: Жол тәртібін білейік!

                                                 

 

Сабақтың мақсаты: 1.Көшеде жүру тәртібі туралы түсінік беру.

Жаяу жүргіншіге арналған негізгі ереже

талаптарын айту.Көшені кесіп өту сырларын

түсіндіру.Бағдаршаммен реттеушінің белгілеріне

тоқталу.

  1. Айналадағы болып жатқан күнделікті тұрмыстық

Іс-әрекеттерді білгізу.Өз өміріне деген жауапкешілігін

арттыру.

  1. Қоғамдық тәртіпке мойынсынуға тәрбиелеу.

Сақтыққа, ережелерді қатаң сақтауға үйрету.

Көрнекілігі: жолда жүру ережесіне арналған плакаттар,суреттер,бағдаршам

ның үлгісі.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Жол тәртібін білейік,

Есен-аман жүрейік.

Бастаушы: Әрбір адам күніге жолды ең кем дегенде екі рет кесіп өтеді.Қоғамдық көлікпен жүреді немесе велосипед тебеді.Олар біздің жол қозғалысына қатысуымызға себепкер болады.Ал жол бойында кездейсоқ қатерге ұшырамау үшін жолда жүру ережесін жақсы білу керке.Жол жүру белгілерін түстеп айырып бағдаршамның нұсқауына бағыну керек.

1-оқушы.Сен көшеге шықтың.Жүріп келе жатқан адамдарға бөгет жасамау үшін әуеле сол жағыңа,содан кейін оң жағыңа қара

2-оқушы.Мектепке барар жолды не көшені барынша аз қиындықпен өтетін ең қауіпсіз жолды таңдап ал.

3-оқушы.Қала көшесімен келе жатқанда  абай бол! Асықпа!Тек тротуар мен

немесе жол жиегімен ғана жүр.

4-оқушы.Тар тротуармен келе жатқанда алдыңнан қарсы келе жатқан үлкен кісіге жол бер!

5-оқушы.Көшеде келе жатып қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең,күте тұр.Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт,машина есігін ашып қалуы мүмкін.

Жүргізуші:-Балалар,жаяу қай жермен жүруге болмайды?Машиналар жүретін үлкен көшемен жүруге болмайды.

6-оқушы.Бағдаршам-өмірімізді апаттан сақтайтын көмекшіміз,оның сырын біліп,тілін түсініп ерте кезден пайдалана бастаған.Қазір бағдаршамның жасы 100-ден әлде қашан асып кетті.Әрі оның кескін-келбетін де,құрылысы да әлденеше рет жаңарды.Ол жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.

 

 

 

 

Оқушылар кезектесіп бағдаршам туралы тақпақ айтады.Жүргізуші оның мазмұнына сәйкес қызыл,сары,жасыл түсті суреттерді көрсетіп тұрады.

7-оқушы.

Үш түсті түрі бар,

Жөн сілтер тілі бар.

Бағдаршам дегенің

Сырын жақсы біліп ал.

8-оқушы.

Қызыл көзі жанарда,

Тоқтай қал аманда.

Сары түс ескерту,

Дайын бол табанда.

9-оқушы.

Жасыл көз жарасты,

Алдыңнан жол ашты.

Өте бер асықпай,

Жолыңмен қарасты

Жұмбақтар шешу.

  1. Көзін ашып-жұмады.

Бағыт сілтеп тұрады.(Бағдаршам)

2.Ала таяқ ұстаған

Жол тәртібін нұсқаған.

Өмірді күзеткен

Ысқырығы күшті адам.

(Жол полиция қызметкері)

3.Үш көзді батыр,

Жолды аңдып жатыр(Бағдаршам)

4.Екі аяқты бір ізді,

Үстіне адам мінгізді.(Велосипед)

Жүргізуші:Балалар ,велосипедпен көшеде жүруге бола ма?

Оқушылар.Тек 14 жастан кейін ғана көшеде велосипедпен жүруге рұқсат

етіледі.

    Жүргізуші: Трамвай, автобус,машина артына жабысуға болмайды.Құлап апатқа ұшырауы мүмкін.Көшеде жол тәртібі ережесін сақтау туралы сөз одан әрі жалғасады. (көрініс)

Ойын.

Жүргізуші; — Бағдаршамның қызыл түсін көрсетсе оқушылар тыныш тұра қалады.Сары көзін көрсетсе,оң аяқтарын көтереді,ал жасылда аяқтарын топ-топ басады.

Тыйым салу белгілеріне түсінік.

11-оқушы. «Тоқтауға тыйым салу» көк бояуды көлденең қызыл сызық бөліп тұр.Барлық транспорт құралына мұндай жерде тоқтауына немесе бес минуттан көп аялдауына рұқсат етілмейді.

 

 

12-оқушы. «Велосипед  жолы» белгіде велосипед  суреті бар. Тек велосипедпен ғана жүруге болады. Тротуар болмаған жағдайда жаяу жүргіншілердің жүрулеріне рұқсат.

13-оқушы. «Трактор» жүруге тыйым салу қызыл жиекті дөңгелек ішіне трактордың алдынан қарағандағы суреті салынған. Ол барлық механикалық

транспорт құралдарының жүруіне тыйым салады деген  сөз.

14-оқушы. Жаяу өтетін жердегі сызықтар қатарластырыла қалың ақ бояумен жүргізіледі.Ол «зебра» деп аталады.Жаяу өту үшін арнайы сызықпен көрсетілген жерлерден немесе жер асты жолымен өткеніміз дұрыс.

15-оқушы. «Автомобильмен жүруге тыйым салу» Қызыл жиекті дөңгелек ішінде жеңіл автомобильдің алдынан қарағандағы суреті саланған.Ол барлық механикалық транспорт құралдарының жүруіне тыйым салады деген сөз.

16-оқушы.

Арманға алда күткен асығармыз,

Біз қалай толқын атпай асығармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!

17-оқушы.

Жалғайтын достастырып бар елменен

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға,

Ойынымыз басталады сәлемменен.

18-оқушы.

Емші атамыз бәрін де емдейді,

Ауырса адамда,аңды да емдейді.

Кәдімгі  мейірімді Емші атамыз,

Айтыңдар қанекей,оған кім келмейді!

19-оқушы.

Көзге шөп түссе де, шықсада сыздауық,

Емші атай емдейді сөйлесіп тіл тауып.

Қақсаған тісін де емдетіп тынышды,

Кәмпитті көп жейтін еркелер жылауық.

20-оқушы.

Жасама әсте ағаттық,

Аялдай тұр тағат қып,

Мынау белгі «Тоқта!»-деп,

Тұрады ылғи талап қып,

Байқап жүрсең байыпты,

Болмайсың еш айыпты

21-оқушы.- жүргізуші

Ататай,қараңыз,мына бір сұмдықты,

Маймаққа не болған,кім оны қынжылтты?

 

 

 

Емші атай:

-Маймағым не болды,жасыма айтшы өзің?

Неліктен  көкпеңбек,ісінген бас көзің?

Әлде сен тышқанмен күресіп жеңіліп,

Тұрмысың намыстан қорланып егіліп?

Емші атай аюдың басын таңып жатады.

Аю-(өксіп жылап жатады)

Айтайын мен сізге жасырмай шынымды-ай

Жармасып бал тасыр машина үстіне,

Домалап түстім де,шыңғырдым құлындай.

 

Емші атай:

-Бір сәтке тойынар деп-тәтті бал үшін

Тәртіпті бұзыпсың қарныңның қамы үшін!

Міне,енді еңіреп тұрғаның ұят-ақ!

Тәртіпте керек қой,білсеңші жан үшін!

Аю-(жалынышты дауыспен)

-Емші ата,жолдас инспектор,енді ешқашан бұлай машинаға жармаспаймын,

жолда жүру ережесін бұзбаймын.

22-оқушы.

Қай көше,қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жолда жүру ережесі-заңды тәртіп.

Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға,

Басталар әр қадамың атауменен,

Жолда жүру ережесін сақтауменен,деген өлең жолдарымен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.