Дауыссыз л мен р
Сыныбы: 2 «В»
Пәні: қазақ тілі
Тақырыбы | Дауыссыз л мен р | |||||||||||||||||||||||||||||||
Мақсаты | Білу: Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырата білу,еске түсіру
Түсіну:Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырата білу.л, р әріптерінің алдында ы,і естілгенімен, олардың жазылмайтынын дәлелдеу. Қолдану: л мен р дыбыстарынан басталған сөздерді бағанға бөліп жазу, мақалдарды оқып жатқа жазу Талдау: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып өлең құрастыру Жинақтау: Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасау. Бағалау: Л мен р дыбыстарынан басталатын сөздерге мысал келтіру |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтиже | Білу: Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырата білу,еске түсіреді.
Түсіну:Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырата білу.Л, р әріптерінің алдында ы,і естілгенімен, олардың жазылмайтынын дәлелдейді. Қолдану: Л мен р дыбыстарынан басталған сөздерді бағанға бөліп жазу, мақалдарды оқып жатқа жазады. Талдау: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып өлең құрастырады Жинақтау: Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Бағалау: Л мен р дыбыстарынан басталатын сөздерге мысал келтіреді. |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың құрылымы | І. Ақпарат блогы.
ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы. ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы. ІV. Интеллектуалдық тренинг блогы. V. Күтілетін нәтиже блогы. |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Оқыту әдісі:
«АКТ» «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық». Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы: Бақылау-сынақ сабағы. Танымдық тапсырмалар: Сабақтың ЖБЕА блогында беріледі. Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру: Күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін алгоритм бойынша жаттығуларды орындап, суреттерді пайдаланып сұрақтарға жауап беру; Өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау. Оқушыда дағды қалыптастыру: Өзін-өзі дамыту дағдылары – өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай «сәттілік сәтіне» ұмтылу; жинақталған білім мен қалыптасқан дағды негізінде ой қорыта алу. Негізгі ұғымдар мен терминдер: Ақпарат көздері: Интернет желісі, Оқулық. Сабақты бағалау: Оқушының оқу іс-әрекеті ол СТК-дағы тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты бағаланады.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
І. Ақпарат блогы. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Тақырып жоспары:
1.Менің сыныптастарым 2. Сыбырлақ 3. Асқар Тоқмағамбетов
Семантикалық карта
Ортасы Тапсырма «Қай әріп жоғалып қалды?» А…ма, а…на, та…ақ, нау…ыз, ға…ым, жа..ын, қа…ың
«Ойлан, тап»! Л, р дыбыстарының сөз басында, сөз ортасында, сөз соңында келуіне мысал келтіреміз.
Сергіту сәті |
||||||||||||||||||||||||||||||||
ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Қайсысы артық деп ойлайсың? | Лас, лауазым, ылайық, лақ, лай, ылашын, ілезде
Рас, ыразы, Рауан, ырақмет, радио, ырақат, ризық Лашық, ірет, лебіз, рең, ылайым, лағыл, ризық |
|||||||||||||||||||||||||||||||
ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
1-деңгей
1.Дауыссыз дыбыс дегеніміз не? 2.Дауыссыз дыбыстың қандай түрлері бар? 3.Үнділерді атаңдар. 4.Л мен р дыбыстары дауыссыздың қай түрі? 5. Л мен р дыбыстарының сөз басында келгенде айтылуы мен жазылуы бірдей бола ма? ІІ деңгей 47-жаттығу. Бағанға бөліп жазыңдар 48-жаттығу. Мақалдарды оқып, жатқа жаз. ІІІ деңгей 49-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, өлең құрастыр.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
ІV. Интеллектуалдық тренинг блогы. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Дыбыстық талдау
1-топ. Арала 2-топ. Лашын 3-топ. Марал |
||||||||||||||||||||||||||||||||
V. Күтілетін нәтиже блогы. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау
ІІІ топ: Осы сөздерге сөйлем құрау |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы Сурет бойынша үш сөйлемнен тұратын әңгіме құра. | ||||||||||||||||||||||||||||||||