Мыңжылдықтағы дала музыкасы мен мәдениетін жаңғырту.

Мыңжылдықтағы дала музыкасы мен мәдениетін жаңғырту.

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің С.Мәуленов атындағы гимназиясы» ММ

Муртазина Алиман Жапанқызы

aliman_nurik70@mail.ru

..қалың қазақ елі тартқан сыбызғыдағы салқын саз, қобыздағы қоңыр күй, домбыраның да екі шекті ғана емес, әдейі күйге арналған үш шекті тіліне оралған көп күйлердің ескі — жаңасы тегіс — тарих үшін елеулі бұйым.

Мұхтар Әуезов

 

Ұлттық болмысыңды сақтап қалу үшін қашанда өзіңнің тарихыңмен мақтанып қана қоймай, сол тарихтың қыр-сырын танып, ғылыми негізде болашаққа бағдар жасау қажет. Жаһандану заманында өзіміздің бет-бейнемізді, тарихи тамырымызды сақтап қалуымыз керек. Ұлттық тарихымызды танып, ұлт рухы мен тарихи сананы жаңғырту, түлету – кезек күттірмес мәселенің бірі. Отарлау саясаты түркі жұртын, қазақтарды, тарихы жоқ, болмысы бұлдыр, жабайы көзқарастағы халық ретінде көрсету әрекеттерін ұстанды. Міржақып Дулатов ХХ ғасыр басында: «Тарихын жоғалтқан жұрт – жоғалған жұрт» – деп жазды. Қилы замандарды басынан өткерген қазақ өз тарихын сақтап қалды. Елбасының мақаласы ұлтымыздың рухани мұрасы мен мәдениетін жаңаша бағамдауға, барымызды түгендеп, жоғымызды табуға жол ашқаны анық. Терең тариxымызды түгендеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық мақаланың Ұлы даладан бастау алатын тамырлас түркі жұрттарының да ортақ игілігіне айналып, ұлт рухының жаңғыруына әкелері сөзсіз.Барлық құқықтар сақталған

Елбасының ата-бабалардың өркениеттік әлемін дамытуға қосып келе жатқан тарихи үлесін бағалаған музыка  саласындағы мамандар, жаңғыртуға бағытталған ірі жобалар  ұрпақтың рухани жаңаруы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға зор ықпал етеріне сенімді екенін тағы бір атап өте келе , «Дала фольклорының антологиясы» атты тың жобаларының  іске асыру қолға алынды.Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері — ертегілері, аңыз-әфсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталмақ. Сонымен қатар, қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай және басқа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындылар топтамасын — «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару қолға алынатын болады [1, 24 бет]. Н.Ә Назарбаевтың бұл бастамасы ұмытқанымызды  еске түсіретін, музыка саласындағы баға жетпес байлығымызды  келешек ұрпаққа жеткізер игі іс болары сөзсіз.Сонымен қатар қазіргі жас ұрпақтың музыка және өнер саласына деген көзқарасын өзгертеді деп ойлаймын. Біздің зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды. Ұлы ғұлама Әл-Фараби бұл ғылым (яғни музыка) өзінің байсалдығынан айрылған адамдарды түзетуге, қызба адамды қалпына түсіруге, байсалды адамды ылғи да бір қалыпта ұстауға құдіреті әбден жетеді деген екен.Яғни жан-жақты дамыған қазіргі заманда адамдардың бір қалыпты ұстауына музыка өнерінің құдіреті әбден жететіні анық [2, 121 бет].

Н.Ә Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында ұлы даланың фольклоры мен әуендері заманауи цифрлық форматта «жаңа тыныс» алуға тиіс. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін көшпенділердің бай мұрасын жүйелеуге қабілетті ғана емес, сондай-ақ, оның өзектілігін арттыра алатын Отандық және шетелдік кәсіби мамандарды тарту маңызды. Біздің мәдениетіміздің негізгі сюжеттерінде, кейіпкерлері мен сарындарында шекара болмайды, сол себепті оны жүйелі зерттеп, бүкіл Орталық Еуразия кеңістігі мен барша әлемде дәріптеуге тиіспіз. Ауызша және музыкалық дәстүрді жаңғырту қазіргі заманғы аудиторияға жақын әрі түсінікті форматта болуы керек. Атап айтқанда, көнерген сөздер мен мәтіндерді суреттерімен қоса беруге, айқын видео материалдар формасында ұсынуға болады. Музыкалық дыбыстар мен әуендер табиғи аспаптармен ғана емес, олардың заманауи электронды нұсқалары арқылы да шығарылады. Сонымен қатар, фольклорлық дәстүрдің ортақ тарихи негіздерін іздеу үшін Қазақстанның түрлі өңірлері мен өзге елдерге бірнеше іздеу-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру қажет.Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі Қазіргі замандағы халықтардың тарихи таным-түйсігінде кино өнері ерекше орын алады. Жалпы халықтың санасында фильмдердегі жарқын кино образдар іргелі ғылыми монографиялардағы деректі портреттерден гөрі маңыздырақ рөл атқарады. Сондықтан, тез арада Қазақстанның өркениет тарихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі — қойылымдық фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен толықметражды көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу керек. Аталған жобалар кең халықаралық ынтымақтастық аясында Отандық және шетелдік үздік сценаристерді, режиссерлерді, актерлерді, продюсерлерді және заманауи кино өндірісінің басқа да мамандарын тарту арқылы жүзеге асырылуға тиіс. Қызықты әрі мелодрамалық сарындармен қатар, көрермендер үшін танымал фэнтези және шытырман оқиғалы блокбастерлердің элементтерін қоса отырып, жаңа тарихи теле-кино туындылардың жанрларын барынша кеңейту қажет екенін нақтылап айтып кеткен.

Бұл жоба аясында бізге «Дала фольклорының антологиясын» жасау керек. Мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әфсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталады. Сонымен қатар, қазақтың қобыз, дом­быра, сыбызғы, сазсырнай және бас­қа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындылар топ­тамасын – «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығаруда маңызды болып тұр. Ұлы даланың фольклоры мен әуендері заманауи цифрлық форматта «жаңа тыныс» алуға тиіс. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін көшпенділердің бай мұрасын жүйелеуге қабілетті ғана емес, сондай-ақ, оның өзектілігін арттыра алатын отандық және шетелдік кәсіби мамандарды тарту маңызды.Біздің мәдениетіміздің негізгі сюжеттерінде, кейіпкерлері мен сарындарында шекара болмайды, сол себепті оны жүйелі зерттеп, бүкіл Орталық Еуразия кеңістігі мен барша әлемде дәріптеуге болады.Ауызша және музыкалық дәстүрді жаңғырту қазіргі заманғы аудиторияға жақын әрі түсінікті форматта болуы керек.Атап айтқанда, көнерген сөздер мен мәтіндерді суреттерімен қоса беруге, айқын видео материалдар формасында ұсынуға болады. Музыкалық дыбыстар мен әуендер табиғи аспаптармен ғана емес, олардың заманауи электронды нұсқалары арқылы да шығарылса тіпті жақсы бір игі іс болары сөзсіз.Сонымен қатар, фольклорлық дәстүрдің ортақ тарихи негіздерін іздеу үшін Қазақстанның түрлі өңірлері мен өзге елдерге бірнеше іздеу — зерттеу экспедицияларын ұйымдастырса артық болмас еді..

Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады.Мысалы, өткен дәуірлердегі Тутанхамон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Вашингтон сияқты дүние жүзіне белгілі тұлғалар бүгінде «өз мемлекеттерінің» ба­ға жетпес символдық капиталы саналады әрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр.Ұлы дала әл-Фараби мен Яссауи, Күлтегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді.

Сондай-ақ, бұл жерде классикалық қалыптан тыс, балама жастар өнерінің креативті әлеуетін де пайдаланудың мәні зор. Осыған орай, бұл іске тек отандық қана емес, сонымен бірге, шетелдік шеберлер мен шығармашылық ұжымдарды да тартқан жөн.

Еліміздің тарихи кезеңдерін кеңінен қамти отырып, «Ұлы дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік серияларды шығарып, тарату жұмыстарын жүйелендіру және жандандырған жөн.Бұл іс болашақ ұрпақтың санасына қосқан үлес болар еді.Бұл бағытта қазақстандық ғалымдармен қатар шетелдік мамандар да тартылатын халықаралық көп бейінді ұжым құруға болады.Бұл ұжымды отандық ғалымдар басқара отырып,іске асырған жөн.

Қожа Ахмет Ясауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырып салмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола отырып, Шығыс әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды. Ахмет Яссауидің даналық «Хикметтерінде» ерлік пен елдікті, азаматтық пен адамгершілікті жырлаған өршіл өлең-жырлары, туған жер — ата қоныс, ел тағдыры, қоғам жайлы философиялық толғаулары, өткір ойшылдық пен шешендік өнер өнегелі адамзат атаулыға тән асқақ кісілік идеясын паш етеді. Сол себептен де өскелең ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, дүниетанымын қалыптастыруда ойлылыққа баулып, жыраулық өнердің қыр сырына қанығып, рухани әлемді байытуға сол мұраны тиімді пайдалансақ, нұр үстіне нұр болар еді. Осындай үлгі — өнеге тұта, ұрпағымыз мақтанышпен мәңгі естерінде ұстар ақын-жырау даналарымыздың өмір сүру жолдары сол заман тарихымен тығыз сабақтастықта жатыр.  [3, 277 б]

Қазақ арасындағы сал-серілерінің кім екендігін қысқаша ғана түсіндіру үшін, орта ғасырлардағы сопылық кезеңге тоқталу қажет болады. Орта Азия сопыларының басты пірі – Қожа Ахмет Ясауи. Осы Қожа Ахметтің көп шәкірттерінің бірі және ең қабілеттісі – Бекташ есімді сопы болған екен.Қазақтың сал-серілерінің пірі – осы Бекташ. Осман империясының тарихында Қожа Ахмет пен Азиядан шыққан сопылардың есімі ерекше құрметпен аталады. Қазіргі Ыстамбұл, бұрынғы Византияның астанасы Константинопольді жаулаған әскердің алдыңғы легі тұтастай Қожа Ахмет Ясауидің жаужүрек шәкірттері болған делінеді және ежелгі сал-серілер осы Бекташты ұран еткен. Қазіргі күні қазақ арасында Бектас есімі кездесіп жатады.

Музыкалық дыбыстар мен әуендер табиғи аспаптармен ғана емес, олардың заманауи электронды нұсқалары арқылы да шығарылады. Сонымен қатар фольклорлық дәстүрдің ортақ тарихи негіздерін іздеу үшін Қазақстанның түрлі өңірлері мен өзге елдерге бірнеше іздеу — зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру қажет.   «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы.[ 198 б]

Ауылдарды аралап жүретін әнші — өлеңші (әншілер), күйшілер, ақындар мен жыршылар ертеден дәстүрлі музыка өнерін таратушылар болып саналады. Жаңа кезеңде музыка өнерінің дамуына ХІХ, ХХ ғасырлар ортасындағы белгілі халық композиторлары мен әншілерінің, композитор — аспапшылардың әсері ерекше болды. Олардың арасында қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаған Абай Құнанбаев, Біржан Қожағұлов, Жаяу-Мұса Байжанов, Дәулеткерей Шығаев, Құрманғазы Сағырбаев, Ықлас Дүкенов, Мұхит Мералиев, Балуан-Шолақ, Ақан-Сері, Тәттімбет, Мәди, Қазанғап, Дина Нүрпейісова, Кенен Әзірбаев және басқаларды атауға болады [4, 68 бет].

ХХ ғасырда қазақтың музыка өнері жаңа музыкалану мен жанр формаларымен ерекшеленді. Аз ғана тарихи уақыттың бөлігінде республика көп дауыспен және еуропалық классикалық музыка — операның, симфонияның, балет инструменталды концерті, кантатаның, ансамбльдің, оркестрлік және хор орындаушылық түрлерінің жанрлық арсеналы жаңа кәсіби композиторлық мектептің негізін қалады. ХХ ғасырдың 30-40-жылдарында ұлттық мазмұндағы органдық синтездің және еуропалық форма негізінде қазақ опера өнерінің классикалық туындылары жарық көрді, олар – Е.Брусиловскийдің «Қыз жібек», А.Жұбановтың, Л.Хамидидің «Абай», М.Төлебаевтың «Біржан мен Сара», Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу» және басқа опералар [5, 125 бет].

Қазақ халқының мәдениеті — ежелгі заманнан бергі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және жаңа заман талабына сай дамып, қалыптасып келеді.

Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің ежелден келе жатқанын және оның күміс көмей, жезтаңдай әнші, бармағы майысқан күйші болғанын тарихшыларымыз орынды сөз еткен. Өнердің халыққа кең тараған түрінің бірі ән мен аспаптық музыканың өткен заманда қай бағытта дамығанына шолу жасау, бүгінгі өмір жастарымызға рухани тәрбие беруде зор мәні бар екенін білеміз.

Қазақ музыка мәдениетінің қайраткерлері классикалық , халықтың мәдени мұралардың барлығын игере, халық шығармашылығының сарқылмас қазынасын түгел пайдалана отырып, өз шығармаларында көркем өнердегі шынайы, өмірлік мазмұнды жырлайды.

Қазақтың ұлттық музыка мәдениетінің ішінде ән салу мен ән шығару, домбыра, қобыз, сырнай тарту, шығармашылық өнерімен  ХІХ ғасырдың ортасы мен екінші жартысында қазақ халқының арасынан  шыққан өнер тарландарымыз тамаша әнші композиторлар, жырау, жыршылар ақын күйшілеріміз аз емес. Олар:  Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Сүгір және т.б. көптеген ұлы күйшілерімізді айта аламыз.  Қазақ халқының ән — музыка мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан әнші композиторларымыз Біржан, Мұхит, Естай, Нартай, Жаяу Мұса, Майра, Жамбыл, Кенен, Әміре Қашаубаев сияқты ұлы әншілерімізді мақтан етіп айта аламыз.

Қазіргі таңда қазақ жастарының музыкалық мәдениеттері заман талабына сай жаңашылдық жолдармен өркендеп, адамгершілік рухта, музыкалық — эстетикалық  ауызбіршілік  пен ынтымақта  бірге  болып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

1.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
  2. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 6 том
  3. Қыстаубайұлы Б. Елбасы және Түркістан. «Ясауи әлемі» ғылыми көпшілік, тарихи-танымдық журнал. – Түркістан, 2010. №2 (3). – 198 б.
  4. Ислам.Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы, Аруна Ltd. ЖШС, 2010. – 277 б.
  5. Камалқызы Ж. Қ.А.Яссауи хикметтері және қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы. / Қожа Ахмет Яссауи мұралары мен ілімінің зерттелуі. –Түркістан, 2008. – 218 б.

7.Сүйіншəлиев. Х. Қазақ əдебиетінің тарихы: Оқулық — Алматы . Санат,1997-129-б.

8.Келімбетов Н. Ежелгі дəуір əдебиеті: Оқулық. — Алматы:Ана тілі,1991—264 б.

9.П.Момышұлы «Музыкалық — эстетикалық тәрбие»-2000ж.

  1. «Халық қазынасы»-Алматы-1993ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тезис

Біздің ата — жұртымыз мыңжылдықтағы дала музыкасы мен мәдениетін жаңғыруының бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай  жаңалықтар ойлап тауып, ел тарихында көптеген жаңалықтар ашқаны мәлім.Бұл мақалада  еліміздің өркениетті елдер қатарына кірер бұрын бұрыннан келе жатқан мәдениетіміз бен әдебиетімізді, тарихымызды, өнер мен музыканы  жас ұрпақтың санасына жеткізу мыңжылдықтағы дала музыкасы мен мәдениетін жаңғырту.

 

Мәдениеттанумен барлық ғылым салалары айналысады. Олар: философия, дінтану, тарих, этнография, педагогика, антропология, этнопсихология, әлеуметтану, саясаттану т.б. Бұл ғылым салалары қоғамда болып жатқан процестерді көрсетуге мүмкіндік береді. Ал мәдениеттану тарихи кезеңдер мен өркениеттерді талдап, оның қоғамдағы рөлін көрсету басты белгісі болып табылады. Сондықтан көшпенділердің ділін, дінін, этнографиясын және салт-дәстүрін философия ғылымының ғана заңдылықтарына сай зерттеу тақырып аясын тарылтады. Көшпенділердің б.з.б. өркениетті мемлекет болып өмір сүргенін дәлелдеу үшін энциклопедиялық әр ғылымның деректемелері қажет. Қоғамдағы адамдардың рухани және материалдық шығармашылықтары семантикалық шеңбер құрып — мәдениет деген ұғымның жалпы мағынасын береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАТЫСУШЫ ӨТІНІМІ

 

Қатысушы өтінімі Автор
Тегі, аты-жөні (толық) Муртазина Алиман
Жұмыс орны «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің С.Мәуленов атындағы гимназиясы» ММ
Жұмыс телефоны 87142513210
лауазымы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Байланыс телефоны 87757317019
E-mail aliman_nurik70@mail.ru
Мақала атауы Мыңжылдықтағы дала музыкасы мен мәдениетін жаңғырту.
Мақаланың бет саны 6 бет