Қыс мезгілі.

Күні: 17.01.2017

Сынып: 5 «Б»

Пән: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қыс мезгілі.
Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушылардың қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Мәтінмен жұмыс істеу арқылы сөздік қорын байыту,сөздерді дұрыс айтуын талап ету.

ә) Дамытушылық: Қыс тақырыбына байланысты білімдерін дұрыс қолдана білу дағдыларының дамуына мүмкіндік беру.

Б)Тәрбиелік: Қыс жыл мезгілінің кереметін байқау арқылы оны бағалай  білуге тәрбиелеу.

 

Пән аралық байланыс: дүниетану

Әдісі: интербелсенді тақта,сөздікпен жұмыс,көрнекілік,сұрақ-жауап, топтық жұмыс,стоп кадр,синквейн.

Түрі: Жаңа білім беру

Көрнекілігі: қыс мезгіліне байланысты слайдтар,интерактивті тақта, сурет.

 

 Сабақтың барысы

  I.Ұйымдастыру кезеңі: (психологиялық дайындық шаттық шеңбері тренингі)         Психологиялық орта құру арқылы,оқушылардың көңіл – күйі көтеріледі.Оқушылар шеңберге тұрып, хормен тақпақ айтады.

Біз бүгін топқа бөлініп әртүрлі тапсырмалар орындаймыз.Ал, қазір сендер тақтада ілулі тұрған стикерлерді алып топқа бөлінесіңдер.

1 – топ Ақша қар

2 – топ Үрме қар

3 —  топ Жапалақ қар

  II.Үй тапсырмасын тексеру: «Шыршалы кеш» өлеңін жатқа айту.

Мәтінге постер қорғау.

  III.Жаңа сабақ: Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Қыс мезгілі». Сабақ алдында мен сендерге сәттілік тілеймін.Сурет,әуен арқылы сабақтың тақырыбын ашу.  — Балалар  қай мезгіл деп ойлайсыңдар?

— Бұл суреттерде әуенде не туралы?

— Ол қандай тақырыппен байланысты?

Балалар сабақтың тақырыбын айтады.Бүгінгі біздің тақырыбымыздың мақсаты «Қыс мезгілі» тақырыбына байланысты сөздерді білу,ол сөздерді оқып,айта білу.

   IV.Жаңа сөздер:

аяз – мороз

мұз – лед

сыпырғыш — веник

сырғанақ – каток

аққала – снеговик

тамаша – прекрасный

сырғанау, тебу – кататься

шана  –  сани

мезгіл- время

(Мұғалім оқып,балалар қайталайды,сөздік дәптерге жазады)

1 – топ Сөйлем құрастыру

2- топ  Сөз тіркестерін құру

3 – топ «Қыс» сөзін септеу

 

  1. Мәтінмен жұмыс жасаймыз. Мәтінге қарай әр түрлі тапсырмалар орындаймыз.(Мәтін интерактивтік тақтада)

Қыс мезгілі

Қыс – өте көңілді мезгіл.Бұл кезде балалар қар атысып аққала жасап ойнайды.Шанамен сырғанайды,сырғанаққа барады.Әсіресе,аққала жасап ойнаған өте көңілді.Әр бала үйлерінен сәбіз,қалпақ,сыпырғыш әкеледі.Содан соң қарды домалатып,бірінің үстіне бірін қойып,аққала жасап ойнайды.Қар атысқан да көңілді.Қысқы ойындар да,қыс мезгілі де өте көңілді.

 

1 – топ Мәтінді оқып, аудару

2- топ Мәтіннің мазмұнын айту

3 – топ Мәтінге сұрақтар құрастыру

Сергіту сәті  ( интерактивтік тақтадан көзге арналған жаттығу орындату)

 

Тапсырма № 1. Сұрақтарға жауап

Тапсырма №2. Сөз одағын табу

Тапсырма №3. Дұрыс аудармасын тап

  

  1. Сабақты бекіту:

«Синквейн» әдісі қыс,шана.

   VII.Қорытыңдылау. Балалар, біз сабақта не айттық? Қыс қандай мезгіл? Неге?

«Білім теңізіне кеме жіберіңіз»

 VIII. Бағалау: Топ басшылары бағалайды

 IX.Үйге тапсырма: Өз ойларыңмен қыс мезгілін бейнелеу,әңгіме құру

(шығармашылық жұмыс)