«Тапқыр достар»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

«№14 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Тапқыр достар»

            Сыныбы: 6-сыныптар

 

(Информатика пәнінен сыныптан тыс сабақ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Информатика пән мұғалімі

Сарсенбаева Гулмира

 

 

 

Түркістан қаласы

Пән аты:   Информатика

Сынып:    6 сыныптар

Өтілетін орын:  Мультимедиа кабинеті

Сабақ типі:  Қайталау

Түрі:   сайыс

Ойын мақсаты:

  • Оқушыларды ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
  • Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа оқушының жұмысын бағалауға үйрету;
  • Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;
  • Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тәрбиелеу.

 Білімділігі:       Информатика пәнінен алған білімдерін нақтылау.

Тәрбиелігі:   Информатика пәнін жақсы танып білуге, өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, жауапкершілікке, адамгершілік қасиеттерін шыңдауға баулу.

Дамытушылығы:  Информатика пәнінен алған білімдерін шыңдау, ой-өрісін кеңейту, байқағыштық, есте сақтау зеректік қабілеттерін дамыту.

Сабақтың құрал – жабдықтары:  компьютерлік слайдтар, стикерлер, А4 парағы

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

  1. Сынып тазалығы
  2. Қатысу
  3. Сайысқа оқушылардың дайындығы

Сабақтың өзіне тән ерекшелігі:  «Тапқыр достар» сайысы бірнеше кезеңдерден тұрады.

Сабақта қолданылатын сайыс кезеңдері:   I  «Таныстыру»

                                                                          II «Сен білесің бе?»

                                                                         III «Ойлан тап»

                                                                          IV «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

                                                                          V  «Кім жылдам?»

                                                                          VI «Қолқа салу»

 

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар. Біздің информатика пәнінен «Тапқыр достар» сайысын тамашалаңыздар!

«Батылдық-балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Бұл ойынға 3 топ қатысады.

1-топ Алғырлар

2-топ Ойшылдар

3-топ Тапқырлар

Бүгінгі топтық сайысымызға әділдік ететін әділ-қазылар алқасымен танысыңыздыр!

  1. ____________________________________________________________
  2. _____________________________________________________________
  3. _____________________________________________________________

Қазақ деген халықтың баласымыз,

Алда талай алынар бар асуымыз.

Арман жолы қиын жол, бақыт жолы,

Мүмкін емес бұл жолда адасуымыз, — дей отырып сайысымыздың бірінші кезеңін бастаймыз.

І-кезең «Таныстыру»

Үш топ өздерін таныстырады. Берілетін ұпай 1-10 ұпай арасында.

«Шақырамыз келіңіздер жарысуға,

Күш, өнер, білімменен  алысуға.

Бар өнерді салыңыздар ортамызға,

Ал  қанекей шығыңыздар сайысуға.

Алғырлар мен ойшылдар және жүйріктер

Бар өнерін алдарыңызға салады,

Кім білімді, кім оқыған болса егер

Бүгінгі күн жеңімпазы болады» —

дей отырып, үш топты ортаға шақырамыз.

Үш топ өздерін компьютердің бір құрылғысына теңеп таныстырады.

 

ІІ- кезең «Сен білесің бе?».

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен, — дей отырып сайысымыздың екінші  кезеңін бастаймыз.

Дұрыс жауап 10 ұпаймен есептелінеді және жауап бере алмаған топ болса, онда оған қарсы топ, жауабын айтуға болады. Онда, ұпай саны дұрыс айтқан топқа беріледі.

І-топтың сұрақтары:

  1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі? (Бит)
  2. 1 Кб неше байт бар? (1024 байт бар)
  3. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата? (Жүйелік блок, монитор, пернетақта)
  4. Ақпаратты қағазға шығаратын құрылғы? (Принтер)
  5. Алгоритмнің қанша түрі бар? (сызықтық, тармақталған, циклдық)
  6. Меңзердің оң жағындағы символды өшіретін перне? (Delete)
  7. Еуропалықтар есептеу құралын не деп атады? (Абак)
  8. Экран нүктелерін аралағыш? (Курсор)
  9. Программа арқылы басқарылатын, адам тәрізді іс-әрекет орындайтын машина? (Робот)
  10. Морзе әліппесі қандай таңбалардан тұрды? ( «.» нүкте және «-» сызықша)

ІІ-топтың сұрақтары:

  1. Ақпараттың ең үлкен өлшем бірлігі? (Йоттабайт)
  2. 1 байтта неше бит бар? (8 бит)
  3. Адамның көзі мен монитордың арақашықтығы қанша болу керек? (60-70 см)
  4. Әріптер мен сандарды енгізетін құрылғы? (Пернетақта)
  5. Меңзердің сол жағындағы символды өшіретін перне? (BackSpace)
  6. Ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (Компьютер)
  7. Ең алғаш ЭЕМ қай жылы, қай жерде жасалған? (1946ж АҚШ)
  8. Қытайлықтар есептеу құралын қалай атаған? (Суанпан)
  9. ASCII коды қандай бөліктерден тұрады? (Стандартты және баламалы бөліктер)
  10. Ақпарат «informatio» сөзі латынның қандай ұғымын білдіреді? (түсіндіру, баяндау, мәлімет)

ІІІ-топтың сұрақтары:

  1. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? (интерфейс)
  2. Ақпаратты қағазға шығаратын құрылғы? (принтер)
  3. Байт дегеніміз не? (8 биттен тұратын код)
  4. Компьютердің қосымша құрылғыларын ата? (модем, тышқан, сканер, принтер)
  5. Компьютердің миы? (Процесор)
  6. Өздігінен көбейетін және басқа программаларға жұғуға қабілетті шағын программа қалай аталады? (Вирус)
  7. Сурет салуға арналған қарапайым редактор? (Раіnt)
  8. Аналитикалық машина жобасын жасаған кім? (Чарлз Бэббидж)?
  9. Қытайлықтар есептеу құралын не деп атаған? (серобян)
  10. Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым? (информатика)

ІІІ — кезең «Ойлан тап».

Экранда топтағы бір оқушыға сурет көрсетіледі. Топтың басқа қатысушыларына сол суретте не жасырылғанын ыммен түсіндіреді.

1-топ: Принтер, тышқан, кактус, доллар

2-топ: Домбыра, монитор, телефон, Бәйтерек

3-топ: Пернетақта, пульт, сыйлық, диск

       IV-кезең «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Шарты: Сұраққа тек қана берілген әріптермен басталатын сөздермен жауап беру.

Р, М,Т,С,У

1-топ:

  1. Компьютер қандай?
  2. Бүгін қандай күн?
  3. Қандай информатиктерді білесің?
  4. Флешкаға не жазасың?
  5. Глобуста қандай ел бар?
  6. Досың қандай?

7.Ең дәмді тамақ қандай?

8.Қандай операциялық жүйелерді білесің?

9.Сенің машинаң қандай?

  1. Принтермен не істейміз?
  2. Көрермендер қайда қарап отыр?

12.Есікті қалай ашасың?

2-топ:

  1. Сенің атың кім?
    2. Жасың нешеде?
    3. Ең жақсы көретін тамағың?
    4. Сенің мектебің қалай аталады?
  2. Таңертең не жедің?
  3. Вирусты қалай өлтіресің?
    Сенің фамилияң қалай?
    8. Нешінші сыныпта оқисың?
    9. Мектепке немен келесің?
    10. Түнде аспанда не болады?
    11. Қандай пәнді ұнатасың?

12.Компьютермен қандай ойын ойнайсың?

3-топ:

  1. Ал сенің атың кім?
  2. Компьютерде көзің талса не істейсің?
    3.Алма тәтті ма?

4.Үлкендердің айтқанын тыңдайсыңба?

5.Қандай ақындарды білесің?

6.Мектебің ұнайма?

7.Қараңғыда гүл терген кім?

8.Сен қандайсың?

9.Қандай пәнді ұнатасың?

10.Бос кезіңде не істейсің?

  1. А4 парағын жеуге бола ма?

12.Сыйлық алсаң кіммен бөлісесің?

 

V-кезең «Кім жылдам». «Информатика», «Математика», «Физика» сөзінде бар әріптерден басқа сөз құрастыру.  Бұл кезең әр сөзге 1 ұпаймен есептеледі. Берілетін уақыт – 3 мин.

Көрермендермен ойын: К әрпінен келетін информатикалық сөздер айту: (компьютер, картридж, клавиатура, кактус, ксерокс, кбайт, калькулятор, компакт диск, курсор, копировать, контур, курсив)

 

VI-кезең «Қолқа салу».

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,

Дауыс беріңіз, білімді жас таланттарға.

дей отырып, әділ қазылар топтарға баға берсе. Топты бағалап  жеңімпаз топ жеңілген топқа қолқа салады. Жеңген топты «Мадақтама грамотасымен», белсенді қатысқан топқа «Ынталандыру грамоталарын» беріп марапаттаймыз.

Теректей тамырыңды жайып терең,

Жете бер жақсы күнге халықпенен.

Тулаған толқындардан тайсалмасын,

Ақпарат мұхитында алып кемең,

 

— дей отырып бүгінгі сайыс сабағымызды аяқтаймыз.

Ойынымызға келіп , қатысып , ортақтасып бірге көңіл көтергендеріңізге

мың  — мың рахмет!

 

 

Бағалау парағы

 

Топ 1-кезең 2-кезең 3-кезең 4-кезең 5-кезең Барлығы
«Таныстыру»

 

«Сен білесің бе?»

 

«Ойлан тап»

 

 «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

 

«Кім жылдам»

 

1-10 ұпай аралығында Дұрыс жауапқа 10 ұпай Дұрыс жауапқа

10 ұпай

1-10 ұпай аралығында Әр дұрыс сөзге

1 ұпай

Алғырлар            
Ойшылдар            
Тапқырлар            

 

Әділ қазылар алқасы:    1. __________________________________________

  1.       __________________________________________
  2. __________________________________________