«ҮЗДІК ИНФОРМАТИК»

«ҮЗДІК ИНФОРМАТИК»

Пән аты:   Информатика

Сынып:    7 «а» — 7 «б» сыныптары

Өтілетін орын:  Мультимедиа кабинеті

Cайыстың мақсаты:

Білімділігі: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды

оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру. Оқушылардың

шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау, информатика пәнінен

алған білімдерін нақтылау.

Тәрбиелігі:   Информатика пәнін жақсы танып білуге, жауапкершілікке, өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, адамгершілік қасиеттерін шыңдауға баулу.

Дамытушылығы:  Информатика пәнінен алған білімдерін шыңдау, ой-өрісін кеңейту, байқағыштық, есте сақтау, зеректік қабілеттерін дамыту.

Құрал – жабдықтары:  компьютерлік слайдтар.                                             

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Мектепішілік «Үздік информатик» сайысына қош келдіңіздер!

Құтқарып  ауыр  бейнеттен

Техниканы  үйреткен

Роботтай – адамды

Тіл  бітіріп  сөйлеткен

Компьютер  емей  немене

Білмегенді  білдірген

Өлшеп  киім  кигізген

Барлық  істі  атқарып

Пайдасын  елге  тигізген

Компьютер  емей немене

Бәріңіз  маған  қараңыз!

Сайысымызды бастайық

Алуан  түрлі  ойларды

Ортамызға  тастайық.

Информатика  пәнінен

Көрсетіп  біздер  батырлық

Ой  толғалық  жүйелі

Таңдайымызға  татырлық –

дей отырып бүгінгі  «Үздік информатик» сайысымызды бастаймыз.

Келдік міне, біз бүгін
Түсейік деп сайысқа.
Тайсалмастан жалықпай,
Келдіңіздер жарысқа.
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар.
Келетін топты халайық,
Қол соғып қарсы алайық!

Олай болса бүгінгі «Үздік информатик» сайысына қатысатын оқушыларды таныстырайық:

«Үздік информатик»  сайысы мына кезеңдерден тұрады:

1-кезең: Кім жылдам?

2- кезең:Тапқырлық

3- кезең: Ғажайып алаң

4- кезең: Жеті жұмбақ

5- кезең: Кім білгір?

6-кезең: Қиял әлемі

 

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап өтіп жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен

 

1-кезең: «Кім жылдам?»

/ 24 сұрақ қойылады, әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі/

1-бөлім соңында аз ұпай жинаған 2 оқушы сайыстан шығарылады.

1-сұрақ. Ақпараттың ең кіші өлшем бiрлiгi?   (бит)

2-сұрақ. Морзе әліппесі қандай таңбалардан тұрады? (нүкте және сызықша)

3-сұрақ. Адам қабылдайтын ақпарат қаншаға бөлінеді? (таңбалық, бейнелік)

4-сұрақ. Ақпарат сөзі латынның қандай сөзінен алынған? (informatio)

5-сұрақ. ASCII  коды қандай бөліктерден тұрады? (стандартты және баламалы)

6-сұрақ. Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым? (информатика)

7-сұрақ. Адам мен компьютер арасындағы қарым қатынас? (интерфейс)

8-сұрақ. 8 биттен тұратын код не деп аталады? (байт)

9-сұрақ. Адам ақпаратпен не істей алады? (сақтайды, өңдейді, жеткізі алады)

10-сұрақ. Сигналдар қандай болып бөлінеді? (аналогтық және дискретті)

11-сұрақ. 1 Кбайтта неше байт бар? (1024 байт)

12-сұрақ. Деректерде есепшоттың жасы қанша жылдар шамасында? (2000-5000)

13-сұрақ. Меңзердің сол жақтағы символды өшіретін перне? (Backspace)

14-cұрақ. Пернетақта неше бөліктен тұрады? (4 бөліктен тұрады)

15-сұрақ. Аты бар байттар тізбегі? (файл)

16-сұрақ. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)

17-сұрақ. Калькулятордың неше түрі бар? (2)

18-сұрақ. Windows дегеніміз не? (операциялық жүйе)

19-сұрақ. Келесі жолға өту пернесі? (enter)

20-сұрақ. Компакт-диск оқу құрылғысы? (CD-ROM)

21-сұрақ. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (компьютер)

22-сұрақ.Адам көзі мен монитор арасындағы арақашықтық қанша болуы керек? (70 см)

23-сұрақ. Жақтаулармен шектелген экрандағы тіктөртбұрышты аймақ? (терезе)

24-сұрақ. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы? (принтер)

 

 

2-кезең: Тапқырлық

 

Ғалымдар тарих КОМПЬЮТЕР әр түрлі
10 10 10 10
20 20 20 20
30 30 30 30

 

ҒАЛЫМДАР

10 -Компьютердің атасы. (Чарльз Бэббидж)

20 -19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым (Блез Паскаль)

30 -XVII ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген шотландиялық математик. (Джон Неппер)

ТАРИХ

10 –Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», деп атаған, ал, жапондықтар не деп атаған? (Серобян)

20 –Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырдан басталды? (XIX)

30 –Ада Лавлейс Бэббидж машинасына бағдарламасын қай жылы жазды? (1846 жылы)

КОМПЬЮТЕР

10 – ЭЕМ неше буынға бөлінеді?   (Бес буынға).

20 –Информатикаға анықтама бер.  (Ақпараттық процестерді зертейтін ғылым информатика деп аталады).

30 –Компьютердің іші жадының қандай түрлері бар? (Жедел және тұрақты жад)

ӘР ТҮРЛІ

10 –Компьютер деген не?   (Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы)

20 –Компьютердің негізгі құрылғылары.  (монитор, жүйелік блок, пернетақта).

30 –Сигнал дегеніміз не?   (Оның көмегімен адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын процесс).

 

 

3-кезең: Ғажайып алаң

/Экрандағы ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап беру керек. Ұяшықтардағы сандар бойынша ұпай беріледі/

 

 

1.Сол жақтағы – 5: Компьютердің миы деп нені айтамыз? (процессор)

  1. Оң жақтағы – 5: Ақпараттың ең үлкен өлшем бірлігі? (Гигабайт)
  2. Төменгі сол жақтағы – 5: жасырылған сурет
  3. Төменгі оң жақтағы – 5: жасырылған сурет
  4. Жоғарыдағы – 10: Принтерлердің түрлерін ата? (сия бүріккіш, матрицалық, лазерлік)
  5. Төмендегі – 10: Арифметикалық амалдарды есептейтін 1694 жылы Лейбинц ойлап тапқан машина (арифмометр)
  6. Сол жақтағы – 15: Дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасаған кім және қай жылы? (1642 жылы француз математигі Блез Паскаль)
  7. Оң жақтағы – 15: Аналитикалық машина жобасын жасаған кім және қай жылы? (1833 жылы Чарлз Бэббидж)

 

4- кезең: Жеті жұмбақ

(Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі)

 

  1. Бұтақ орнында мың бір инесі

Компьютер жаны мекені                     (кактус)

  1. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,

Түсі оның сұр, құйрығы ұзын

Ойланып, білгіш болсаң жауап берші                   (тышқан)

  1. Ақпарларды қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)

  1. Егер білсең айта ғойшы,

Бұл қандай құрылғы

Ақпаратты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді?              (сканер)

  1. Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады           (меңзер)

  1. Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек                     (монитор)

  1. Биологияда бұл паразит

Көзге зорға көрінер

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшер                 (бит)

 

5- кезең:Кім білгір?

(Сандардың астына жасырылған бағдарламаға байланысты сұрақтарға жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі)

1 – Рaint графикалық редакторы.

  1. Рaint графикалық редакторын іске қосу?

(Пуск-Все программы-Стандартные- Рaint)

  1. Рaint графикалық редакторының меню жолын атап шық.

(Файл-Правка-Вид-Рисунок-Палитра-Справка)

  1. Түстер палитрасының көмегімен неше түс таңдауға болады?

(екі түс таңдауға болады, бірі сурет салатын, екіншісі фон түсі)

  1. Рaint графикалық редакторында қанша құрал пайдалануға болады?

(16 құрал)

2-WordPad мәтіндік редакторы.

  1. WordPad мәтіндік редакторын іске қосу.

(Пуск-Все программы-Стандартные-WordPad)

  1. WordPad мәтіндік редакторының меню жолын атап шық.

(Файл-Правка-Вид-Вставка-Формат-Справка)

  1. Delete пернесінің қызметі? (меңзердің оң жағындағы символды өшіреді)
  2. WordPad мәтіндік редакторында мәтінді туралаудың неше түрі бар?

(1.сол жақ шеті бойынша, 2. ортасы бойынша, 3.оң жақ шеті бойынша)

3-Блакнот бағдарламасы.

  1. Блокнот бағдарламасын іске қосу.

(Пуск-Все программы-Стандартные-Блокнот)

  1. Блокнот бағдарламасының меню жолын атап шық.

(Файл-Правка-Формат-Справка)

  1. Жазылған мәтіннің шрифтін өзгерту үшін қандай команда орындалады?

(Формат-Шрифт)

  1. Блокнотта сөздердің арасын бөліп жазу үшін қолданылатын перне?

(Бос орын немесе пробел)

4-Калькулятор бағдаламасы.

  1. Калькулятор бағдарламасын іске қосу.

(Пуск-Все программы-Стандартные-Калькулятор)

  1. Калькулятордың неше түрі бар.

(Екі түрі бар: қарапайым және инженерлік)

  1. батырмасының қызметі?

(барлық ендірілген ақпаратты өшіреді)

  1. батырмасының қызметі?

(индикатордағы сандарды жадтағы сандарға қосады)

 

6-кезең: Қиял әлемі

Калған 2 оқушы Рaint графикалық редакторының көмегімен қалаған тақырыпта сурет салады. Берілетін уақыт 7 мин.

 

Тағы да үйренеміз аман болсақ!

Шыңымыз биік болар, білім қусақ

Теректей тамырыңды жайып терең,

Жете бер жақсы күнге халықпенен.

Тулаған толқындардан тайсалмасын,

Ақпарат мұхитында алып кемең,

  • дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Бүгінгі «Үздік информатик» сайысымызда өзінің білімділігімен, алғырлығымен алға шыққан

7 сынып оқушысы ______________________________________марапатталады.

 

Сайысымызға келіп , қатысып , ортақтасып бірге көңіл көтергендеріңізге мың  — мың рахмет!