Су еріткіш Суда еритін және ерімейтін заттар

Сабақтың тақырыбы: Су еріткіш.Суда еритін және ерімейтін заттар.

 

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға судың еріткіштік қасиетін түсіндіру.Тәжірибелер арқылы суда еритін және ерімейтін заттар туралы мәлімет беру.

2.Оқушылардың байқағыштығын,пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.Табиғатты аялауға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

3.Оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде баяндау,түсініп оқу,сауатты жазу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

 

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, ойын ойнау, жарыс.

 

Сабақтың көрнекілігі:Карта,тәжірибеге қажет заттар,суреттер.

 

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатымен таныстыру.Суда еритін және ерімейтін заттар.Суды еріткіш тұрғысынан қарау.Судың қасиеттерін анықтай түсу.

 

2.Үй тапсырмасын сұрау.

1.Судың қасиетін әңгімелету.

2.Қосымша сұрақтар қою.

 

3.Жаңа сабақ. Судың қасиеттерін айтып жатырсыңдар.Су картада көк түспен белгіленген.Су жердің ¾ бөлігін алады екен.Сусыз өмір жоқ.Адам өміріне ең қажет-жарық,ауа,су,жылу,тамақ.

 

4.Оқулықпен жұмыс.Оқушылар мәтінді өздігінен оқып.тапсырмаларға жауап дайындайды.

 

5.Қосымша тапсырма.

 

6.Су туралы мақал-мәтелдер айтқызу.

 

7.Жұмбақ шешу.

 

8.Сабақты қорытындылау.Оқушылардың білімдерін бағалау.

 

Үйге  тапсырма: Су еріткіш оқу. әңгімелеу.                                      

 

Бағалау.