Жануарлар. Заттың атын білдіретін сөздер
Бекітемін:
Оқу-ісінің меңгерушісі:
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар.Заттың атын білдіретін сөздер.
Сабақтың мақсаты:а/Оқушылардың заттың атын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік жасау,өлеңді мәнерлеп оқуға және өлеңнің негізгі идеясын аша білуге үйрету.
ә/Балалардың ойлауын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту;
б/Ұйымшылдыққа,достыққа,адамгершілікке тәрбиелеу;
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың өтілу барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
Балалардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ.Өткен сабақты пысықтау.
ІІІ.Жаңа сабақ.
-Ерте,ерте,ертеде
Ешкі жүні бөртеде,
Қожанасыр саяхатқа шығыпты,
Ол бірнеше елдерде болыпты.
Бүгін бізге қонаққа келіпті.
-Ал кәне Қожанасырды қарсы аламыз ба?/ия/
-Қожанасыр бізге сыйлық ала келіпті.
Сыйлықты алу үшін сөзжұмбақ шешіп көрелік:
1.Қандай жануар кісінейді?
2.Аң патшасы не?
3.Ең қорқақ жануар?
4.Сиырдың төлін не дейміз?
5.Қандай жануар балды жақсы көреді?
6.Бұзаудың енесін не дейміз?
[ж]ылқы
[а]рыстан
қоя[н]
бұза [у]
[а]ю
сиы[р]
Ендеше ерекше сызықтағы сөзді тігіннен оқиықшы.
-Жануар деген сөз шықты.Бізге Қожанасыр сыйлыққа «жануарлар елін» алып келіпті.Бүгінгі өтейін деп отырған сабағымыз-жануарлар жайлы екен.
Оқулықпен жұмыс. 205-жаттығу.
1.Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
2.Оқушылардың мәнерлеп оқуы.
3.Мәтін мазмұнына байланысты сұрақтар:
а/Жануарлар құрылысына қарай қандай болып бөлінеді?
ә/Олар қашан пайда болған?
б/Ғалымдар жануарларды қандай топтарға бөледі?
в/кімдер?нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді табыңдар
Дәптериен жұмыс
206-207 жаттығуларды орындау.
ІҮ.Қорытынды
Оқулықтан тыс қосымша тапсырма:
Мына сөзднрді қатыстырып сөйлем құрастырыңыздар:
Ұшқыш, мұғалім, теміржолшы, аңшы, биші, суретші, құрылысшы.
Ү.Үйге тапсырма.Бағалау.