Демалыс үшін не қажет?

Сабақ тақырыбы: Демалыс үшін не қажет? Мектеп:
Күні :   Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты: Барлық оқушылар:  адамның өсуіне және дамуына керек қажет­ тіліктерді анықтау;
  Оқушылардың басым бөлігі:      қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасау.
Кейбір оқушылар:  жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.
Ресурстар: оқушылардың жазғы демалысындағы фотосуреттері;

оқушының бір күнінің негізгі кезеңдері көрсетілген суреттер немесе жазуы бар тақтайшалар; доп; топ санына байланысты балалар доминосы.

Күтілетін нәтижелер: Оқушылар: ұйқының маңыздылығын түсінеді;

қысқа мерзімді үзіліс кезінде, демалыс күндері және каникул уақытында қалай демалу қажеттігін біледі;

“Күн тәртібі” түсінігімен танысады және өзінің күн тәртібін құрастыра алады.

Сабақтың мақсаты: 1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау
Тілдік мақсат Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: ұйқы, демалу, каникул, күн тәртібі. Сон, отдыхать, режим дня. Sleep, recreation, holiday, daily regime.
АКТ қолдану  
Пәнаралық байланыс Дүниетану.
Жоспарланған уақыт есебі Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Басы

 

5 минут

Өсеміз біз күліп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсеміз біз күліп-ойнап,

Бір адамның баласындай.

— Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сыныпты топқа бөлу

Шаттық шеңбер
Ортасы

 

8 минут

 

 

8 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

1 минут

— Қай уақытта адам демалу керек? (Көп жұмыс істегенде, шаршағанда.)

— Демалыс не үшін керек? (Күш жинау үшін.)

— Адам қалай демалады? (Серуендеп, ойын-сауық орталықтарында демалуға болады) деп жауап беруі мүмкін.

Оқулықтағы суреттермен жұмыс жүргізу

1-топ. “Сендер мектептен келдіңдер. Үй жұмысын қалай және қашан орындайсыңдар?” Жауабын кішкене қойылым ретінде көрсетуін ұсыну. (Мектептен шыққан соң бірден сабақ оқуға болмайды. Түскі астан кейін шамалы демалу керек, тек содан кейін үй тапсырмасын орындауға кірісуге болады. Арасында үзіліс болу қажет. Әр жарты сағаттан соң он минуттық үзіліс жасап, іс-әрекетін өзгертіп отыру керек. Мысалы: қозғалу, тіпті ыдыс жуып, еден сыпыруға болады).

— Отбасымен бірге демалатын өзіндік отбасылық дәстүрлері бар ма?

— Барлығың бірге қандай ойын ойнайсыңдар?

2-топ. Суретпен жұмыс. Сіз тұратын аймақта қалай демалуға болады: отбасымен барып демалатын тау, орман, өзен немесе көл бар ма? Немесе саябақтар, хайуанат бағы, ойын-сауық орталықтары бар ма?

3-топ. Каникул кезінде қалай өткізгенді ұнатасың?

сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Тез шынығып шығамыз.

Зерттеу жұмысы. Күн тәртібін құрастыру.

Күн тәртібі – бұл тәулік бойындағы еңбектену, тынығу және тамақтану уақыты белгіленген кесте.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сюжетті суреттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңы             егер бала жаттығу жасаса, …

егер бала суға түсіп, күнге қыздырынса, …

егер ол күн тәртібін орындаса, …

егер ол таза ауамен тыныстамаса, …

егер бала қолын жумаса, …

егер бала уақытында тынықпаса, … .

 
Бағалау