Сутек – химиялық элемент және жай зат. Сутектің изотоптары.

Сын  тұрғысынан  ойлау (СТО)  химия  сабағын  жан – жақты  түсіндіру.

Мұғалімнің аты-жөні Әбілдаева  Индира Шамшатқызы Қызылорда  облысы, Ш.Ермағанбетова  атындағы  №246  орта  мектеп
Сыныбы 8 сынып,  Химия 41 сабақ Күні:
Сабақтың тақырыбы: Сутек – химиялық элемент және жай зат. Сутектің изотоптары.
Сілтеме Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  Н.Нұрахметов. 8 —  сынып  оқулығы. К. Жексембина әдістемелік нұсқау.
Жалпы мақсаты  Сутек атомының, сутек молекуласының, жай зат ретінде сутектің құрамын, құрылысын, қасиеттерін сипаттайды.          Сандық сипаттамаларын анықтайды. Табиғаттағы кездесуін талдай отырып, изотоптарының құрылысын біледі.
Күтілетін нәтиже  Сутектің құрылысына, сандық сипаттамаларына толық талдау жасай біледі.
Негізгі идеялар  Сутек – жеңіл, жанатын, иіссіз, түссіз, табиғатта кең таралған, белсенді газ.
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта,  интерактивтік тақта арқылы Power Point, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар.
Сабақтың түрі Жаңа білімді игеру сабағы.
Әдіс- тәсілдер Сергіту сәті, АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар, «Деңгейлеп  оқыту» әдісі
Сабақ бойынша мұғалім Мұғалім іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен  амандасып,  түгендеу.  Оқушы  назарын  сабаққа  аудару.

Оқушыларды  адасқан  әріптер  арқылы топқа бөліп отырғызу. Оттек, сутек,  азот  деп  үш  топқа  бөлеміз

Оқушы іс-әрекеті

Топқа  бөлінеді

 

Өткен  тарауды  пысықтау №1 тапсырма. Тест  тапсырмасы:

1). Жылуды  сыртқа  бөле  жүретін  реакциялар?

А) Термохимиялық

Б) Эндотермиялық

В) Экзотермиялық

2) Оттегіні медицинада қандай ыдыста сақтайды?

А) Шыны ыдыста

Б) көк баллонда

В) қызыл баллонда

3) Мольдік  көлем( Vm)  шамасы?

А) 22,4

Б)  6,02*1023

В) 1 моль

4)Ауадағы  оттектің  мөлшері

А) 78%

Б) 21%

В) 1,92%

5) Озонның  формуласы

А)О3

Б)О2

В)О

№2 тапсырма. Кім шапшаң?
Реакцияны  толықтыр. Өнімді ата.

І топ

P+…  → P2O3

ІІ топ

АI+…  →АI2O3

ІІІ топ

P+…  → P2O5

Оқушылар тест тапсырмасын  топпен орындайды,  берілген  реакцияны  толықтырып, шыққан  өнімнің  атауын атайды.
Білу

 

 

 

 

ББҮ  кестесінің  екі  графасын  толтыруға  тапсырады.

Ø Сутек туралы білгендері айтылады

Ø Сутектің периодтық жүйедегі орны

Ø Табиғатта таралуы.

Ø Атом құрылысы .

Ø Электрондық құрылысы

Ø Сутек молекуласының байланыс сызбанұсқасы

Білемін Білгім  келеді Үйрендім
 

 

   
Оқушылар «ББҮ»  әдісі  бойынша  алғашқы  екі  графасын  толтырады, сутек туралы білгендері айтады

 

 

 

 

Түсіну

 

 

 

 

 Топтық  жұмыс. 6  қалпақ  ойыны  арқылы  жаңа  сабақты түсіну. Әр  топтан  өзара  екі  топ  шығарылады.  Әр  топқа  екі  қалпақтан.

™ 1 топ: Сутектің  сипаттамасы,  табиғатта  таралуы

Ақ қалпақ» киген топша оқулық бойынша  сутегінің қасиеттері туралы білетін ақпаратын айтады.

«Сары қалпақ» киген топ сутегінің пайдасы туралы айтады  және қолданылуын түсіндіреді.

™ 2 топ:  Сутектің  ашылу  тарихы және  өнеркәсіпте  алу;

 «Қызыл қалпақ» киген топша Сутегі  атом  бомбасының адам ағзасына зиянын,әсерін рольдік ойын арқылы көрсетеді ,яғни эмоцияны көрсетеді. Ролге кіре отырып көрсетеді.

«Жасыл қалпақ» киген топ сутегі  элементінің  изотоптары туралы қандай қосымша мәліметтер білетінін айтады. «Изотоп»  сөзіне  анықтама  береді. Оқушылар желі мәліметтеріне сүйенуге болады.

™ 3 топ: Сутекті  зертханада  алу.

 «Қара қалпақ» киген топ сутекті  өнеркәсіпте  алу  жолын  реакция  теңдеуі  арқылы  түсіндіреді

«Көк қалпақ» киген топша барлық айтылған ойларды қорытындылайды,яғни барлық қалпақтарды кие алды ма деген сауалға жауап береді.Әр қалпақтың айтқан пікірлерін сараптап,өз ойын айтады,қалдырып кеткен жерін айтады.

 Оқушылар әр топ мәтінді  оқып,  танысып,  талдап өз ойларын постерге түсіреді. Соныңда әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Жұмыстары бағаланады.

Қолдану

 

 

Тәжірибе арқылы қорытынды жасалады.

Сутегін алу,  Сутегін жинау.  Сутегінің тазарғанын тексеру;

Оқушылар тәжірибе арқылы қорытынды жасайды

 

Талдау Жұптық  жұмыс:  Оттегі мен сутегін , ауаны салыстырмалы  кесте арқылы салыстыру.

1.Сәйкесін тап

Заттар
О2 Ауа Н2
1 4 5 8 2 3 9 1 6 7 10

1.Жәй  зат

2.Қоспа

3.Құрамында  78% азот болады

4.Латыншы «қышқыл тудырушы» деген мағына береді

5.Ауада бос күйде 21 %

6.Латынша «су тудырушы» деген мағына береді

7.1776 жылы ағылшын ғалымы Г.Кавендиш алды.

8.Адам организмінің 65 %- н алады.

9.1774 жылы француз ғалымы А.Лавуазье құрамын анықтаған.

10.Судағы  массалық  үлесі 11 %

Оттегі мен сутегін және  ауаны қасиеттері арқылы салыстырмалы  кестеге  түсіреді

 

 

 

 

Жинақтау

 

 

 

 

             Өндірісте  алу        Зертханада  алу
2О =……+…….

CH4+2H2O=…….+…….-……..

Zn+…….=ZnCl2+H2

2Na+2H2O=2NaOH+…….

Кестенің  оң жағын  кітаппен  өздігіннен  жұмыс істеу  арқылы оқушылар өздері толтырады.

Есеп  бұрышы:

1.     Массасы 4г кальций  сумен  әрекеттескенде қанша грамм сутек  бөлінеді?

2.     3  моль сутектің  (қ,ж)  көлемін, массасын  есепте.

3.     Су  құрамындағы  сутектің  массалық  үлесін  тап.

 Кестені оқушы  өздігінен  жұмыс істеу  арқылы өздері толтырады..

Есеп шығарады

Дайын жауабы арқылы бірін-бірі бағалайды

Бағалау

 

 

Екі жұлдыз, бір тілек арқылы  оқушылар сабақты бағалайды.

Үйге тапсырма. §31. 3,4,6 –жаттығулар.

Рефлексия

Екі жұлдыз, бір тілек арқылы  оқушылар сабақты бағалайды.