Отбасы – өмір аясы

Сынып сағатының қысқа мерзімді жоспары

 

Мектеп: «С.Мәуленов атындағы гимназия» ММ

Мұғалім:

Пән атауы: Тәрбие сағаты

Сынып: 7 б

 

Тақырыбы: Отбасы – өмір аясы
Мақсаты: Оқушылардың бойында отбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өмірдің басты құндылығы отбасынан басталатынын ұғындыру;

«Отан от басынан басталады» демекші, отбасын сүю арқылы Отанды сүйгіш, патриот болуға тәрбиелеу;

Өз ата тегінің, туған жерінің тарихын білудің маңыздылығын түсіндіру;

«Оқушы – ата-ана – мұғалім» үштігінің бірлескен жұмысының маңыздылығын көрсету.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың бойында өз отбасымен мақтану сезімі; өз ата тегінің тарихын білу, өскен ортасының тарихын білуге деген құштарлығы оянады. Ата-аналармен, мұғалімдермен бірлесіп жұмыс жасау арқылы оқушылардың өзіне деген сенімділігі артады, өз ойын еркін білдіруге дағдыланады.
Ресурстар:  

ватмандар, маркерлер, стикерлер

 

Құндылықтарды дарыту: Жауапкершілік, сыйластық, өзгені тыңдай білу, пікірін құрметтеу, өзінің және өзгенің еңбегін бағалай білу
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Мұғалімнің іс-әрекеті Қатысушылардың

іс-әрекеті

Сабақтың басы

10    минут

«Менің өмірдегі құндылықтарым» Сынып оқушыларымен түсірілген бейнежазба.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті оқушылар! Бүгінгі сынып сағатымызға қош келдіңіздер! Бүгін біз «Отбасы – өмір аясы» тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі, оның жан — жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер — азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіп тәрбиелеу — ата — ана міндеті. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі — өнеге жиынтығының жемісі.

Сабақ барысында көптеген тапсырмалар орындаймыз. Олай болса маған бүгінгі сабақ барысында ең қажетті үш қасиетті атаңыздар! (Мысалы, жауапкершілік, шапшаңдық, татулық деген сияқты қасиеттерді атаулары мүмкін. Бастапқы аталған үш-төрт қасиетті тақтаға жазамын және топтар осы атаулармен аталады.)

Құрметті оқушылар, бүгінгі сабақты бастамас бұрын назарларыңызды экранға аударуларыңызды сұраймын (видеожазба).

Сабақ басында жинақылық танытып, тапсырмаларды жылдам орындап отыру.
1-тапсырма

Отбасы сөзін талдау, сипаттау, суреттеу.

Отбасы дегенде нені түсінеміз, отбасы сөзін қандай сөз тіркестерімен ассоциациялаймыз.

Сіздердің сөздеріңіздің дәлелі ретінде мына видеофильмге назар аударайық: https://bilimland.kz/kk#lesson=18609

«Отбасы не үшін қажет?»

Әр топ мүшелері отбасы сөзіне бірігіп талдау жасайды. Әртүрлі сөз тіркестерімен, кесте түрінде, суреттер арқылы бейнелеу т.б мазмұнда отбасы сөзінің мағынасын ашады.
Сабақ ортасы

10 минут

2-тапсырма

1. «Идеалды отбасы» жаттығуы

 

 

 

 

Жеткіншек жастағы балалар идеалды отбасын қалай елестетеді?Онда ата-аналар қандай қызмет атқарады? Жеткіншектердің балаларды «дұрыс» тәрбиелеу, «жақсы» балалар жайлы түсініктері қандай?Ата-аналардың олардан не күтетінін қалай түсінеді? Бұл тақырыптарды тек талқылауға ғана емес,сурет түрінде бейнелеуге болады. Кіші жеткіншектер идеалды отбасын ата-аналарының балаларына деген махаббатымен түсіндіреді.Олардың пікірінше,махаббат дегеніміз баланың қалағанын сатып әперуде,ештеңеге қарсылық көрсетпеуден тұрады.Ал бала барлық уақытта ата-анасын тыңдайды,айтқан нәрсенің барлығын істейді.Ата-аналары өз балаларын ешқашан жазаламайды.

 

5 минут 3-тапсырма

«Тіл өнері»

мақал-мәтел жалғасын табу.

    Әр бала ана тіліне, салт-дәстүрге сыйластықпен, сүйіспеншілік қарауға үйренеді, Отанды сүю, оған қамқорлық көрсету осы отбасынан қалыптасатынын біледі.

Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Көптеген мақал-мәтелдермен танысып, кейбіреулерін еске түсіріп топпен бірге бірлесіп жауап береміз.

Оқушылар гиперсілтемені таңдау арқылы мақал-мәтелдердің жалғасын табады. Топпен жұмыс болғандықтан мұнда қай топ бірінші қол көтереді, сол топ жауап береді.
7 минут 4-тапсырма

«Тығырықтан шығу» (ситуациялық сұрақ)

     Келесі кезекте ситуациялық сұрақтарға берейік. Бұл жерде топ басшылары шығып өзі таңдаған ситуациялық сұраққа жауап береді. Бұл ситуациялық сұрақтар әркімнің басында болуы мүмкін. Өмірде кез келген уақытта тығырыққа тірелетін жағдайлар болуы мүмкін.  Сендердің сол ситуациядан қалай шығатындарыңды байқап көрейік. Топ басшы шығып берілген конверттің ішіндегі ситуациялық сұраққа жауап береді.
3 минут 5-тапсырма

Сергіту сәті

Құрметті оқушылар! Көңіл-күйімізді көтеріп, сәл сергіп алу үшін сергіту сәтіне кезек берейік. Ол үшін караокемен ән шырқаймыз.

 

Оқушылар интерактивті тақадан қосылған караокеге қосылып ән шырқайды.
Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

«Чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі»

Құрметті оқушылар, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар) Осылайша оқушылар бүгінгі өткен тәрбие сағатынан алған әсерлерін стикерге жазып іледі.