«Армандар аралы» психологиялық консультация

Тақырыбы: «Армандар аралы» психологиялық консультация

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың арман туралы түсініктерін  кеңейту.
Күні: 14.03.2019ж.

Сабақтың міндеттері:өмір сүру барысында армандаудың, мақсат қоя білудің маңыздығын түсіндіру;адамды, Отанды сүйе білу, өмірді бағалай білу іскерліктерін дамыту;
армандай білуге, мақсат қоя білуге, адалдық, мейірімділік, табандылыққа тәрбиелеу.

Қолданған құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, слайд, магнитафон, түрлі – түсті қағаздар мен қарындаштар және журналдар.

Арман — жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тірлік те жоқ.                                         Л.Н. Толстой.

… арман деген көп белес. Біріне шықсаң, бірі бар

Ғабиден Мұстафин

Армандай білуге бейімділікте де ұлы даналық бар

Анатоль Франс

Арманмен ойнау қауіпті, күйреген арман өмірді бақытсыздыққа душар етуі де мүмкін

Д.И.Писарев

Психологтың сөзі:
Оқушылар, бүгін біздер АРМАН аралына сапар шегетін боламыз. Ол үшін көзімізді жұмып, терең тыныстап дем аламыз. 1,2,3,4,5. Сынып терезесі арқылы соққан сиқырлы самал бізді ақ көгершінге айналдырып, арманға жетелейтін періште біз армандаған әсем де сиқырлы әлемге жетелей жөнелді. Ол аралда мәңгілік жаз. Көз  қуантар түрлі жұпар шашқан гүлдер. Гүлдердің күлте жапырақтарында би билеген әдемі көбелектер, сайраған құстардың әсем даусы біздерге естіліп тұр. Жарқыраған күн сәулесі. Бұл аралда ойыңа не мақсат алсаң болды, сол сәтте қол жеткізіп, арманыңа қадам санап жақындай түсесің. Бұл аралдың иесі Арман періштесі тек қана жаны пәк мөлдір, таза, кіршіксіз аппақ адамдарға құшағын жаяды. Сондықтан күнделікті күйдің тірлікті ойлауға мүмкіндік бермейді. Бұл аралда – қиял жүзеге асып, армандарың орындалады.
Міне, барлығымызды Арман періштесі қабыл алып құшағын жайды. Олай болса, ең әуелі арман дегеніміз не соған жауап іздеп көрелік.
Ертеде бір жігіт :
-Арман деген не?- деп қариядан сұрапты.
— Арман дегеніміз ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала-өссем дейді, қарт-жүзге жетсем дейді, ұстаз-шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді,-депті қария.

МӘҢГІ ЛАУЛАП ЖАНУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
ҮЛКЕН БАҚЫТ ТАБУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
ҮЛКЕН БОЛЫП ҚАЛУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
ҮЛКЕН АРМАН КЕРЕК ЕКЕН АДАМҒА.

Еңбекқор, ынталылық, бастаған істі аяғына дейін жеткізу,жұмысты аяқтауға мүмкіндік беретін табандылық, олардың осы қасиеттері :

Шыдамдылық, төзімділік, жүйелілік, оларды өз саласы бойынша кәсіьи мамандар етеді. Сондай-ақ олар белгілі бір тәртіпті ұнатады. Бәрі өз орнында болып, өз уақытын жүзеге асыруы қажет. Мұраты немесе мақсаты орындалады, алдын – ала белгілі өмір тәртібімен өмір сүреді, кездейсоқ сыйлықтарды ұнатпайды. Күрделі қалыптасқан оқиғалардың күрт өзгергенін ұнатпайды.

Бұл адамдар қазіргі шақтағы өмір салтына қанағаттана қоймайды, сондықтан жаңа жағдайларды іздеумен айналысады. Олардың басты қасиеттеріне әуестік, ынтазарлық болып жатқан нәрселерге қызығушылық пен батылдық жатады. Олар жаңа идеяларға, құндылықтарға, ойлау тәсілдеріне, өмірге икемділік танытады. Барлық жаңаны жеңіл қабылдайды.

Бұл фигура көшбасшылықты (лидер) көрсетеді. Олардың басты ерекшелігі – басты мақсатқа жұмылдыру қабілеттілігі. Олар жігерлі, алдынан нақты мақсаттар қоятын, қол жеткізетін күшті тұлғалар.

Намысқой, прогматиктер.Жоғары басшылықты өзінің қарамағындағылардың атқарып жатқан жұмыстарының маңыздылығына сендіре алады. Өздерінің дұрыс пікірде екендігіне сенімді. Басқаруға деген ұмтылысы, оларды басқалармен үнемі бәсекелестіретін тұлғаға айналдырады.

5 фигураның ішіндегі ең кішіпейілдісі. Ол жоғары сезімталдыққа, дамыған эмпатияға, яғни басқа адамның көңіл-күйіне, эмоциясына назар аударып, ниет білдіре алатын, өзгені түсінуге қабілеті мол жан. Олар басқаның қуанышы мен ауыртпашылығын өзінікіндей сезіне алады. Барлығы бір-бірімен жарасып жатса ғана ол бақытты болады. Сондықтан олар біреумен  жан-жал туындай қалса, мәмілеге бірінші келуге ұмтылады. Ол тіпті қарым-қатынасы көзқарастан ортақ нәрсе табуға тырысады.

Шығармашылықты көрсететін фигура. Әртүрлі бір-біріне ұқсамайтын идеяларды кірістіру, оның негізінде жаңа нәрсені жасау. Олар бір затты жасап шығарудың қазіргі немесе бұрынғы тәсілдеріне ешқашан қанағаттанбайды. Ең әсерленгіш, шаттанғыш, тың, қызық ой туындап жатса, бірден бар әлемге жар салуға дайын турады. Өз идеяларын шаршамай насихаттайды, өзінің артынан ерте көпті білетін қабілеті бар.

Қиял арманға жетелейді.

Мақсаты: балаларды  жақсы  ниетпен   армандай  білуге  баулу.

Міндеттері:

-қиял,арман, туралы  түсініктерін  кеңейту;

-шығармашылық  тұрғыдан  қиялдау  іскерліктерін  дамыту;

-жақсылыққа ,қамқорлыққа   тәрбиелеу;

Шаттық  шеңбері.Жақсы  тілектер  айту. «Арман мен ақыл» Қ.Мырза  Әли

Әңгімелесу.

-Ерте ,ерте ертеде  адамдар  құсқа  ұқсап  ұшуды  ,алысты  жақын  етуді,теңіз,көлдердің  үстімен  жүруді,отынсыз  тамақ  пісіруді,су  түбіне  жүзіп,ондағы  тіршілікті  білуді  қиялдапты.Сол  қиялдар  бүгінгі адамның  білімі,даналығы,талабы,еңбегі  арқылы  шындыққа  айналып  отырғанын  біз  білеміз.

-Адам  қиялы  іс жүзіне  қалай  асады  деп  ойлайсыңдар?

-Өздеріңнің  армандарың  туралы  айтып  беріңдерші?

-Қиял-адамның  шексіз  ойы.Қиялсыз  өмір  болмайды.Адам  өзінің  талабы,еңбегі,білімі  арқылы қиялындағы  арман-ойларын  іс  жүзіне  асыра  алады.Адам  қиялының  жақсы  ниеттен  туындауы,оның  рухани  дүниесінің   тазалығына  байланысты.

Дәйексөз. «Армансыз адам  болмайды».

-Қиял-шексіз,ол адамның  әр  нәрсені  ойлап  табуға  бейімділігі.Арман-адамның болашақтағы  қиялының  іске  асыуы.Жақсы  қиял  ізгі  адами қасеиттерден  пайда  болады.Мысалы:Отанның  тыныштығы,өмірдің  қызықты,сәтті,бақытты  болуы.Әр  адамның  қиялы  әртүрлі  және  ол  шексіз.Қиял  адамның  ойын,болашаққа  деген  көзқарасын  өзгертіп,дамытады.

Қорытынды: Жарайды балалар, бүгінгі саяхатты осы жерде аяқтайық. Арман аралы әрқайсымыздың жүрегімізде. Біз оған кез келген сәтте ой – қиялымызбен ұшып бара аламыз. Енді, өз сыныбымызға оралайық. Сабақтың басында бізді Армандар аралына жетелеген періште болды. Ал ол періштенің есімі кім екенін білесіздер ме? Ол періште, бізге әріп үйретіп, қалам ұстатып, ән айтқызып, би билетіп, сурет салдырып, өлең жаттатып, әлемнің барлық сырлы да құпиялы беттерін алдымызға жайып салып, бізді еңбекке, өмірді сүюге, өмір сүре білуге үйрететін, білімнің кәусар суына қандырып, тал бесігімізден тәрбиелейтін – Ұстаз деген ұлы адам!
Бүгінгі сабақтың алар түйін, армандай білейік, арманға жету жолында алдымызға дұрыс мақсат қойып, білімімізді жетілдіріп, жігерлілік пен қайсарлыққа, төзімділікке үйренейік.
Пенде болып жаратылғаннан соң барылғымыз бақытты да баянды ғұмыр кешуді армандаймыз. Ал бақытқа басты кілті – бұл БІЛІМ! Сондықтан, Қазақстанның білімді ұрпағы ретінде арманымызға бірге қадам басайық.