«Ақшақар достарын күтеді»

Тақырыбы: «Ақшақар достарын күтеді»

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Жаңа жыл мерекесінің мағынасын                 түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: Мерекенің кейіпкерлері арқылы балалардың тілін дамыту, сөйлеуін жетілдіру;

Дамытушылық: Мерекелік шыршаға қызығушылықтарын арттыру;

Тәрбиелік: Балаларды әдептілікке, көпшілікте өзін-өзі ұстауын,әдемілікке,әсемділікке тәрбиелеу.

Кейіпкерлер: Аяз ата үлкен адам – Газизова Д.А; Ақшақар үлкен адам – Тасжанова Е.А; Жұлдызша үлкен адам – Алькеева Г.Ж; 3 қоян балалар – Аян,Жантөре,Нұрхан,Аружан; 3 аю балалар – Н.Ерасыл,Бекарыс,Арсен; 7 ергежейлілер балалар – Аян,Абдуалим,Нұрислам, Мәди,Қайнар,Әділет,Ерасыл; 6 жұлдызша қыздар- Анел,Лаура,Фарида,Асылжан,Аружан, Дильназ; Маша қыз –Медина; Кішкентай сиқыршы бала- Айсұлтан.

Көрнекіліктер: Безендірілген шырша,безендірілген зал.

Ақшақар: (Үйінен шығып қуанып шыршаны айналып қуанады) Тамаша!Қандай шырша маған Аяз Ата әкелген! Қанша ойыншықтары бар,қалай жалт-жұлт етеді.Бәрі дайын енді қонақтарды  күтуге болады.

3 қоян: Сәлеметсізбе,Ақшақар!Жаңа жылыңызбен!Біз сізге сыйлық әкелдік. (Сәбіздер акеліп қояды)

Ақшақар: Рахмет,төрлетіңдер.

3 аю: Сәлеметсізбе,Ақшақар! Жаңа жылыңызбен! Біз сізге бал әкелдік.

Ақшақар: Рахмет,рахмет, отырыңдар!

7 ергежейлілер: Сәлеметсізбе, Ақшақар! Жаңа жылыңызбен!Біз сізге сылық әкелдік. (Қораптар әкеліп қояды).

Ақшақар: Рахмет, сендерге төрлетіңдер.

Маша: Сәлеметсізбе,Ақшақар! Жаңа жылыңызбен!Міне,менің сізге сыйлығым.(жаңа жылдық ойыншық сыйлайды.

Ақшақар: Рахмет,рахмет!

Жұлдыздар: Сәлеметсізбе,Ақшақар!Біз жаңа жылдық мерекеге жұлдыздар әкелдік!

Ақшақар:Ой,рахмет сендерге.Қандай әдемі!

Ақшақар: Жаңа жылдық мерекеге бәріміз жиналыппыз,мерекелік кешімізді бастайық.

Ән: «Ән қанатымен»

3 қоян тақпақтар (қазақша):

Нұрхан: Тамаша,тамаша!

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Аян:Жаңа жылым,мол болсын,

Басқан қадам оң болсын!

Төрле-төрле Жаңа жыл!

Бізге құтты жыл болсын!

Жантөре:Жаңа жыл,жаңа жыл!

Жаңа жылға,жаңа жыр,

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

3 аю тақпақтар (орысша)

Ерасыл:В каждом доме много света

Наступает Новый год!

Дед мороз к нам спешит,

С новым годом говорит.

Әрсен:За сверкай огнями,елка

Нас на праздник позови

Все желания исполни

Все мечты осуществи

Ақшақар:Мерекеге басқа да аңдар келіпті,ендеше бәріміз бірге билейік.

Би: «Аңдар биі»

Ақшақар: Бізге тағыда қонақтар келе жатқан сияқты.

Жұлдызша:Сәлеметсіздерме қонақтар!Здраствуйте!Hello!Жаңа жыл құтты болсын! Мереке жалғасып жатыр,аспанда жұлдыздар жымыңдайды.

Би: «Жұлдыздар»

Тақпақтар (ағылшынша):

Асылжан:Santa,santa i want a doll

Santa,santa i want a ball

 

Лаура:Santa,clous is very old

Santa clous is land is cold

In his seegh wits  two reinder

He brings presents evry year

 

Фарида:      Merry christmas

Is like to come

Merry,merry christmas

You are welcome

Ән: «Динг донг»

Ойын: «Жаңа жылдық санамақ»

Ән әуенімен Маша кіреді.

Жұлдызша:Маша сен неге айналып жүрсің?

Маша: А-а а а мен сендерді іздеп жүрсем, сендер мерекеге кетіп қалыпсыңдар ғой.Мен сендерге дайындаған әнімді айтып берейін деп едім.

Жұлдызша: Маша сен бізге әніңді айт,бізде тыңдағымыз келеді.

Ән: «Падали снежинки»

Жұлдызша: Ой,мына қораптағы сыйлықтарды кім әкелген?

Ақшақар: Гномдар.

Би: «Гномдар»

Ақшақар: Әнімізді айттық биімізді биледік.Бірақ Аяз Атамыз келмей жатыр.Адасып қалған шығар, қане,бәріміз бірге шақырайық.

Бәрі: Аяз Ата, Аяз Ата……….

Аяз Ата: Амансыңдарма, қонақтар!

Қандай жарқын жүздерің.

Қандай әсем жырларың.

Аталарың  сендерге

Асығып келді алыстан!

Ақшақар: Аяз Ата біз сізді күтудеміз.Шыршамыздың шамдарын жақшы.

Аяз Ата: Жарайды, қане менімен бірге 1,2,3

(шырша шамы жағылады).

Ақшақар: Аяз Ата біз сізге, шыршамызға арналған әнімізді айтайық.

Ән: «Бум-бум»

Аяз Ата: Жарайсыңдар,балалар! Ал енді менің қайтуым керек.

Ақшақар: Ал,балаларға сыйлығыңыз қайда?

Аяз Ата: Ой,есімнен шығып кетіпті.Оны қайда қойдым? (шыршаны айналып сыйлықты іздейді,таппайды)

Ақшақар: Мүмкін бізге кішкентай сиқыршы көмектесер.

Кішкентай сиқыршы: Сәлеметсіздерме,қонақтар!Мен енді үйреніп жүрген кішкентай сиқыршымын.Қане, көрейін 1,2,3

(ішінен мишуралар алып шығады)

Ой менде шықпады.

Ақшақар: Қане, мен көрейін.(қораптың ішінен шыршаның ойыншығы шығады).Мында шыршаның ойыншығы ғой.

Аяз Ата: Тұра тұрыңдар мен көрейін. (қораптың ішінде киндер сюрприз шығады). Міне,балалар,сендерге сыйқырлы сыйлығым,ішінде сиқырлы ойыншық бар.

                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортаңғы «А» тобының

«Ақшақар достарын күтеді» атты ертеңгілігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саз жетекшісі: Сапатюк Л.А

Жүргізуші: Иргебаева А.Т