«Қоғамды жаңарту шараларының қарқын алуы»
Сабақтың тақырыбы: «Қоғамды жаңарту шараларының қарқын алуы»
Күні:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Желтоқсан толқуларынан кейінгі елімізде қалыптасқан жағдай, 30-50жылдары жазықсыз жазаға ұшырағандардың ақталуы, тіл саясатының жаңаша жүргізіле басталуы хақында түсіндіру;
Дамытушылық: Қоғамды жаңарту шараларының қарқынды жүргізілуі жайында ой бөлісіп, пікір алмасу, қорытынды шығара білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Демократиялық ұстанымға баулу
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, СТО стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: портреттер, тірек-сызбалар
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, оқу құралдарын тексеріп, сабаққа ден қою
Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасын тірек-сызбалар арқылы тексеру
Мағынаны тану
Жоспар:
- Кадр саясаты
- Тіл саясатының жаңаша жүргізілуі
- Қайта оралған есімдер
Негізгі мағлұмат
1989ж –Г.В.Колбин Халықтық бақылау комитетінің төрағасына сайланды
1989ж маусым – ҚКП ОК І хатшылығына Н.Ә.Назарбаев келді
1989ж 22 қыркүйек – «Қазақ КСР-ндегі тілдер туралы Қазақ КСР-нің заңы»
1990-1991ж маусым – қазақ тілінде оқытатын 155 мектеп, 482 балабақша
1988ж – 1930-1950жж жазықсыз жазаланғандар ақталды:
- Ш.Құдайбердиев – ақын, философ;
- Ж.Аймауытов – жазушы, ғалым;
- М.Дулатов – жазушы, педагог;
- А.Байтұрсынов – тіл, әдебиет, саясат, журналистика саласында мұра қалдырған;
- М.Жұмабаев – ақын, саясташы, педагог
Ойтолғаныс
«Тіл саясатының дұрыс жүргізілуі қоғамдағы орнықтылықты сақтауға тікелей әсер етеді» тақырыбы аясында 5 минуттық эссе жазу;
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Қорытындылау
Бағалау
Үйге тапсырма беру:§31 оқу, қоғам және мәдениет қайраткерлері жөнінде кеңірек тануға бағытталған ізденіс жұмыстары тапсырылады