Төлдер айтысы Ортаңғы «А» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Ортаңғы «А» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 07.11.18ж

Тәрбиеші: А.С.Интизар

«Коммуникация»  білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Драма                                                                                                                                

Тақырыбы: «Төлдер айтысы

Мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың өлеңдерді мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын        қалыптастыру, қарсы мәндес сөздер туралы білімдерін тиянақтау, нақтылау.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін дамыту. Қызығушылығы мен танымын арттыру.
Тәрбиелілігі: Төрт түлікке деген сүйіспеншіліктерін ояту, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Билингвалдық компонент сиыр — корова,жылқы — лошадь,түйе — верблюд

Сөздік жұмыс: Сөздік жұмыс: төрт түлік, төл.

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балаларға сұрақтар қою

Қазір қандай жыл мезгілі?

Ауа-райы қалай боп тұр?

Балалар сендер қандай үй жануарларын білесіндер?

Дұрыс жарайсындар

2.Негізгі бөлім

Балалар қазір мен сендерге үй жануарлары туралы жұмбақ жасырамын

Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар
Бұл қай жануар? (ешкі)

Аласа ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
Бұл қай жануар? (қой)

Екі айнасы бар,
Төрт тармағы бар.
Бір шыбыртқысы бар,
Қай жануар? (сиыр)

Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Мойны ұзын, көзі үлкен,
Бұл не, өзің тауып ал? (түйе)

Көкке шаншып құйрығын,
Шауып келеді жүйрігім
— Бұл қандай жануар екен? (жылқы)

Төлдер айтысы.(ертегі) оқып түсіндіру
Бір жерге жиналған лақ, құлын, бұзау, қошақан мен бота «Біздің иесіміз қайсымызды жақсы көреді?» — деп бір — бірінен сұрастырды.
Сонда лақ тұрып:
Мә — ә, мә — ә, әрине, мені жақсы көреді. Адам біздің сүтімізді ішіп, түбітімізді киімге пайдаланады,- деді.
Сонда құлын бір кісінеп алды да:
— Лақ, сен орынсыз мақтанба. Бізден қазы – қарта, шұжық, қымыз алады. Адамның мініс көлігі де біз,- дейді.
Бұзау тұрып:
— Сендер босқа мақтанасыңдар, адам тіршілігіне ең қолайлы – сиыр малы. Бізден шелек — шелек сүт, қарын – қарын май, ірімшік алады. Иесімізге бізден пайдалы түлік жоқ,- десе, қошақан тұрып:
— Сендер босқа мақтанасыңдар, ием мені жақсы көреді. Адам киетін кіим кешекке қажетті маталар, үйдегі төсеніш біздің жүнімізден жасалады, бізден пайдалысы жоқ,- дейді.
Бота тұрып:
— Бәріңнен де иеміз мені жақсы көреді. Бізден алатын шұбаттың емдік қасиетін айтсаңшы. Оған еш нәрсе жетпейді., — дейді.
Осы кезде адам: — Төлдерім, сендер босқа таласпаңдар, әрқайсыңның өз орындарың бар, адам үшін бәрің де керексіңдер! – деді.

Қандай жануардың төлдерін естідіндер?

— Төлдер бір — бірімен не үшін айтысты?
— Лақ не айтты?
— Құлын ше?
— Бұзау не деді?
— Қошақан, бота не деді?
— Адам не деп жауап берді?

Ойын:Дауысынан таны

 

3.Қорытынды

— Үй жануарларының адамдарға қандай пайдасы бар?
— Ешкі, қой, сиыр, түйе, жылқының төлдерін ата
— Малдарды қалай шақырады?