Қазақстан Мәңгілік ел- Ұлы дала Елі ескерткіштері  Мұқағали ақынның ескерткішін ашу  акциясының сценариі

Қазақстан Мәңгілік ел- Ұлы дала Елі ескерткіштері  Мұқағали ақынның ескерткішін ашу  акциясының сценариі

 

Мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, ұлы дала елі ескерткіштерін қорғау, талапты, талантты жастардың шығармашылық ізденістерін ынталандыру, ақиық ақын Мұқағали шығармашылығын жастар арасында насихаттау, ақынды еске алу.

 

Өтетін орны:

Қатысушылар: 1 курс студенттері

 

1-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.

 

 

  • жүргізуші:

Пай, пай, Өмір!
Өтесің-ау бір күні.
Тыясың-ау қуанышты, күлкіні.
Өмір деген — бір жарқ еткен найзағай,
Өмір деген — көк аспанның күркірі.
Пай, пай, Өмір,
Өтесің-ау бір күні!
Болмағандай, жүрмегендей сенде біз,
Кетеміз-ау, әй, кетеміз,.. пендеміз.
Ұрпақтарға береміз де кезекті,
Біз кетеміз.
Кету үшін келгеміз – деп жырлаған ақиық ақын М.Мақатаев бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында ұрпақтарға ұланғайыр мұра қалдырып кеткені баршамызға мәлім.

1-жүргізуші: Ақиық ақын 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті Нарынқолда интернатта оқып бітіреді. Мектепте оқып жүрген кезде ең алғашқы өлеңдерін бастаған болатын.
1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды. Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді.

 

 

2-жүргізуші:

Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады.
1-жүргізуші:  Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. Көзінің тірісінде жариялап үлгерген жыр жинақтары:
«Ильич» (1964ж), «Армысыңдар достар» (1966ж), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970ж), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975ж)

Қонақтарға сөз беріледі:

2-жүргізуші: Иә, Мұқағали- ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол-бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстардан толы алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

 

2-жүргізуші: Ендеше ақынның Отанына, туған жері Қарасазға, қазақ еліне арнаған өлеңдеріне кезек берелік.

/«Үш бақытым» , ««Өкінбеймін»», ««Жастық»  », «Шыда,шыда», «Қазақ жері», «Жоқ дәрігер»  өлеңдері  оқылады/

1-жүргізуші: Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?

Әр әні толы ғой армандарға

Шерте білген мұңдарын жас қайынға

Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма?

 

2-жүргізуші: Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар  деп ойлаймыз.

 

1-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!

 

2-жүргізуші: «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!

 

1-жүргізуші: Ақиық ақын Мұқағали  Мақатаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою, мәдени іс –шарасы осымен аяқталды.

2-жүргізуші: Келесі көріскенше амандықта болайық.

 

 

 

 

М. Мақатаевтың өлеңдерін оқиды.

«Өкінбеймін»

Өшем деп өкінбеймін, жыламаймын,

Жыласам да жұбат деп сұрамаймын.

Қыранның құдіретін қимасаңдар,

Қайтейін, тағдырын бер құралайдың.

 

Тағдырын бер, тағдырын бер құралайдың,

Қашан атып алғанша құламаймын.

Сусындатып тұп-тұнық тау бұлағы,

Жанарымда жайнаған тұнады айдын.

 

Сайрандаймын сайларда, қырды асамын,

Сыңсыған ну орманмен сырласамын.

Қарауылға іліксем, ілігейін,

Құзғынға ұқсап келмейді мың жасағым.

 

Өшем деп өкінбеймін, қайғырмаймын,

Өткен өшті.

Енді оған қайрылмаймын.

Қыран да, құралай да болмақ емес,

Атымнан адам қойған айрылмаймын.

 

…Арпалысып жүргенде өмірменен,

Қай-қайдағы әкетпес көңіл деген.

Өлсем өлем, өзімнің жерімде мен.

Қалсам қалам, өзімнің елімде мен!

Жыламаймын, сондықтан көңілденем.

 

 

«Жастық» 

Ойлайыншы, не берді жастық маған?

Үйрет деп асау берді бастықпаған.

Жастық маған от берді жалындат деп,

Жастық маған  оқ берді жауыңды ат деп.

 

Жастық менің жаныма жыр байлады.

Жастық мені  жалтыратпай шыңға  айдады,

Жастық  мені шындады, шынықтырды,

Жастық шіркін өмірді шын ұқтырды.

 

Ризамын жастыққа, текке өтпеді,

Әзір тұр гүл бағымды  көктеткелі.

Жастық маған  ақыл ой, сана берді,

Амал не, жастық  өзі  қалады енді

 

 

 

 

 

 

 

«Шыда, шыда!»  

Шыда, шыда
Шыдай түс, шыда тағы
Шыдамдыны мына өмір ұнатады
Үміттің Кұлан иек қула таңы,
Әйтеуір бір атады, бір атады…
Өкінбе, өкпелеме, бүгініңе,
Өмір, өмір!
Болмайды түңілуге,
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге
Түсінемін жаныңның ауырғанын,
Шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағын.
Иогтардың тәсілін қабылдағын,
Басқасына бас ұрып, табынбағын.
Шыда, шыда!
Шыдай түс, тағы шыда!
Тау құлатқан тасқынның ағысына,
Кір жуытпай, кіршіксіз намысыңа,
Қарысуға болады, алысуға…

 

О, махаббат!          

О, махаббат сен әлі тірі ме едің?
Көзімнен ғайып болған күнім едің
Гүлім едің,
Елтіген түнім едің,
О, махаббат сен әлі тірі ме едің?!
Мен сені ұмытқанмын
Жылытқаның есте жоқ, суытқаның,
Суып қаным,
Жинағам құрып хәлім
Құлаған отауымның уықтарын
Содан бері мен сені ұмытқанмын.
О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?
Тірі болсаң, мен де енді тірілемін
Ақ періште алдына жүгінемін
Қолдай гөр ғашықтардың пірі мені…