«Менің өмірлік құндылықтарым»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:  «Менің өмірлік құндылықтарым»

тренинг

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Педагог-психолог: Кашкинбаев А. С.

                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көктал орта мектебі, 2019 ж

 

 

Тақырыбы: Менің өмірлік құндылықтарым

 

Сабақтың мақсаты: Қатысушылар өмірлік құндылықтарын, құрметтей, бағалай, сақтай білуге үйрету және  өз ойын, сезімін  ашық, еркін, қысылмай жеткізе  алуына  дағдыландыру.

Көрнекілік: слайд, нақыл сөздер, түрлі – түсті шар,

Қажетті құралдар: ақ парақтар, түрлі – түсті карандаш, маркер

Тренинг жоспары:

І  Сиқырлы доп

ІІ  5 құндылық

ІІІ  Ұстаздың ұлағатты сөздері

ІV Релаксация «Өмірдегі барлық жарқын істеріңе күш-жігер тілеймін»

Қорытынды:

 

Тренинг барысы:

Армысыздар, құрметті ұстаздар!

Бүгінгі тақырыбымыз қазіргі таңда аса назар аударылмайтын, бірақ біздің өмірімізде аса маңызды мәселе жайында яғни «өмірлік құндылықтарымыз» жайлы  болмақ Олай болса «Сиқырлы доп» ойынын ойнайық.

 

І  Сиқырлы доп

Құрметті ұстаздар қазір біз сіздермен «Сиқырлы доп» ойынын ойнайық.

  • Сіздер бір-біріңізге жылы сөз айтасыздар ма ?
  • Сіздер әріптесіңізге бойындағы жақсы жақтары және жақсы қасиеті жайлы айтасыздар ма ?
  • Сіз әріптесіңізге рахмет айтасыз ба ?
  • Сіз бүгін қанша адамға жақсы сөздер (комплимент) айттыңыздар ?
  • Неге?

Ойынның шарты:  сіздер қазір мына «Сиқырлы допты» лақтырасыздар. Допты лақтырған адам, ұстаған адамға «мен сізді сыйлаймын, себебі …..», «мен сізді жақсы көрем, себебі . . .», «Сіз маған ұнайсыз, себебі . . .» деген сөздерді қолданып бір-бірімізге жылы сөздер айтамыз.

 

ІІ « 5 құндылық »

Сіздер әр қайсыңыз алдарыңызда тұрған ақ параққа  «Мен онсыз өмір сүре алмаймын, менің өмірімде ең басты нәрсе . . . » сіз үшін өміріңіздегі ең маңызды деген 5 құндылықты теріп жазыңыз.

1

2

3

4

5

 

           Талқылау:

  • Сіздің өмірлеріңіздегі ең басты құндылықтар не?

 

« 5  құндылық »

Тренингке қатысушылар өмірлеріңізге негізгі 5 құндылықты парақты 5 бөлікке бөліп жазамыз, әрбір құндылықты  маңыздылығына қарай номерлейміз.

  • Адам өз өмірінде  көптеген қиыншылықтар кездестіреді , өмір әрдайым бізге өзінің сый – сияпатын дайындап отырады. Біз өміріміздің қиын кездерін, қиыншылықтарын жеңе алуымыз керек бірақ бұл қиыншылықтарды жеңе алмадық. Сөйтіп, біз өміріміздегі ең маңызды деген 5 құндылықтың ішіндегі бесінші құндылығымызды жоғалттық.

бәріміз өзіміздің бесінші құндылығымыз жазылған қағазға қарап, құндылығымызды оқып, қағазымызды мыжып жерге тастаймыз.

  • Адам өмірінде қиыншылықтар әлі де бітпейді өмір бізді әлі де сынау үстінде. Біздің аяғымыз сүрініп тағы да жығылдық, өмірден тағы жеңілдік те енді біз өміріміздегі 4-ші құндылығымыздан айырылып қалдық.

бәріміз өзіміздің төртінші құндылығымыз жазылған қағазға қарап, құндылығымызды оқып, қағазымызды мыжып жерге тастаймыз.

Ия, өмір өте қиын және қатыгез, өмір бізге әлі де өзінің сый – сияпатын, өзінің қиыншылықтарын дайындап отыр, біз өмірдің бұл сынынын да өте алмай шалынып өз өміріміздегі ең маңызды деген 3 – ші құндылығымыздан айырылып қалдық.

бәріміз өзіміздің үшінші құндылығымыз жазылған қағазға қарап, құндылығымызды оқып, қағазымызды мыжып жерге тастаймыз.

  • Ия өмір өте қиын сәттерден, қиыншылықтардан және жоғалтулардан тұрады. Өмір әрдайым бізді сынау үстінде. Бірақ біз өмірдің барлық сындарыннан сүрінбей өтуіміз керек. Өз өміріміздегі маңызды 5 құндылықты жоғалтпай, сақтай білуіміз керек.

бәріміз өзіміз үшін ең маңызды 5 құндылығымыз жоғалтпайық, барлық жоғалтқан құндылығымызды теріп, жинап аламыз. Қағазымызды алып өміріміздегі ең маңызды құндылығымызды оқимыз .

Талқылау:

Сіз 5-ші құндылығыңызды тастағанда қандай әсерде болдыңыз?

4-ші құндылығыңызды тастағанда сіз қандай әсерде болдыңыз?

Сіз бірінші құндылығыңыздар айырылғанда қандай әсерде болдыңыз?

Сіз өмірлік құндылықтан айырылғаныңызда қандай сезімде болдыңыздар?

5 құндылықты жинап алғанда қандай сезімде болдыңыз?

 

«Ұстаздың ұлағатты сөздері»  

— Макаренко, Ушинский, Ы.Алтынсарин сияқты ғұлама ғалымдарымыз да, филосфтарымыз, педагогтарымыз,  сіздер мен біздер сияқты жай ғана ұстаз болған. Өмірде алған сабағынан, түсінігінен ой түйіп, қағазға түртіп  отырғын.Қазіргі кезде біз өмірде, тәрбиелік іс-шараларда ашық сабақтарда, күнделікті өмірімізде, тәжірибеде осы кісілердің нақыл сөздерін жиі пайдаланамыз. Сіздердің өмірілеріңіз баламен тығыз байланысты,тәжірибелеріңіз, көргендеріңіз мол  нағыз ұлағатты сөздер қалдырар адам мына сіздер.Олай болса бүгін тренинг барысында келген шешіміңізді, түйген ойларыңызды өкшелеріңізді басып келе жатқан жас ұрпаққа, жас мамандарға жазып қалдырайық

— Ұстаздар түйген ойларыңызды (нақыл сөздеріңізді) алдарыңызда таратылған қағазға жазамыз (бір екі сөйлеммен)

— Ұстаздар нақыл сөздеріңізді оқып тақтаға ілеңіздер.

 

Релаксация «Өмірдегі барлық жарқын істеріңе күш-жігер тілеймін»

 

Қорытынды;

  • Сізге бүгінгі тренинг ұнады ма?
  • Сіз бүгінгі тренингтен өзіңізге не алдыңыз ?
  • Сіз бүгінгі тренингтен не ұқтыңыз ?
  • Сіз бүгінгі тренингтен көкейіңізге не түйдіңіз?

 

           Құрметті ұстаздар бүгінгі тренингке белсене қатысқандарыңыз үшін  рахмет! Сіздерге отбасылық бақыт және шығармашылық табыстар тілеймін! Әрқашанда өмірлік құндылықтарымызды бағалай білейік.