Функционалдық сауаттылықты математика  сабақтарында дамыту.

 

 

Функционалдық сауаттылықты математика  сабақтарында дамыту.

 

Қазақстан күн сайын қарқынды дамып келеді және ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға батыл қадам жасап отыр. Елдің білім беру жүйесі терең де сатылы стратегиялық жаңғырту кезеңін бастан өткеруде.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізі болып табылады. Қазақстанда кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте алғаш рет 2012-2016 жылдарға арналған функционалдық сауаттылықты дамытудың Ұлттық іс-қимыл жоспары дайындалды, онда оқушылардың құзыреттілік біліктерін, алған білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделген [1].

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында стратегиялық жаңғырту барлық саланы, сонымен қатар, білімді де түрлендіруді қажет ететінін атап көрсетті [2]. Осы орайда, өскелең ұрпақтың сапалы білім алуының маңызы зор.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылдық Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдау бойынша нақты міндеттер Мемлекет басшысының 2012 жылдың 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында белгіленді [3].

Ел үшін маңызды осы стратегиялық міндеттерді шешу жағдайында тұлғаның ынталылығы, шығармашылықпен ойлауы мен дәстүрлі емес шешім қабылдау қабілеттері, кәсіби жол таңдау білігі, өмір бойы білім алуға даярлығы – оның басты функционалдық қасиеттері болып табылады. Аталған функционалдық біліктер мектеп және отбасында қалыптасады.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында анықталған, басты мақсаттардың бірі – жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады [4].

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандыру үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы- Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» деп атап көрсетті. [ 1]  Қоғамның әлеуметтік – экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде  және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр.

Қазіргі таңда білім жүйесі туралы түсінік кеңейді, мақсат міндет, мазмұны көзқарасы өзгерді, негізі мақсат жеке тұлғанының қалыптасуы, ойлай және сезе алатын адам дайындық, сонымен қатар алған білімін өмірде қолдана білу.

Осы мақсатта оқушылардың функционалдық сауаттылығын дәстүрлі емес сабақтар арқылы көрсетуді негізге алып отырмын.

  1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жағдайы. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру-жаңаша педагогикалық теория мен практиканың өзекті мәселесі болып тұр. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту-оқу тәрбие процесіне ықпал етудегі өмір талабы. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары, олардың танымдық қабілеттері мен өзіндік іс-әрекеттерді дамыту педагог, психолог,әдіскерлер және мұғалімдердің міндеті. Оқушылардың функционалдық  сауаттылығын дамыту-мәселені шешуде, оқу сапасының артуына, технологияларды ұтымды қолдануға  көмек беретін негіз  болып табылады. [ 2].

Мектептік білім беру жүйесін жаңа уақыт талабына орай өзіміздің ұлттық болмысымызға, негізге алынған ұстанымдарымызға сай жетілдіру үшін «Нәтижеге бағдарланған білім» моделін ұсынады [7]. Мектеп түлектерін өмірде болып жатқан өзгерістерге дайындау және білім беруді заман ағымына сай өзгерту мақсатында оқытудың түпкі нәтижесі ретінде оқушылардың игерген құзыреттіліктері алынған  (2-сурет).

 

1.1  Математика сабағында функционалдық сауаттылығын дәстүрлі емес  сабақтар арқылы көрсетуге қажетті құралдар.

Сабақта дұрыс алынған проблемалық ситуациялар, құбылыстар мен шамалар арасындағы тәуекелдікті дұрыс анықтай білуге дайындайды.Бұл кезде оқушылардың ойлауы белсенді, үдемелі жұмыс жасайды.

Мәселені сәйкестендіру кезінде сұрақтар қою арқылы –практикалық есептер, мына талаптарды қамтамасыз етуі қажет.

Оқушылардың есептерді кез-келген әдіспен шешу, оқушылардың шығармашылық қабілетін кеңейту.

 Дәстүрлі емес сабақтардың классификациясы.

Дәстүрлі емес сабақтардың көбеюіне байланысты оны классификациялау қажет болды.

Классификациялау  үлкен көлемді ақпараттан өзімізге қажетті және қызықты, бөлімдерді бөліп алуға көмектеседі.Қазіріг кезде нақты нұсқаулармен ғана жүре алатын, өзіндік пікірі, көзқарасы, ойлау қабілеті төмендеп кеткен, осының негізінде сабақ пен әдіс тәсілдердің бір-біріне сәйкес  келмейді.Осыдан келіп өзіндік «мені»,өзіндік көзқарасы бар «ой-пікірі» қалыптасқан тұлғаны қалыптастыру үшін, мұғалімнің бойында да тұлғаның қасиеті болу керек.

Іскерлік, шығармашылық бірлесіп жасау,топтық түрде жұмыс жүргізу –дәстүрлі емес сабақтың маңыздылығы болып табылады.Олай болса кез-келген оқу пәні оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту құралы бола алады.

        Математика  сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамытудың

мақсаты – оқытуда инновациялық әдістерді, заманауи білімдік және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

Математика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын екі  негізгі міндеттерді шешу арқылы қалыптастыру мүмкіндігі бар:

  1. Оқушының әлеуетіне сәйкес келетін білімдік деңгейге және жеке тұлғаның одан әрі дамуын қамтамасыз ететін және білім беруді іске асыру мүмкіндігіне, оның ішінде өзіндік білім алу жолымен жету.
  2. АКТ құралдары мен өз қабілеттерін іске асыруда әр оқушыда шығармашылық әлеуметтік мәнді қызмет тәжірибесін қалыптастыру.

 

Кез келген деңгейдегі білім беруді дамыту сұрақтарына біржақты амал

мәселелерін жаңғырту – негізгі міндет болып табылды. Сабақта  ақпараттық технологияларды және басқа да кез келген педагогикалық технологияларды бүтіндей көпқырлы қолдану қажеттілігі мен шектеулігін көрсетіледі.. Тек осындай жүйеде оқушының жеке тұлғасын гармониялық дамыту мүмкіндігі пайда болады, ол оқушыға тек белгілі бір білімді, құзыреттілікті ғана емес, сондай-ақ, дамудың неғұрлым сапалы жоғары деңгейіне шыға отырып, бір қырдан екіншіге сенімді түрде өтуге, түрлі технологияларды біріктіре алуға мүмкіндік береді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

  1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары: / Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы // ресми мәтін. Астана: Әділет, 2012. – 14 б.
  2. Назарбаев, Н. Ә.: Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам / Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 2012. – 10 шілде.
  3. Назарбаев, Н. Ә. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы / Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 2012. – 28 қаңтар.
  4. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы / Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығы // ресми мәтін. – Астана, 2012.
  5. А.Қ.Әлімов. Оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану. Алматы, 2012ж
    6.  Интернет қоры. bilimdiler.kz.