Латын әліпбиіне көшу; рухани жаңғырудың бастамасы

Латын әліпбиіне көшу; рухани жаңғырудың бастамасы

 

Бүгінгі таңдағы басты мәселе болып отырған латын әліпбиіне көшуді мен басқаша атар едім.Біз латын әліпбиіне қайта оралып жатырмыз.Біз тарихымызға,өз тіліміздің мәдениеті мен салтына оралдық.Бұл-үлкен қуаныш. Осыдан көп жылдар бұрын біз латын әліпбиінен кириллицаға көшкен едік.Нақтылай келсек, 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін » енгізу туралы қаулы қабылданған болатын.Лтын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі  1929 жылдан  1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылдың 13 қарашасында қабылданған заңға сәйкес, «Қазақ жазуын латындырылған әліпбиден орыс графикасына негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданып, халық жаппай орыс алфавитінде хат тани бастаған еді.Бірақ қазақылықтың қаны бар біз өз тілімізге жат орыс тілінің «ящик» сөзін  «жәшік» деп, тағы басқа сөздерді де өзімізге ыңғайлап алған болатынбыз.[1, 1-б.]

 

Жалпы, қазақ халқы егемен ел болғалы  латын әліпбиіне көшу туралы үнемі айтылып, күні бүгінге дейін қаншама талқылауларда сан-алуан ұсыныстар беріліп,әлі бір тоқтамға келе алмай жүрген өзекті мәселенің бірі болатын.Бірақ Қазақстадағы экономикалық, демографиялық жағдай тосын шешім қабылдауға мүмкіндік бермеді. Сондықтан да,өмірді терең танитын, әлемдік саясаттың ішкі иірімдерін жақсы білетін болғандықтан,Н.Ә.Назарбаев: «Кімге күш көрсетеміз? Жан-жақты көршілермен қырғи қабақ болып ертеңгі күні елімізді үлкен-үлкен ұлттарға,елдерге қарсы қойып,талан-таражға түсірсек тіл тұрмақ бас қайғы болады. Шыдау керек.Көпірден өтетін уақыт онша көп емес.Бір он бес – жиырма жыл уақыт керек.»-деген болатын «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайында.

 

Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 2006 жылғы XII сессиясында сөйлеген сөзіндеде латын әліпбиі туралы әңгіме өрбіткен болатын. Онда: «Латын әліпбиіне қарайтын кез келді. Бұл мәселені кезінде кейінге қалдырған едік.Қалай болғанда да, латын әліпбиі бүгінде телекоммуникациялық салаларда басымдыққа ие болып отыр.Сондықтан да, бұрынғы кеңестік елдердің көпшілігінің латын әліпбиіне көшуі де кездейсоқ емес.Мамандар осы мәселені зерттеп,нақты ұсыныстар жасауы тиіс.»,- деген еді Ұлт Көшбасшысы.[2,6-б.]

 

Ал, арада алты жыл өткеннен кейін Елбасы тағы да бұл мәселеге қайта оралып, «2025 жылы Қазақстан латын әліпбиіне көшеді», — деп нақтылап айтуы еліміз жұртшылығының көптен күтіп жүрген көңіл түпкіріндегі күпті ойы еді. Осылайша, Елбасымыз өз Жолдауларында жария етіп, қоғамдық ойдың талқысына салды.Міне осылай жаһандық үдерістерді саралай келіп, «Латын әліпбиіне көшу; рухани жаңғырудың бастамасы»,- арқылы қазақ,орыс,ағылшын тілдерін қатар меңгеруге мүмкіндік беретінін сараланды.

 

Латын әліпбиіне көшу туралы Н.Ә.Назарбаев 2017 жылдың 27 қазанында Үкіметке  2025 жылға дейін латын графикасына ауыстыру туралы шешім қабылдаған болатын.Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жалпыұлттық біріктіру факторы ретінде мемлекеттік тілдің рөлін одан әрі биіктете түсетініне, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтатынына , ұлттық кодымызды сақтауды қамтаасыз ететініне нық сенімдіміз.Латын графикасына көшу еліміздегі көптілділіктің дамуына жағдай жасайды.[3]

 

«Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне ,латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге,балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруге, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады»- деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өткен болатын.

 

Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың бір тармағы. Эксаномикалық даму жолына түскен саясаты сындарлы еліміз үшін енді рухани түрлеу кезеңі туды.Осы сәтте латын әліпбиіне көшу болашағымыз үшін маңызды. Қазіргі әлемнің 21 елі латын әліпбиін қолданады.Қазақстанның рухани болмысы мен қоғамдық ой – сананы өзгертіп,оны жаңғыртуға зор үлес қосады.Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатыны байқалады.Латын әліпбиіне көшу – бұл әлемдік білім саласын игеру үшін жасалып жатқан оқу бағдарламасына сәйкес, бүкіл әлем қарым-қатынас жасайтын ағылшын тілін жастарымыздың тезірек игеруіне мүмкіндік жасайды.Әлемдік деңгейде қазақ жастарының биік деңгейде болуы үшін және әлем жастарымен тіл табыса алатын деңгейде болуы үшін де латын графикасына ауысуымыз өте маңызды болып табылады.

 

Латын әліпбиіне көшкенде ұтатын және ұтылатын тұстарымыз?

Алдымен бүгінгі компьютер заманында интернет жүйесінде үстемдік ететін латын әліпбиі екендігін мойындауымыз керек.Бәріміздің электрондық поштамыз бар.Ол поштамыз кирил,араб, немесе басқа емес латынмен жазылған.Ал латынның бізге берері дегенде толып жатқан тиімді түстарын көрсетуге болады.Яғни,латын әліпбиі бізге таңсық емес. Ол біздің қоғамға еніп кеткен .Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз төмендегідей. Біріншіден,тіл тазалығы мәселесі.Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып,сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле,ережелердің қысқаратыны белгілі.Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді.Уақыт та, қаржы да үнемделеді.Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады.Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кіруге тиімді жолдар ашылады.Төртіншіден,түбі бір түркі дүниесі ,негізінен,латынды қолданады.Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, эканомикалық қарым-қатынасты,тығыз байланысты күшйтқуіміз керек.Ол да табиғи іс екенін айтқым келеді.

 

Латын әліпбиіне көшу мәселесі өткен ғасырда 90-жылдары көтерілді де тез басылып қалды.Тілші ғалымдар латын әліпбиіне көшудің тиімді жақтарын  жан-жақты дәлелдеп берген болатын.Солардың басты-бастыларын атап көрсетейік.

-шет елдердегі қазақтармен мәдени, рухани байланысты нығайту үшін;

-қазақ тілінің төл дыбыстарын таңбалауда ұтымды мүмкіндіктер туды , ол өз кезегінде тіл үйренушілерге жеңілдіктер береді.

-қазақ тілінің әуезділігі , орфоэпиялық заңдылығы қалпына келедң.

-түркі тілдес мемлекеттердің интеграциялану үрдісіне оң ықпал етеді.

-ағылшын тілін меңгеру оңайцлана түседі.

-Кеңес заманында жазылған , қазіргі заманға қажетсіз дүниелерден құтылу үшін , қажетті рухани жәдігерллерді елеп-екшеп алуға мүмкіндік туады.

 

 

Латын әліпбиіне көшудің ұтымды жақтары бұл айтылғандармен шектелмесе керек.Оны уақыттың төрелігіне қалдырайық.

 

Қолданылған әдебиеттер;

1.Семей таңы №87 31 қазан, 2017жыл 1-бет

2.Ақиқат журналы;Бақтияр Сманов 2017 жыл 6-бет

3.