«Дені сау жанұя –тұғырлы мемлекет»

 

 

 

 

 

 

 

 «Нұр Отан» партиясының болашаққа бағдар: рухани жаңғырту бағдарламасы аясында, эстетика бірлестігінің онкүндігіне орай өтетін «Отбасы-Бақыт мекені» атты дәстүрлі «Дені сау жанұя-тұғырлы мемлекет» жанұялық-спорттық сайысы.  

 

 

 

 

 

 

                                 

                                                         

                                                                                                                                                     

                                                                                                           

 

 

 

 

 

 

                                                                                           

                                                                                    «Отбасы-Бақыт мекені»                                                  «Дені сау жанұя – тұғырлы мемлекет» тақырыбындағы  дәстүрлі

жанұялық-спорттық сайысының

ЕРЕЖЕСІ

 

І. Мақсаты мен міндеттері:

— ұрпақтар сабақтастығы, жасы үлкендерге құрмет корсету, балаларға қамқор         болу, еңбексүйгіштік пен білімге құштарлық дәл отбасыларын қалыптастыру.

— мектеп-оқушы-ата-ана  арасындағы байланысты дамыту, өзара қолдау дәстүрлерін дамыту;

— «Салауатты өмір салтын насихаттау» бағдарламаларын жан-жақты насихаттау және жүзеге асыру;

 ІІ. Өтетін орны және мезгілі:

               «Жаңа Ғасыр» №175 гимназиясының  спорт залы

23 қаңтар 2019 жыл, сағат 13:00.

          ІІІ. Жарысқа қатысушылар және топ  мүшелері:

Жарысқа 6-сынып оқушылары мен ата-аналары қатысады. Топ құрамында : 3 адам (әкесі, анасы, баласы)

          ІV. Сайыс түрлері:

  1. «Мергендер»сайысы
  2. «Өрмекші»сайысы
  3. «Көптүрлі  ұлттық» сайысы
  4. «Кенгуру» сайысы
  5. «Паравоз» сайысы
  6. Сайыс ережелері:

               Сайыс мектеп бағдарламасындағы  қозғалмалы –эстафеталық ойындар ережесімен өтеді. Ойындар 10 баллдық жүйемен бағаланады. Барлық топ мүшелері біркелкі  спорттық киімде болуы шарт.

 

  1. Тапсырыстар:

Медициналық қызметкердің және сынып жетекшісінің қолымен     расталған тапсырыс жарыстан 1 күн бұрын тапсырылады.

 

VII. Марапаттау:

                   Жеңімпаз атанған және жүлделі орын алған командалар гимназия     әкімшілігінің мадақтама қағаздарымен, естелік сыйлықтарымен марапатталады.

 

 

 

 

 

 

                     5 сынып оқушылары мен ата-аналарының арасында «Дені сау жанұя –тұғырлы мемлекет» тақырыбымен

өтетін дәстүрлі  сайыстың

 

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

1-жүргізуші:

-Құрметті көрермендер! Қадірлі қонақтар!

«Дені сау жанұя –тұғырлы мемлекет» тақырыбымен  6 сынып оқушылары мен ата- аналарының  арасында  өтетін дәстүрлі «Дені сау жанұя-тұғырлы мемлекет» Отбасы-Бақыт мекені  атты сайысымызды  бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші: 

Мақсатымыз ер жету талапты боп,

Не үйрендік? Не білдік? Не білмекпіз?

Танылайық жарыста ынталы боп

Топ алдына лайық даралансақ.

Көпшілікпен жақсы атпен бағалансақ,

Бұл жарыстың табысты жетістігі,

Келешекте көрінер асу-асқақ.

Ал, енді жарысымызды-бастайық біз!

 

1-жүргізуші:

Ортаға бүгінгі сайысымыздың әділ-қазылар алқасын шақырып таныстырайық!

Әділ-қазы алқасының төрайымы.

      —   Ушурова Айнур Аркинқызы-директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

    Әділ-қазы алқасының мүшелері. 

      —   Интин Түсіпхан Кимұлы –дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, «Нұр Отан»

БПҰ төрағасы.

—   Сүлеймен Улжан –гимназия тәлімгері

—   Аяатбек Сымбат –гимназия писхолыгы

2-жүргізуші:

Денсаулық-шексіз бақыт

Уа, халқым,назар аудар денсаулыққа

Өмірде бақыттысың денің сауда

«Денсаулық-терең бақыт»-деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамызда.

Денің сауда күштісің бұл әлемде,

Денің сауда сұлусың жер бетінде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында

Жетерсің әлі талай жеңістерге.

 

 

 

 

Бүгінгі сайысымызға  қатысатын сайыскерлерді ортаға шақырамыз:

 

1-жүргізуші: 

          №1   «Құлагер»тобы                                     жанұясы            5«А» сыныбы

№2   «Сұңқар» тобы                                      жанұясы           5«Ә» сыныбы

          №3   «Қыран» тобы                                       жанұясы           5«Б» сыныбы

№4   «Жұлдыз» тобы                                     жанұясы           5«Г» сыныбы

№5   «Жалын» тобы                                      жанұясы           5«Ғ»сыныбы

№6   «Жас Ұлан» тобы                                   жанұясы           5«М»сыныбы

 

  • Дене шынықтыру пәні мұғалімі:Досанов Е. сайыстың бас төрешісі: Т К Интинге рапорт береді.
  • Дене шынықтыру пәні мұғалімі:Досанов Е: Жарысқа қатысушылар түзел! Тік тұр! ҚР мемлекеттік туына түзел!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.

2-жүргізуші:                                                                                                                          Мәнді қимыл жасаймыз

Маған назар бұрыңдар

Дем алыңдар бір-екі!

Демалыңдар бір келкі

3,4,5-деп енді

Бүгейік қос тізені.

Көтер қолды алға да

Көтер оңға-солғада

Терең дем ал: 1,2,3.

Терең дем ал,жүре түс.

Жаттығулар не түрлі

Денсаулықтың кепілі

 

1-жүргізуші:

Спорт алаңына сайысқа қатысушы топтарды  жалпы бой жазу жаттығуларын жасауға шақырамыз.

  • Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Бой жазу жаттығуына Қара жорға биі. Сайыстың бас төрешісі:Досанов Е: сайыстың ережелерімен және қауіпсіздік техникасымен  таныстырады

 

      2-жүргізуші:        Дені саудың-жаны сау,

Денсаулық-сенің байлығың

Мықты болсаң досым-ау,

Жуымас саған қайғы-мұң.

 

1-жүргізуші:сайысымыздың 1-кезеңін бастаймыз.

  • «Мергендер» сайысы

Баскетбол добын алып жүре кедергілерден өтіп барып бір оқпен нысанадағы шарды жару,  доппен жылдам қайту.

 

 

 

 

2-жүргізуші: ортаға  барлық сайысқа қатысушылар шақырамыз

Сөз әділ-қазылар алқасында-бағалау.

Музыкалық сәлем

 

1-жүргізуші:    Жатып ішер боп жалқау,

Бойкүйез болма еріншек.

Айналысып спортпен,

Талаптан, Жаттық еңбекпен.

 

2- жүргізуші: сайысымыздың 2-кезеңі

 

  • «Өрмекші» сайысы

Әр сайыскер өрмекші тұрысына отырып допты кеудесіне қойып белгіленген қашықтыққа барып-қайтады.Жарыс уақытқа өтеді.

  • жүргізуші:

Ортаға  №1,№2,№3 топтар бір жаққа шақырылады

№4,№5,№6 топтар бір жаққа шақырылады.

2- жүргізуші: Әділ- қазы алқасының топтарды бағалауын сұраймыз

 

2-жүргізуші: сайысымыздың 3-кезеңі:

 

  • «Көптүрлі сайыс, ұлттық ойын»

1-жүргізуші:                  Денің сау болсын десең,

Ұзақ өмір сүргің келсе,

Жаңа достар тапқың келсе,

Көңілім сергек болсын десең

Зиянды әдеттен аулақ болғын келсе

Өз еркіңе тоқтау салып

Спортпенен  шұғылдан!

Ұлттық ойын Тұмақ ұру аналар, Ұлттық ойын Сағат әкелер, Ұлттық ойын

Асық ату балалар.

2-жүргізуші: сайысымыздың 4-кезеңі

  • «Кенгуру » сайысы.

Әкесі, анасы мен баласы (кезекпен) допты тізесіне қысып барып, қайтқанда допты еденге ұрып екінші адамға беру.

                                                      

 

                                                                     

                                                                                                                                        1-жүргізуші:  Салауытты ғұмыр кешем десем,

Арманыңа жеткің келсе,

Үлгілі болам десең.

Өнерлі болғың келсе,

Өз еркіне тоқтау салып,

Спортпенен  шұғылдан.

2-жүргізуші: келесі 5- сайысымыз

 

  • «Паравоз» сайысы

 

Әкесі анасын, анасы баласын алып кетіп, кедергіден жүгіріп айналып келу.

1-жүргізуші: Музыкалық сәлем

Әділ – қазылар алқасының баға қорытынды.

                  

      1-жүргізуші:    Қайрат етер кезіңде жүк көтерер нардай бол,

Ақыл айтар кезіңде жүз жасаған шалдай бол!- деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқан қанатты сөзіменен сайысымыздың соңғы 6-кезеңін бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші:   

Ортаға  №1,№2,№3 топтар бір жаққа шақырылады

№4,№5,№6 топтар бір жаққа шақырылады.

  • Қорытынды бөлім.

1-жүргізуші: «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, үшеуімен бақытты болады өмір»,-  деген нақыл сөздер айтылған.

«Білімді, дені сау, таза жүрек, салауатты өмір салтын орындауға, саналы жанұя болыңыздар», — деп бүгінгі «Дені сау жанұя – тұғырлы мемлекет» тақырыбымен өткен  сайысымыздың қорытындысын Гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ушурова А.А қорытады.

                                                                                                                                (Қорытындылау,  марапаттау рәсімі, салтанатты жабылуы)