«ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ — ӘЛЕМДІК КӨШКЕ ІЛЕСУ»

«ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ — ӘЛЕМДІК КӨШКЕ ІЛЕСУ»

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылдың 12 желтоқсанындағы        № 827 қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Бағдарламаның басты мақсаты — цифрлық технологияларды пайдалану мен дамыту арқылы  мемлекет экономикасының бәсекелестігін және халық өмірінің сапасын арттыру, әрі ұлттық экономиканы цифрландыру. Құжатты жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін, тұрғындардың 95 пайызын цифрлық xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде.

Жобаны іске асыру төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Бірінші бағыт – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру.

Екінші бағыт – көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда экономиканың салаларына цифрлы технологияны ендіру.

Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру.

Төртінші бағыт – IT-мамандарды даярлау.

Қарап отырсақ, бұл жұмыстардың барлығы атқарылып жатыр.  Интернет желісі қолжетімді болу үшін облыс, аудан орталықтарынан бөлек, шалғайдағы ауылдарға да қолайлы жағдай жасалуда. Айналасы бірнеше жылдың ішінде қазақстандықтар неше түрлі ұялы телефондарды ұстады. Жыл өткен сайын олардың функциялары өзгеріп, мүмкіндіктері де арта түсті.

Бүгінде ұялы телефоныңыз тек байланыс құралы ғана емес, сонымен қатар, интернет желісіне еркін қосылатын компьютер сияқты. Адамдар ұялы телефондарына сан алуан әлеуметтік желілерді жүктеп, қоғамда орын алған оқиғаларға байланысты ой-пікірлерін білдіретін болды. Сондай-ақ, ұлттық жерсеріктік «OTAU TV» теле-радиохабар тарату желісі іске қосылып, отандық арналардың аудиториясы кеңейіп, мүмкіндігі арта түсті.

Цифрлық технология бұдан бөлек денсаулық сақтау және білім беру салаларында да қолданыста. Сонымен қатар осы бағдарлама үлесінде Қазақстан мектептерінде электронды күнделікті қолданып жатырмыз. Қазіргі таңда мектебімізде әрқайсысы 15 компьютермен жабдықталған екі оқу кабинеті, оның бірі ІТ кабинеті ретінде жабдықталуда. Кешегі күні мектебіміздің әрбір оқу кабинеттері ДКмен толықтырылып интернет желісіне қосылды. Мұның өзі осы бағдарламаның дәлелі деп айтуға болады.

«Цифрлы Қазақстан» тек бір ғана IT саласын ғана емес, сондай-ақ,  қоғамдағы өзге де салаларды дамытуға бағытталған. Бұл ретте әлемдік деңгейдегі жетістіктерді ескеруіміз қажет. Бірде-бір газеті немесе телевидениесі жоқ «Facebook» әлемдегі басты медиа топ болып,  ал, «Alibaba» деп аталатын жер бетіндегі ең үлкен сауда жүйесінің не дүкені, не сауда орны жоқ. Олар электронды саудамен айналысады екен.

Мемлекет басшысы онлайн сауда мен мобильді банкинг дегенде елдің назарын осыған аударып отыр. Біз бұған үрке қарамауымыз керек.

Жалпы, Қазақстанда ақпараттық технологияларды мемлекеттік секторға ендіру жұмыстары осыдан он жыл бұрын сәтті басталғанын айта кету керек. Оған бір ғана мысал келтіруге болады, ол – eGov жүйесі немесе Қазақстанның электронды үкіметі. Дәл осы жүйенің көмегімен бүгінде жүздеген операцияны компьютер алдында отырып-ақ жүргізе аласыз. Құжат рәсімдеу, коммуналды қызмет түрлерінің ақысын, салық, айыппұл, сақтандыру және өзге де қызмет түрлерін үйде отырып төлеуге кез-келген қазақстандықтың мүмкіндігі бар. Осы eGov жүйесі арқылы әртүрлі анықтамаларды  ЭЦП (электронды цифрлы қолтаңба)  арқылы алуға болады. Осы орайда  6 класс бағдарламасында ЭЦП туралы түсініктеме берілген. 2018 жылы Информатика пәнінің оқытушысы Баекешова Г.С. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша қалалық семинарға қатысып, еGov жүйесін пайдалану мүмкіндіктері туралы ұжым мүшелеріне және ата-аналарға оқыту жұмыстарын жүргізді. Қараша айының 26-нан желтоқсанның 8-не дейін «Робототехника және 3Д – принтинг» тақырыбындағы жүргізілген курсқа барып өз білімін жетілдіріп келді.

Ал, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында бұл жүйенің жұмысы одан әрі жетілдірілу үстінде.

Жаңа технологиялардың артықшылығы жеткілікті. Мәселен, ғаламтордан тамашалап жүрген ақылды үйлерде бәрі оңай басқарылады. Екі алақанды бір-біріне соғу арқылы жарық қосылса, теледидарды дыбыспен өшіріп-сөндіруге болады. Сол сияқты ас бөлмесі мен жуынатын бөлмеде де осы секілді кереметтерді жасауға болады екен. Қолыңды созсаң судың ағатынын өз көзімізбен көрдік. Таңғалатын нәрсе. Бірақ, бұл дәл қазір біз өмір сүріп жатқан қоғамда болып жатыр. Оған ілесу үшін біз барынша білімімізді жетілдіріп отыруымыз қажет. Мұнымен қоса жаңалықтарды уақытында қабылдау да маңызды. Қазір ақпараттың жылдам тарайтын заманы. Әлем бойынша бір секундта 10 сайт ашылады екен. Тіпті, бір дегенде үш миллион хат жіберіледі. Біздің балаларымыз осы үдерістен қалып қоймауы керек. Бір сөзбен айтқанда, цифрлы жүйе әлемдік көшке ілесу үшін қажет.

Осы орайда мектепте  1) ІТ кабинеттерінің технологиялық жабдықталуы толық қамтылса.

2) Ақпараттық технологиялар бойынша факультатив сабақтар мен Робототехника курстарының  ашылуы қолға алынса.

 

  1. ЭЦҚ- ұжым мүшелерінде болуы міндеттелсін және цифрлы сауаттылықты арттыру қолға алынсын.
  2. Мектепішілік интернет желісі әр кабинетте қолжетімді болуы толық қамтылсын.