АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ  БАЛАБАҚШАНЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУ

Кумарбекова Рысалды Кызырхановна

№100 балабақша-бөбекжайы

Қазақстан, Өскемен

 

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ  БАЛАБАҚШАНЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУ

Келер  ұрпаққа  қоғам талабына сай  тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс — әрекетінің ғылыми — педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселелердің бірі.

Оқу процесіндегі инновациялық модельдің құрылымын былай көрсетуге болады:

  • жалпы инноватикадағы инновациялық процесс идеялары;
  • педагогикалық инноватиканың пайда болуы, таралуы, педагогикалық жаңалықтарды меңгеру;
  • оқу процесі кезінде теориялық талдау жасау немесе іс — әрекет ретінде.

Инновациялық процесс оқу аймағында теориялық модельдің суреттелуі.

Инноватиканың басталуы: инновациялық процесс — инновациялық іс-

әрекет — инновациялық потенциал — инновациялық процестерді басқару.

Жаңалық  ғылыми — зерттеу құралы болып көріну үшін, олар ұйымдасқан, көпшілік қолдану, қарама — қайшылық болып қоғам өміріне өзінің қажеттілігін көрсету.

Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану; білім мазмұнының заман талабына сай болуына, балалардың болашақта қажетті білімді, толығымен  алуына  өздігімен меңгеруіне, өзін-өзі бағалай алуына, өз күшіне сенімділіктің болуына бағыттайды.

Олай болса:

І.Ақпараттық коммуникативтік технологиялар дегеніміз не?

2.Ақпаратгық коммуникациялық технологияның мүмкіндіктері қандай?

3.Білім беруді ақпараттандыру үрдісі қалай жүзеге асуда?-деген сауалдар әрқайсымыздың, жалпы педагогтар қауымын толғандырмай қоймайды.

Ендеше бірінші сауалға:ақпараттық-ақпарат,жаңалық,

коммуникативтік-байланыс, қатынас деген ұғымды білдірсе,технология- іскерлік,шеберлік ұғымдарын береді. Бір сөзбен «Ақпараттық- коммуникативтік технологиялар жеке тұлғаға  ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын,түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретін маңызды жүйе» деп айтуға болады.Осыған орай бүгінгі ұстаздар қауымының алдында білім,білік дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын,ойлауын,ерік жігерлерін,яғни  өз бетімен жұмыс жасай білетін,бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеті тұр.Ғалымдар пікірінше Ақпараттық  коммуникативтік технологияны екі бөлікте сипаттайды.

  1. Компьютерлік бағдарламалар
  2. Желілік қызмет

Жалпы білім берудің мақсаты-терең білімнің,кәсіби дағдылардың  негізінде еркін бағдарлай білуге,өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болса, ақпараттандыру жолының басты мақсаты-оқыту үрдісін ақпараттандыру.

Жаңа ақпараттық технологияға ғалымдар әртүрлі анықтама беріп отыр мысалы: Н.Макарова «Жаңа ақпараттық технология-қысқаша компьютер негізіндегі технология» — деп тұжырымдайды. Ал М. Жалдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасьш береді: Ол «Жаңа ақпараттық технология- адамдардың білімін кеңейтіп,олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару  мүмкіндігін дамытатын,ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы» дейді.Яғни, білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа ақпараттық технологияны жоспарлы түрде енгізіп,жүйелік интегралды өткізу немесе қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі замандағы ақпараттық технология әрбір тұлғаның білім алу үдерісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді.Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты ҚР-да біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылады.

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі міндеттері:

-ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялық құралдармен қамтамасыз ету;

-білім беруді ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;

— оқу -тәрбие үдерісінде жаңа ақпараттық технологияны енгізуді қамтамасыз ету бойынша  ғылыми ізденушілік және оқу әдістемелік жұмыстарын жүргізу;

-жаңа ақпаратгық технология құралдарын (жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация,виртуалды орта және мультимедия технология, интерактивті  құрылғылар) пайдалану арқылы оқу процесін материалдық техникалық базасын жетілдіру.

Ақпараттық технологиялардың бірі — интерактивтік тақта, мультимедиялық  және онлайн сабақтары. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақгамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы тағы бір мүмкіндігі — ол электронды оқулық. Электрондық оқулық — бұл дидактикалық әдіс-тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға  негізделген түбегейлі  жүйе. Электронды оқулықпен оқыту оқытушының оқушымен жеке жұмыс істегендей болады. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, педагогтің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады [8].

Ақпараттық — коммуникативтік технологияны балабақшада қолдану — қазіргі кезеңдегі мектепке дейінгі тәрбиенің өзекті мәселесі болып отыр. Компьютерлік технология біртіндеп мектепке дейінгі білім беру жүйесіне білім берудің аса тиімді тәсілі ретінде жәймен еніп келе жатыр. Бұл  заманауи әдіс оқуға деген қызығушылықты арттырып, өз бетінше жұмыстануға тәрбиелеп, интеллектуалдық қызметін дамытады, қазіргі заманның рухында дамуға жол ашып, мектепке дейінгі білім беру мекемесінің оқу — тәрбие жұмысын сапалы түрде жақсартуға мүмкіндік туғызып, оның тиімділігін арттырады. Қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудың өзектілігі ақпараттық қоғамның қарқындылығымен, мультимедиялық технологиялар, электрондық ақпараттық қорлардың  кеңінен тарауы, оқытуда, қарым — қатынас жасауда және тәрбиелеуде желілік технологиялардың мәжбүрлі қолданылуында болып отыр. Осыған байланысты АКТ –ны мектепке дейінгі оқыту процесінің  ажырамас  бөлігі деп сеніммен айтуға болады. Бұл балалардың жаңа ұрпағына үйреншікті және қолжетімді болып қана қоймай, сонымен қатар қазіргі заман педагогтарына өте қолайлы.

АКТ деген не? АКТ-ның біріктірілуі технологияның екі түріне байланысты: ақпараттық және коммуникативтік.

«Ақпараттық технология — еңбек өнімділігі мен тиімділігін арттыруға негізделген ақпараттарды сақтауға, өңдеуге, тасымалдау және бейнелеуді қамтамасыз ететін әдістер мен тәсілдердің, құралдардың  жиынтығы». Қазіргі заман сатысында бұл әдістер мен тәсілдер және құралдар компьютермен өзара тікелей байланысты болып отыр. Коммуникативтік технологиялар адамның сыртқы ортамен байланысының, қарым — қатынасының әдіс — тәсілі мен құралын анықтайды. Бүл коммуникацияларда компьютердің өз орны бар. Ол коммуникация обьектілерінің жоғары интеллектуалды түрде өзара қарым — қатынас жасауларын қамтамасыз етеді. АКТ — ны қолдануға педагогтың еңбек өтілі мен білімі маңызды емес, оның АКТ — ны меңгеруге ықыласы мен ұмтылысының болуы маңызды. Өз жұмысында компьютерлік технологияларды қолдану педагогке көмектеседі:

—        енжар тыңдаушыларды белсенді түрде қызмет етуге тартады;

—        оқыту қызметінің одан да көрнекі әрі жедел болуына;

—        балалардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға;

—        танымдық қызығушылық белсенділігін арттыруға;

—        тәрбиешінің өзін тәртіпке шақырып, оның жұмысқа деген қызығушылығын  арттырады.

—        ойлау процесін жеделдетеді.

АКТ кез — келген педагогтың әдістемелік көмек сұрап ақпараттық кеңістікке тікелей шығуына, өз тәжірибесін таратуға мүмкіндік береді. АКТ тәрбиешіге әртүрлі әдістемелік бірлестіктерде кеңірек пікір алмасуға мүмкіндік береді, мысалы бейне — шебер сыныптар т. б, қағазбен жұмыстың мөлшері азаяды, өйткені жазба хабарламалардың бәрі құрылып, электронды түрде сақтаулы болады, көрнекі — дидактикалық құралдарды дайындауға да көп уақыт кетпейді. АКТ — ның көмегімен өзіндік кәсіби дамуға қолайлы жағдай туады: электронды оқулықтар, мақалаларды қолданып, Интернет желісінде электронды пошта арқылы әріптестермен пікір алмасулар жүргізуге болады. АКТ-ның көмегімен тәрбиеленушілердің ата — аналарымен хабарласып, қарым — қатынас жасау тиімді екендігі шындық. АКТ бұл:

—        дамытушы заттық кеңістік ортасына қайта құру;

—        балаларды дамыту үшін жаңа құралдар жасау;

—        жаңа көрнекіліктер қолдану;

—        баспада әртүрлі жағдайларға байланысты болмайтын кейбір қосымша ақпараттарды алу;

—        әртүрлі анимациялар мен бейнефильмдер;

—        Интернет желісінің іздеу жүйелері педагогтардің даму мен оқыту бойынша туатын барлық сұрақтарына қажетті материалдың барлығын, сондай -ақ  кез — келген фотосуреттер мен иллюстрацияларды ұсынады.

АКТ-ны қолдану:

—        педагог балалармен өткізілетін ұйымдастырылған іс- әрекеттерге көрнекіліктер таңдап алады;

—        қосымша танымдық материалдарды таңдап алады;

—        тәжірибе алмасып, басқа педагогтармен танысады;

—        топтың құжаттарын, есеп берулерді көркемдейді;

—        Роwег Роіпt  бағдарламасы бойынша презентациялар әзірлейді.

Бүгінгі күні АКТ:

—        ақпараттарды экранда ойын түрінде көрсетеді, бұл балалардың жоғары қызығушылығын туғызады, өйткені ол мектепке дейінгі жастағылардың негізгі қызметі — ойынға жауап береді.

—        мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлау қабілетіне сәйкес материалды көрнекті, түсінікті етіп қолжетімді түрде ұсынады;

—        материалды  көп мөлшерде жүктемей, қозғалысымен, дауысымен және мультипликациясымен балалардың назарын өзіне аударады;

—        мектепке дейінгі жастағы балалардың зерттеушілік қабілеттерін, танымдық  белсенділіктерін, дағдылары мен таланттарын дамытуға мүмкіндік береді;

—        балаларды есептің шешімін тапқанда, қиындықтарды жеңген кезде марапаттап отырады.

Мектепке дейінгі білім беруде ақпараттық — коммуникативтік технологияларды қолдану педагогтың шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашып, мектепке дейінгі жастағы балалардың психикалық дамуының әртүрлі жақтарының дамуына оң әсерін тигізеді. Оқу іс — әрекетінің жоғарғы динамикасы балалардың материалды тиімді меңгеруіне, есте сақтауларын, қиялдауын және шығармашылығының дамуына септігін тигізеді. Слайд- шоулар мен бейнефильмдер қоршаған ортадан бақылауларды: гүлдің өсуі, планеталардың Күнді айналуы, толқынның қозғалысы, жаңбырдың жаууы сияқты мезеттерді көруіне мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, ақпаратгық технологиялар баланы оқыту мен дамыту процесін тиімді етіп, балаға да, педагогке де білім берудің жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Елбасымыздың жолдауында: «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» деген.Баланы ,жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ. Қазіргі балабақша жағдайындағы білім берудің ұлттық модельіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық диагностиканы қабылдай алатын,педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл  педагог-зерттеуші, ойшыл тәрбиеші болуын қажет етеді.

 

 

Библиографиялық сілтемелер:

  1. Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру  жағдайында дамыту .  Алматы-2005
  2. Елеубай С. Білім беру технологиясының қазіргі проблемалары. Алматы, 2001.[2706.]
  3. Мұғалімге арналған нұсқаулық.
  4. Айтмамбетова Б.Р, Бейсенбаева А.А. Жеке адамның дамуы, тәрбиесі. — Алматы. КазПИ,1991