«Наурызым – берекем, наурызым – мерекем!»

«Наурызым – берекем, наурызым – мерекем!»

 

1-жүргізуші Құдайберген:

Жиналыппыз,сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші, жасымыз,кәріміз де.

Төрлетіңіз,қадірменді қонақтар,

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізде!

2-жүргізуші Арай: Армысыздар, құрметті қонақтар, ата-аналар,ұстаздар!

1- жүргізуші:  Барша халық асыға көптен күтетін шырайлы да, шұғылалы көктем мерекесі, жыл басы Наурыз айы Жем бойына да келіп жетті.

Қай ақынды алып қарасақ та, осы көктем мезгіліне өздерінің сұлу жырларын арнаған.

«Бұл көктем, неткен көктем, көктем, көктем,

Құдай-ай, сен осындай көкпеңбек пе ең?»,

— деп ақын Мұқағали Мақатаев жырлаған көктем де келді. Тоң болып қалған қарлар жібіп, жылғалардан аққан сулар да күміс қоңыраудай сылдырап, әсем бір күйге бөлейтін шақ – Наурыз айы да келіп жетті.

2-жүргізуші:Тәуелсіздік алғаннан бері Наурыз ерекше маңызға ие болып, айрықша атап өтелетін жағдайға жеттік. Наурыз мерекесі көктемнің келгенін, табиғаттың оянғанын білдіріп, жаңа жылдың басы ретінде туған Отанымызға деген барлық ұлттар мен ұлыстардың ықыласын біріктіріп, түрлі ұлттық салт-дәстүрлер, туыстықпен бір-біріне деген құрметті білдіреді.
1-Жүргізуші: Бүгінгі наурыз мейрамына арналған 14 — Наурыз көрісу Амал мерекесі қарсаңында мектебімізге қош келдіңіздер
Осы мейрам тұсында біздің халқымыздың мейрімділігі, қайырымдылығы, ақ жарқындылығы тәрізді ең жақсы қасиеттері айқын көрінеді. Көрісу мерекесіне орай «наурызым- берекем, наурызым- мерекем» атты кешіміздің ашылу салтанатының алғашқы сөз кезегін мектебіміздің басшысы Шолтаев Ерлан Талмұрзаұлына және қала әкімі Әлімжан Өмірсерікұлына  береміз.

 

2-Жүргізуші: 14 наурыз — Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман — есен шыққанына қуанып, бір — бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе — реніш ұмытылып, кешіріледі.
Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісін үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман — есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Көрісу күні және Наурыз тойымыз құтты болсын! Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!

1- жүргізуші: Әр елдің салты басқа демекші, әр ауыл наурыз мерекесін өзінше тойлайды. Ендеше біздер ———————ауылындағы Көрісу мерекесі қалай өтіп жатыр екен. Соны тамашалайық. Бізбен бірге болыңыздар.

(Көрініс, қазақ биі)

 

1-жүргізуші:

Наурыз – көктем мерекесі.

Наурыз – жыл басы.

Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп!

2 — жүргізуші: Наурыз – қуаныш мерекесі,

Бақыт пен шаттық мерекесі

1 — жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі.

Наурыз – еңбек мерекесі.

2- жүргізуші:

Әнім де саған, биім де,

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлар еліме,

Күлімде, Наурыз, күлімде, дей келе бастауыш сынып мұғалімі Гүлжанар Инзенбайқызы мен Жанна Есенжолқызының орындауында  « Сарыарқа » әнін қабыл алыңыздар!

 

 

1- жүргізуші: Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз,

Амал күні жарасып сіз бенен біз

Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп,

Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.
2- жүргізуші:

Көрісу күні- нұрлы күн,

Мерейің асып тұр бүгін.

Көріскен жанды жылытып

Елімнің сақта бірлігін!
1- жүргізуші:

Арда өсіп, адал емген ақ уызың,

Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін

Көк бөрілі байрағын желбіретіп,

Көк түріктер тойлаған Наурызым.
2- жүргізуші:

Ана деген адамға Атамекен,
Әр адам анаменен адам екен
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым,
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен,- дей келе келесі кезекті әсем әнге береміз. Бастауыш сынып мұғалімдері  Гүлмира Төтеқызы  мен Жұлдыз Сарыбайқызының орындауында «Әйел бақыты» әнін қабыл алыңыздар.

1- жүргізуші:

Амал күнін жақсылыққа нәсіп еткен,

Мейірім танысын деп бар жан біткен.

Бақ толсын үлкен кіші, туыс жекжат,

Амал күніне аман жеткен!

2- жүргізуші:

Жақсылықпен Амал күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық ән салайық.
ҚаҺарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!

1-жүргізуші:

Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай.
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында.
Береке — бірлік болсын деп,
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.

2- жүргізуші: Ата салтым –асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

 1 –жүргізуші: Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын.

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.

Көрініс «Ат қою» (оқушылар көрінісі)

 

2- жүргізуші:
-Құдайберген білесің бе, Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, бір-бірімен қауышатын мерекесі ғана емес екен. Көрісу күні- сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін күн. Амал таңын қарсы алған әрбір үй ертемен есіктерін айқара ашып, шаңырақта міндетті түрде дастархан жаяды. Ренжіскен адамдар татуласып, араздық ұмтылады. Сондай- ақ, әйгілі Омар Хайямның күнтізбесінде Жаңа жыл наурыздың 14- інен басталатындығы да айтылған.

1- жүргізуші Құдайберген: Иә, осындай айтулы мерекеде барлық өкпе, реніш ұмытылып, бірлігіміз жарасқанға не жетсін.

-Арай, сен  Наурызтөл деген не екенін білесің бе?

2- жүргізуші: Арай: Жоқ, білмейді екем. Білсеңіз айтып көріңіз?

1- жүргізуші: Мүмкін, келген қонақтарымыздан, ақ жаулықты аналарымыздан сұрап көрерміз?

2- жүргізуші: иә, әрине.. Онда келген қонақтарымызға қолқа салайық.

Қанзира апай: құттықтау сөз.  Наурызтөл дегеніміз, Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар «наурыз төлі» деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, мал-жанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді. Мұндай малды көбіне өз қызығына, тойына, құрбан айт күндерінде сойып, ырым етеді.

1- жүргізуші:    Бәрекелді рахмет.

2 –жүргізуші:Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды
Мал біткеннің бал татыған уызы
Қуат болып қанымызғы тарайды.
Төрт түлік мал- халқымыздың сүйері
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.- дей келе келесі  кезекте  музыка пәнінің мұғалімі Жанна Есенжолқызының орындауында « Наурыз-көктем » әнін қабыл алыңыздар.

1- жүргізуші:

Жүріңіздер Наурызға басып аяқ,
Қалыс қауым болмасын некен саяқ.
Қадірменді сыйлы қонақтардан
Алайық жүректерге лебіз сая,-    дей келе сөз кезегін қадірменді қонақтарға береміз.

——————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————                                             2- жүргізуші: Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғат та мәз мейрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды.

1- жүргізуші: Тағы да қош көрдік жылдың басын,
Қосылып жасқа жасың, басқа басың.
Барайық келер жылға төрт көз түгел,
Аман боп алыс-жақын, кәрі – жасың,-дей келе , осы мен «Наурызым- берекем, наурызым-мерекем» атты салтанатты кешімізді аяқтаймыз.

.