Бейбіт елдің ұланымыз

Бейбіт елдің ұланымыз

 

Біз тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Кең байтақ жеріміз, жасыл жайлау, сарқырап ағып-жатқан өзен-көліміз бар. Біздің мемлекетте көпұлтты ұлт өкілдері тұрады. Олар бір-бірімен тату-тәтті.

Ынтымағы жарасқан елде ел болашағы-балалар үшін барлық жағдай жасалған. Біз тегін білім алып жүрміз. Қайда білім алғымыз келсе де жол ашық.

Қазақстан қазіргі таңда әлемге танымал болды. Еліміз күн сайын қарыштап дамып келеді. Оның бір мысалы ретінде ару қала Астананы алуға болады. Астананың қалыптасып, дамуына елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі  ерен.

Нұрсұлтан ата біздің бақытымыз үшін қолдан келгенін жасап жатыр. Ол кісіге жас ұрпақтың айтар алғысы шексіз. Гүлдене бер, көркейе бер, Менің Қазақстаным!

 

 

Жанерке Жоламан

№73 жалпы білім беретін орта мектептің 1 а сынып оқушысы 

Жетекшісі Ерлепесова Ақмұнар