Сыни тұрғыдан ойлаудың мәні

     «Сыни тұрғыдан ойлаудың мәні» тақырыбы бойынша ІІІ деңгей бойынша сертификатталған Муртазина Алиман Жапанқызының  қысқа мерзімді коучинг жоспары (50 минут болады) білу үшін

28.03.2018    
Коучинг тақырыбы: Сыни тұрғыдан ойлаудың мәні
Жалпы мақсат: Сыни тұрғыдан ойлауды іс-тәжірибесіне енгізуге ықпал жасау; жаңа әдіс-тәсілдерді орынды және тиімді қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

Тренингтер мен  ойын түрлерін, тапсырмаларды талқылау үшін мұғалімдердің топтарда бірлесе жұмыс жасауы.

 

Сілтеме:
  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 78-79 б., 98-130б. Үлестірмелі нұсқаулық
  2.  Құдайбергенова К.С. Мектептегі әс-әрекетті зерттеу. Әдістемелік құрал. Алматы,2013.-65 бет
 Оқу нәтижесі Инновациялық стратегиялармен және тәсілдермен танысу арқылы оқыту мен оқудағы диалогтік әдіс-тәсілдерді біледі;топтық жұмысты үйренеді; Мұғалім өз жұмысынан сабақ алуы үшін өз тәжірибесі туралы рефлексия жасауға, ой толғауға міндетті.
Түйінді идеялар: Әлемнің қарқынды өзгеруі жағдайында мұғалімдерге қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру; Мұғалімдерді табысты жұмыс істеуге дайындау; Мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау.
Сабақта қолданылатын материалдар:  А- 4, А-3 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам,үлестірмелі материалдар
Оқыту әдістері: ОүБ және оқуды бағалау

АКТ

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

4. Топтық жұмыс

Дерек көздері: Әдеби материалдар, портал материалдары
Тапсырмалар: Әңгіме құрау , стикер арқылы формативті бағалау,  өзін-өзі және бірін-бірі бағалау; топтық тапсырма және қорғау, рефлексия
Оқуға арналған тапсырма:  

Мұғалімге арналған нұсқаулық.78-79, 98-103 беттер

 

 

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:

 

І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
Тренинг

 

(5 мин)

 «Құбыр ойыны». Коуч жасалған құбыр бойымен шарды жібереді. Шар кедергісіз өтуі керек. Коуч бұл ойынның қандай мақсатқа негізделгенін сұрайды. Мұғалімдер шеңбер жасап тұрады, қолдарындағы ақ қағаздан астау жасайды, қолдарымен біріктіріп құбыр жасайды.Құбыр бойымен шардың өтуін қамтамасыз етеді. Бұл тренингті қалай жасағандарын айтады.
 

 (3 мин)

 

 

Конфет түрлері арқылы топқа бөлу Таңдаған конфет түсі  арқылы екі топқа бөлінеді.
(8 мин)

Ой қозғау

Дәстүрлі оқыту Заманауи оқыту
   

кестеге оқыту түрлеріндегі қолданылатын әдіс-тәсілдерді жазуды сұрау

Слайд көрсету

Кестені толтырады

Ойларын ортаға салады

(15 мин)

«Таңда да, таста» әдісі

Бейнематериал қарау

 

«Ер мен әйел психологиясы» бейне материалы ұсынылады 1.Бейнематериалды қарайды, тыңдайды.

2.Ерді ер ететін әйел ме? Деген сұраққа жауап жазады.

3.Жазған жауаптарын умаждап, лақтырады.

4.Жауаптарды қолдарына алып оқиды

5.Кабинеттің 4 бұрышындағы жауапты оқып, қолындағы жауап қай жауапқа жақын сол жерге барады.

(15 мин)

Топтық жұмыс арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға және жұмысқа белсенді қатысуға мүмкіндік жасау.

 

1-топ «Әліпби — әңгіме»

2-топ «Түйінді сөздер»

 

Бағалау әр топ бір-бірін «Галерея» әдісімен стикерлерге жазып бағалайды.

Топпен жұмыс жасайды

1.Әліпбидің әр дыбысына ретімен сөйлем құрау арқылы әңгіме құрастырады;

2.Берілген сөздерді қатыстырып, әңгіме құрастырады.

Кері байланыс

(5 минут)

«Бір сөзбен» әдісі бойынша сессияға кері байланыс жасау ұсынылады Берілшен 12 сөздің ішінен 3 сөзді таңдап сессиядан алған әсерлерімен бөліседі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЕҢ ӘДЕМІ ГҮЛ

 

Баяғы өткен заманда бір қалашықта әлемнің ең сұлу қызы өмір сүріпті. Қыздың сұлулығы соншалық, оны көру үшін өте алыс шаһарлардан, елдерден өте бай, асқан көрікті, асыл текті жігіттер келеді екен. Үйленуге ұсыныс жасағандардың, ханзадалардың, серілердің біреуін де ұнатпапты.

Сол күндері осы маңда тұратын бір жігіт те әлгі қызға ғашық болып қолын сұрапты. Бірақ қыз оның да ұсынысын қабыл етпейді.

Арадан ұзақ жылдар өтеді. Әлгі жігіт басқа қалаға кетіп, жаңа өмір бастап, үйленіп бала-шағалы болады. Күндердің күнінде бұрын өзі тұрған кішігірім қалашыққа жолы түседі. Келе жатып жолда бір танысын кездестіреді. Онымен әңгіме барысында бұрыңғы әдемі қыз есіне түсіп, оның жағдайының не болғанын сұрайды. Сонда танысы гүл бақшасы бар үйді көрсетіп, қыздың тұрмысқа шыққанын сол үйде тұрып жатқанын айтады. Жігіт: «Апыр-ай, кезінде ешкімге қарамаған бұл қыздың күйеуі кім болды екен?» Деп, таңырқай бастайды.

Бір күні жасырын сығалап жүріп, күйеуінің үйден шығып бара жатқанын көреді. Қыздың күйеуі семіз, басы таз, түрі де өте ұсқынсыз біреу екен. Оның үстіне бай да емес екен. Мұның мәнісін білгісі келген әлгі жігіт күйеуі кеткен соң үйдің есігін қағады. Қыз есікті ашқанда, өзінің кім екенін айтып, не үшін мұндай адамға үйленгенін сұрайды. Қыз оған: «Анау тұрған гүл бағының ішінен ең әдемі гүлді үзіп әкелсең, жауабын айтамын. Бірақ, бір ғана шартым бар. Әдемі гүлді алу үшін ілгерілей аласың бірақ кері шегінбейсің! »Дейді.

Жігіт жүздеген әдемі гүлдердің ішіне кіріп аралай бастайды. Бірден көзіне өте әдемі бір сары гүл түседі. Оны енді алайын деп жатқанда сәл ілгеріде қызыл-ала гүл көзіне түседі. Оған барып қолын соза бергенде одан да ілгеріде өте керемет қызыл гүл шоғын көреді.

Осылай ең әдемі гүлді табамын деп ілгерілеп жүре келе бақшаның соңына да жетеді. Кері шегіне алмаған жігіт амалсыздан сол жерден бір гүлді үзіп, қызға алып барады. Бақшаның ең әдемі гүлін күтіп отырған қыз жапырақтары солыңқы, өңсіз гүлді әкелгенін көреді.

Сонда қыз жігітке бұрылып былай дейді: «Көрдің бе? Үнемі ең жақсысын табуды қалағаныңда өміріңнің қалай өтіп кеткенін білмей қаласың. Соңында ең жаманына да разы болуға мәжбүр боласың. Сондықтан жастық шағың қолдан кетпей тұрып қолда бардың қадірін білу керек. »

 

 

 

Түйінді сөздер

 

Ең сұлу қыз, ханзадалар, ғашық болу,гүл бақшасы, шарт, ұсынысын қабыл етпеу, ең әдемі гүл, ілгерілей аласың, жаңа өмір, өте ұсқынсыз, жауабын айтамын, мәжбүр боласың.

 

 

«Бір сөзбен……….» стратегиясы

Қанағаттанып, көңілім толмай, тамаша, жаңалық, шабыттанып, құлазып, қарым-қатынас, әсер, қызық, дағды, танысу, ұсынамын