Ақтау-қасиетті мекен шығарма

Ақтау-қасиетті мекен

 Мен биыл  Маңғыстау жеріне алғаш рет бет бұрдым. Пір Бекет Атаның жерін көзіңмен көрген мүлде бөлек екен. 362 Әулиелер мекені тылсымға толы  дүние. Оғыландыдағы Бекет Ата басына зиярат етіп келушілер де көп.

Отбасымызбен Бекет Ата жерасты мешітіне барып тәу еттік. Бекет Ата пайдаланған бұлақтар, құдықтары да әлі күнге дейін сақталған. Қасиетті мекеннің киелі арқарларын көргенде ерекше күй кешесің. Бойыңды ерекше сезім билейді екен. Оны сөзбен жеткізу мүмкін емес.

Содан кейінгі бағытымыз-Каспий теңізі болды. Көздей мөлдір терең екен.  Ұшы-қиыры жоқ теңіз тұп-тұнық. Судың астында аппақ лағылдай тастар алыстан шағылысып тұрады. Мен Каспий теңізіне шомылдым. Ұнағаны соншалық, судан шыққым келмеді. Қарт Каспийдің жағалауында адамдар көп демалады. Ақ айдын төсінде кемелер де қаптап жүр.

Тіпті, Ақтаудың ақ жұпар самалы да тамаша.Осылайша, қойнауы тарихқа толы Әулие абыздар мекені Ақтау маған өте қатты ұнады.       

Жоламан Жаншуақ

№73 жалпы білім беретін орта мектептің 3а сынып оқушысы     

\

 

 

 

 

 

Бекет Ата жерасты мешітіне кіріп тәу еттік. Бекет ата пайдаланған бұлақтар құдықтарыс осы күнге дейін  сақталған. Киелі мекеннің қасиетті арқарлары да алдыңнана шыға келгенде, ерекше күй кешесің.

Содан кейінгі бағытымыз-Каспий теңізі болды.