Кристалл және аморф денелер.

Тараз қаласы, М.Мәметова атындағы №27 орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Айтжанова Г.Ә.

 

10а сынып                 14.01.           

Сабақтың тақырыбы: Кристалл және аморф денелер.

Білімділік мақсаты:    аморф, кристалл, деформация түрлерімен таныстырып білімдерін арттыру

Дамытушылық мақсаты: механикалық  кернеу, Гук заңы, серпімділік модулі туралы білімдерін дамыту

Тәрбиелік мақсаты: білгенін, үйренгенін  ғылыми негізде баяндай білуге тәрбиелеу

Көрнекті құралдар: кристалл торлар, плакаттар,электрондық оқулық.

Әдіс-тәсілдер: лекция, сұрақ-жауап, жазбаша.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

ІҮ. Жаңа материалды меңгерту

Ү. Жаңа материалды бекіту

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма беру

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық ахуал. Топка болу.

ІІ.Үй тапсырмасы тексеру.

Серпілмелі сауалдар.

  1. Сұйықтың беттік қабатында өтіп жатқан процесті қалай сипаттаймыз?
  2. Еркін энергия дегеніміз не?
  3. Беттік керілу коэффицентінің физикалық мағынасы неде?
  4. Сұйықтың қатты денеге жұғу жұқпау қасиеті қандай?
  5. Капиллярлық құбылыс дегеніміз не?
  6. Сұйықтың майысқан бетінің тудыратын қысымы қандай?

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

  1. Буланудың температураға тәуелді ме?
  2. Қаныққан будың касиеттері қандай?
  3. Қанықпаған булардың касиеттері қандай?
  4. Қайнау дегеніміз не?

ІҮ. Жаңа сабақты баяндау. Элетронды оқулық.

  1. Аморф денелер Қатты денелер, олардың құрылысы
  2. Қатты денелер, олардың құрылысы
  3. Қатты денелердегі деформация түрлері.

Топтарға тапсырмалар беру

І топқа. Аморф денелер Қатты денелер, олардың құрылысы

ІІ топқа. Қатты денелер, олардың құрылысы

ІІІ топқа. Қатты денелердегі  деформация түрлері.

Топтардың бірін-бірі бағалауы

  1. Сабақты бекіту.

Жеке жұмыс. Кестемен жұмыс жасау

Тірек конспект қатты денелердің қасиеттері.

Қатты денелер
Кристалл Аморф
Монокристалл Поликристалл Изотропия
Анизотропия Изотропия  
  1. Деформацияның түрлері және оны спаттайтын шамалар. Кесте:
Шаманың аты таңбасы формуласы Анықтамасы
1 Абсолют ұзару ∆l ∆l=l- l0 өлшемнің сандық өзгерісі
2 Салыстырмалы e Бірлік өлшемінің өзгерісі
3 Механикалық кернеу s Деформацияланған қатты денедегі ішкі күштердің әрекетін сипаттайды

 

№2.224.

Шыбық осьінің бойымен бағытталған қандай күшттің әрекетінен блокта 150 Па механикалық кернеу пайда болады. Блоктың диаметрі 0,4см.

 

№2.225.

Жүктеменің әрекетінен ұзындығы 5,4 м сым 2,7 мм-ге ұзарды. Сымның абсолют және салыстырмалы ұзаруларын аықтаңдар.

 

№2.226. Ұзындығы 2м алюминий сым созылғанда 35 МПа механикалық кернеу пайда болады. Сымның салыстырмалы және абсолют ұзаруларын табыңдар.

Сабақты бекіту сұрақтары.

  1. Механикалық кернеу дегеніміз не?
  2. Деформация түрлері қандай?
  3. Гук заңы қандай?

ҮІ.Білімдерін   бағалау.  

 ҮІІ.Үйге тапсырма беру .    7.1.  оқу