Тәрбие әдістері мен тәсілдері жөнінде түсінік

Тәрбие жұмысындағы көкейтесті мәселелер

 

Тәрбие әдістері мен тәсілдері жөнінде түсінік

         Тәрбие әдісі (гректің «методос» — жол деген сөз) — бұл оқытушы тәжірибесінде тәрбиеге қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол,   тәсілдер тәрбиелеу саласына,  еркіне,  сезіміне,  іс-әрекетіне әсер ету шаралары.

Тәрбиелеу мақсаттарына әртүрлі жолдармен жетуге болады.  Оқытушы тәрбиеленушімен, олардың күиі-қуатына, мүмкіндіктеріне, ынталарына сүйеие отырып, істеген жұмысында қанша жол тапса, сонша тәрбие мақсатына жету тәсілі ашылады. Әрине, кейбір жолдар басқасына  қарағанда  мақсатқа тезірек  жеткізеді. Оқытушының  алдында тәрбиеге сай келетін,  көзделген жетістікке тез апаратын және аз күш жұмсайтын жаңа, қолданылмаған жол табу міндеті тұрады. Құрастыру, таңдау және тәрбие әдістерін дұрыс пайдалану — кәсіптік педагогиканың асқар шыңы болып есептеледі.

Алайда, тәрбиенің жаңа әдісін жасауға көрінген оқытушының күші келе бермейтіні белгілі. Әдістерді жоғары деңгейге көтеру үнемі алға тартылатын міндет. Тәрбие процесінің жағдайына тура келетіндей, тәрбиеші өз күші мен мүмкіндігіне қарай жалпы әдістер мен толықтырулар енгізе отырып, өз міндеттерін шеше алады.

Тәрбие тәсілі — жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты іс. Тәсілдер — бұл тәрбиешінің қойылған мақсатқа тез жету үшін тәрбиеленушімен бірге салатын соқпақ жолы деуге болады. Егер оны басқа тәрбиешілер де пайдалана бастаса, біртіндеп ол соқпақ үлкен жолға — әдіске айналады. Тәрбие әдістері мен тәсілдерін тану, оларды дұрыс қолдану — бұл педагогикалық шеберлік деңгейінің маңызды сипаттамасын білдіреді. Демек, тәрбие әдістері мен тәсілдері тығыз байланысты.

Тәрбие құрал-жабдығы кең түсінікті қамтиды.Тәсіл — деп жеке әсер етуді түсінсек, құрал түсінігі сол тәсілдердің бірлігін білдіреді. Құрал-жабдық — бұл қолданымдағы тәсіл емес, бірақ әлі әдістікке жете қоймаған шара. Мысалы, еңбек — тәрбие құралы, бірақ еңбекті бағалау, көрсету, қателігін анықтау бұл ондағы тәсілдер… Сөз (кең түсініктегі) — тәрбие. құралы, бірақ ескертулер, сын айту, теңеу — бұлар тәсілдерге жатады. Осыған байланысты кейде тәрбие әдісі қойылған мақсатқа жету тәсілдері мен құралдары жүйесі ретінде анықталады, өйткені әдіс құрылымында тәсілдер мен құралдар міндетті түрде бірге қарастырылады.

 Тәрбие әдістерінің жіктелуі

Әдіс құру — тәрбиелеу міндетіне орайластырылған жауап болып есептеледі. Педагогикалық әдебиеттерде көптеген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін әртүрлі  әдістерді табуға болады. Әдістер және олардың әртүрлі модельдерінің көптігі соншалық, керекті мақсатқа сай келер әдісті тандауға сол әдістердің жіктелуі ғана көмектесе алады.  Әдістердің жіктелуі  — анықталған белгілерге қарай құрылған әдістер жүйесі. Жіктелудің өзі әдістердің қайсысының жалпы және жалқы екенін нақты және кездейсоқ, теориялық немесе практикалық екенін білуге, сонымен бірге оларды дұрыс таңдауға, барынша ұтымды пайдалануға көмектеседі. Жіктелуге сүйене отырып, педагог тек әдістср жүйесін ғана танып қоймай, ол әртүрлі әдістер белгілерінің өзгерісін жақсы түсінеді.

Кез келген әдістің ғылыми жіктелуі олардың жалпы негіздері мен беліілерін анықтаудан басталады. Тәрбие әдістері жүйесіне орай танылатын белгілер өте көп. Кез келген жалпы белгілерден жеке-дара жіктеме жасауға болады. Қазіргі педагогикада ондаған жіктеме белгілі, бірі тәжірибелік міндеттерді шешуге қажет болса, екіншісі теориялық міндеттерді қарастырады. Көптеген әдістер жүйесінде жіктелудің логикалық негізі анық емес. Бұған тәжірибелік мәні бар жіктеулерге негіз ретінде әдістің бір емес, бірнеше маңызды және жалпы тұстарының болуы айқын дәлел.

Тәрбие тәсілдері өз ерекшеліктері бойынша былай жіктеледі: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушыларды мінез-құлыққа ынталандыру, түсіндірмелі-көрнекі, үйрету, үйлесімділікке келтіру, өзіндік тәрбие. Тәрбиелік әсер ету әдістерінің нәтижесі бойынша оларды екі топқа бөлуге болады:

  1. Адамгершілік қасиеттерін құрайтын  ықпалдар: түрткілер, қатынас, көзқарас қалыптастыратын түсініктер, жаңашыл көзқарастар, ой-пікірлер.
  2. Қандай да бір көзқарас ұғымдарга сәйкес әдеттер орнықтырушы ықпалдар.

Қазіргі кезде тәрбие әдістерінің тиімді жетілуі бір мақсатқа, мазмұнға негізделген тәрбие бағытын қолдайды. Осыған орай тәрбие әдісінің үш тобын бөлуге болады:

  1. Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері.
  2. Іс-әрекеттерді ұйымдастыру және қоғамдық, құқықтық тәжірибе қалыптастыру әдістері.
  3. Іс-әрекетке және мінез-құлыққа ынталандыру әдістсрі.

Іс-әрекет ұйымдастыру әдістері

Тәрбие талапқа сай тұлға қалыптастыруы керек. Тұлғаның түсінігі, нанымдары емес, істеген ісі, қылығы оның тәрбиелілігін сипаттайды. Сол себепті қоғамдық қылық тәжірибесін қалыптастыру және іс-әрекет ұйымдастыру тәрбие процесінің түбірі деп қарастырылады.

Бұл топқа кіретін барлық әдістер тәрбиеленушілердің тәжірибелік іс-әрекетіне негізделген. Осы іс-әрекетті басқаруда педагогтар оны құрамдас бірліктерге, яғни қылық-әрекеттер мен кіші бөліктер — операцияларға бөліп қарастырғандықтан іске асыра алады. Тәрбие процесі педагогтың операцияларды орындаудан әрекеттерді басқаруға, содан кейін тәрбиеленуші іс-әрекетін басқаруға өтуімен анықталады.

Тәрбиеленушінің пайдалы істерін ұйымдастыру міндетті түрде олардың басқа адамдармен жан-жақты қарым-қатынас жасауын қажет етеді. Әртүрлі жағдайда болған ұжымдық қарым-қатынас белгілі-бір іске, шешімге, құлықтың бір жолын таңдауға әкеліп соғады, яғни тұлғаның күрделі құлықтары мен белгілері қарапайым қылықтар негізінде қалыптасады.

Тұлғаның қажетті қасиеттерін қалыптастырудың біртұтас әдісі — бұл жаттықтыру. Қоғамдық қылық тәжірибесін игеруде іс-әрекет шешуші рөл атқарады. Тәрбиеленушілерді нақты, мақсатты бағытталған, белсенді іс-әрекетке кірістірмей, қажетті қылық типін қалыптастыру мүмкін емес. Іс-әрекетке кірістіру тәсілі — жаттықтыру болады. Жаттығу — автоматты түрде жеткізілетін талап әрекетті көп қайталап орындаудан болатын тәрбиенің тәжірибелік әдісі. Жаттығу нәтижесі — тұлғаның тұрақты қасиеттері — дағдылар мен әдеттер. Әдеттер сана мен ерікті жаңа жұмыстарды атқаруға босатады. Ойлау қабілетімен айналысып, жақсы әдеттердің қалыптасуын қадағалаудан тыс қалған тәрбие өзінің мықты сүйенішінен айрылады.

Жаттығу нәтижесінің ұтымды болуы мына жағдайларға байланысты: 1) жаттығулар жүйесі; 2) оның мазмұнына; 3) жаттығулардың мүмкіндікке сай болуына; 4) көлеміне; 5) қайталау жиілігіне; 6) бақылау мен түзетуге; 7) тәрбиеленушінің өзіндік ерекшелігіне; 8) топтық, жеке және ұжымдық жаттығулардың үйлесімділігіне; 9) жаттығудың мотивтік негізіне және ынталандыру істеріне.

Талап — бұл тәрбиеленушінің білгілі бір іс-әрекетін тежеп не ынталандырып, жекелей қарым-қатынаста жоғарылайтын, баланың белгілі қасиеттерінің көрінуіне ссебепші әсер ететін тәрбие әдістсрінің бір түрі.

Қойылу формасына қарай талаптар мынадай болып бөлінеді: 1) тікелей талап (жеке, нақты, дәл, түсінікті); 2) қосымша (кеңес, өтініш, сенім, қолдау т.б.); 3) талап-кеңес; 4) ойын түріндегі талап; 5) сенім арқылы талап; 6) талап-өтініш; 7) талап-ишара; 8) талап-қуаттау; 9) позитивті және негативті талаптар.

Үйрету — бұл пәрменді жасалатын дағдыландыру. Тез және жоғары деңгейде керекті сапаны қалыптастыру қажеттілігі туғанда осы әдісті қолданамыз.

Гуманистік педагогика қатал үйретуге қарсы, себебі ол адам құқығына қайшы келеді, оны басқа әдістермен бірге, әсіресе ойын әдістерімен пайдаланған жөн.

Үйрету әдісін дұрыс пайдалану шарттары:

1)  мақсаттың айқын болуы;

2)  түсінімді үйрету;

3) тапсырманы беру уақытымен санасу;

4)  орындау жолдарын және нәтижені көрсету;

5) сапалардың бірізді және қатар тәрбиесі;

6)  үнемі бақылау жасау.

Тапсырма беру әдісі жақсы нәтижелер береді. Жүйелі тапсырма беру арқылы оқушыларды дұрыс істерге үйретуге болады. Тапсырма беру әртүрлі болып келеді: ол көбінесе оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты шешіледі. Мысалы, ойыншықтар, модельдер, схемалар дайындау.

Тәрбиеленушілердің іс-әрекеті мен жасанды жағдайдағы қылығын ұйымдастыру әдісі тәрбиелеуші ситуациялар әдісі деп аталады.

 Ынталандыру әдістері

Ынталандыру әдісі мақтау және жазалау болып бөлінеді. Тәрбиеленушінің іс-әрекетіне қойылған жақсы бағаны мақтау деуге болады. Мақтаудың түрлері: қолдау, қуаттау, алғыс айту, мадақтау. Мақтау әдісі әдептілік пен нақты мөлшерді сақтауды талап етеді. Ең алдымен мақтаудың психологиялық тарапы маңызды келеді. Мақтау әдісі мына жағдайда нәтиже береді:

1)  Балалардың мақтау алуға іштей сенімді талпыныстары болуы.

2) Мақтау арқылы тәрбиеленушіні ұжымның қалған мүшелеріне қарсы қоймау.

3)  Мақтаудың қылық-ісіне сай болуы.

4)   Мақтау арқылы оқушыға жекелей шешім табуды үйрету.

5)  Мақтаудың шындыққа негізделуі.

Жазалау — қате қылықты ескертіп тежеу, өз ар-ұяты алдында, басқа адамдар алдында кінәсін түсінуге әсерін тигізетін педагогикалық әдіс. Жазалаудың мынадай түрлері белгілі:

1) қосымша тапсырмалар беру;

2) белгілі бір құқынан айыру немесе уақытша рұқсат етпеу;

3) моральдық кемшілігін таныту.

Педагогикалық талаптар ішінде жазалау әдісінің нәтижелі болуына негіз қалайтын шарттар:

1)  жазаның ұжым тарапынан туындауы;

2)  жазаның нақты болуы;

3) жазаның міндетті түрде орындалуы;

4)  оқушының не үшін жазаланғанын түсінуі;

5)  тәрбиеленушінің жеке тұлғасын масқаралаудан аулақ болу;

6)  жазалау мақсатының тек ұнамды қасиеттерді баулуға бағытталуы;

7)  жазаныц қате қылықтарды толық түсіну негізінде орындалуы;

8) жазаның өш алу құралы болмауы;

9) жазалаудың жеке оқушыға бағытталуы;

10) балалардың дара психологиясын біліп барып жазалау. Тәрбиелеушілерге тәрбиесіз болудың пайдасыз екендігін сезіндіретін жағдайларды тудыру-ынталандырудың субъективтік прагматикалық әдісі деп аталады.

Субъективтік — прагматикалық әдістің нақты формалары мыналар: 1) келісім; 2) жеке өзін-өзі тәрбиелеу карточкалары; 3) ЭЕМ мониторингі; 4) тәрбиелеу тестері.

Жарыс — адамға, қоғамға қажетті сапаларды тәрбиелеуде оқушылардың табиғи, бәсскелестік қасиеттерін бағыттайтын әдіс. Жарысу әсіресе, үлгермеушілер арасында маңызды болып, олардың дамуы үшін қажеті болған мақсатты ынталануға жол ашады. Жарысты ұйымдастыру оңай шаруа емес, ол тәрбиеленушілердің психологиясын толық білуді талап етеді. Жарысты ұйымдастыруда мына жағдайларды ескеру қажет:

1)   жарысты белгілі мақсатқа орай ұйымдастыра білу;

2)   жарыстың бағытын белгілеп, мазмұнын анықтау.

 

№4 Мұғалімнің кәсіби қызметі.

  1. Мұғалімнің кәсіби қызметінің ерекшеліктері.
  2. Мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынас шеберлігі.

Өмірдің әр салалары секілді, педагогикалық істе де таланттар сирек кездеседі. Әрине әр мұғалімге талантты болмауына да болады. Алайда ол өз ісінің шебері болады және болуға да тиіс.

Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың бірнеше жолдары бар. Ең алдымен мұғалім жан-жақты білімдар, өмірдің әр саласынан хабары бар, әр түрлі жағдайда жол тауып шыға алатын, мектеп өміріне байланысты барлық мәселені түсініп шеше алатын, әр түрлі сұраққа жауап бере алатын адам болуға тиіс.

Адам бойында мұғалім мамандығына деген бейімділіктің болуы педагогтік шеберлікті меңгеруге көбіне көп нәрсе әсер етеді. Бейімділік балалармен жұмыс істеуге айқын бейнеленген ыңғайы мен қабілеттен көрінеді.

Мұғалім мамандығын таңдап алудағы тегі айқындаушы нәрсе – балаларға деген сүйіспеншілікті, балалармен бірге және балалар үшін еңбектенуге ұмтылу.

Мұғалім сөзі – тәрбие беру ісіндегіең басты құралдардың бірі. Егер мұғалім қандайда болмасын тәрбие мәселесін ұстамдылық пен шындыққа сүйеніп дәлелдей білсе, оқушы оның мәдениеттілігін, қамқорлығын, сөзінің әсерлілігін бірден сезе бастайды.

Тәрбие беру ісіндегі аса маңызды жайттардың бірі – педагогикалық такты. Педагогикалық такты деп мұғалім бойындағы мақсатқа сай жоғары адамгершілік сезімді айтады. Мұғалім оқушыларға педагогикалық ықпал жасайды.

Сонымен, мұғалім – шынайы адамгершіліктің үлгісі. Ол өзінің ана тілінің әдеби және ғылыми сөз байлығын жете меңгерген, өз ұлтының, әрі дүние жүзінің рухани игіліктерін бойна молынан сіңірген зиялы адам болуы керек.

Тәрбиенің субъективті факторының маңызды қатарында – тәрбиенің жеке басы болып табылады. Қазіргі білім технологиясында жеке тұлға ретінде мұғалімнің орны ерекше. “Жеке тұлға – бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:

  • адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
  • өзіне, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;
  • іс-жүзінде асырылып жүрген әлеуметтік ролдер қызметінің жүйесі, мінез-құлық әрекетінің жиынтығы;
  • айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі;
  • қажеттілік жүйесі;
  • шығармашылық мүмкіндігі мен қабілеттерінің жиынтығы;
  • сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы (Г.К. Селевко).

Грузин педагогы Ш.А. Амонашвили ұстазға тән мінез-құлық сапасының үш деңгейін көрсетеді:

  1. Ұстаз балаларды аяламай, бәрін бірдей жақсы көру керек.
  2. Өз ісіне сенімді болу, қиындықты жеңудің әдістемелік тиімді жолдарын іздестіре білуі керек.
  3. Оқушыға оның көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, жарқын болашаққа жол сілтеу, қалыптастыру.

Ағартушы педагог Ы. Алтынсарин мұғалім мен қушының арасындағы дұрыс қарым-қатынастың болуына ерекше көңіл бөледі. “мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, олардың санасына қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы тиіс. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, сабырлықпен сөйлесе білуі керек”.

Жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Сондықтан, ұстаз ізденіс үстінде, оқытудың жаңа жолдарын еңгізуді көздегені дұрыс болады. Педагогикалық қызметтіңқалыптасуында қарым-қатынас түрлері ерекше орын алады, олар коммуникативтік, либералдық, демократиялық, шабыттандырушы және шығармашылық.

Коммуникативтік стиль дегеніміз – тіл табысу, баланың ой-өрісіне ену, еркін сөйлесе білуге жол табу.

Либералдық стилінде мұғаліммен оқушылар істері мен қылықтары ойластырылмаған, санасыз іс-әрекеттерге душар болады, пікір бостандықтарының мөлшерсіздігі сондай, оқушылар дөрекі мінез көрсетуге дейін барады.

Демократиялық стилінде оқушылар өз пікірлерін ашық айтуға, ынта-жігерін жасырмауға үйренеді, міндетті жұмыстарға және қоғамдық жұмыстарға белсене қатынасын тиянақты орындайды. Мұғаліммен де, басқа да үлкен адамдармен де, бір-бірімен де теңдік, сыйластық қарым-қатынаста болады.

Шабыттандырушы стиль көбіне интуитивтік мұғалімдерге тән. Бұл стильдегі сабақ беретін мұғалімдер оқушылардың әлеуметтік күш-қуатын пайдалануға ұмтылады және олардың перспективтік қабілетін ашуға тырысады. Мұғалім балалардың пәнге деген тұрақты қызығуына назар аударады.

Шығармашылық стиль бойынша мұғалім өз бетімен әдіс-тәсілдерді іздеумен ерекшеленеді.