Қазақ тіл  сын тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы оқушының білім сапасын арттыру.

                                                                    Шебер — сынып

Тақырыбы: Қазақ тіл  сын тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы оқушының білім сапасын арттыру.
Өтілу күні: 11.01.2018
Сілтеме:  МАН .
Мақсаты: Оқыту мен оқу үдерісінде СТО-дың әдіс – тәсілдерді пайдалану арқылы оқушының білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын қарастыру, тәжірибе алмасу.
Күтілетін  нәтиже: Оқыту мен оқу үдерісіндегі білім сапасын арттырудағы жаңашылдықтармен танысу ,тәжірибе алмасу.
Негізгі идея:  Оқыту мен оқу үдерісіндегі білім сапасын арттырудағы жаңашылдықтармен танысу ,тәжірибе алмасу. Жаңа технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі екенін түсіну
Өткізетін мұғалімдер:  Муртазина А.Ж (3-деңгейлік сертификатталған мұғалім)
Ресурстар: Интерактивті тақта , маркер, постер   , стикерлер.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: СТО-дың әдіс-тәсілдері:РАФТ , Серпілген сауал , Бір сөзбен ,Қосжазба күнделігі.
Іс-әрекеттер:  Өткізушілер іс-әрекеті Қатысушылардың  іс-әрекеті
Топқа бөлу: 2мин Президент , әкім , директор, оқушы Қатысушылар 3 топқа бөлінеді.
Ұйымдастыру кезеңі 1.Топтарына жайғасады. Қатысушылар топтарына жайғасады.
Тренинг Сергіту сәті. Президент , әкім , директор, оқушы.  Берілген сөздермен байланыстырып, өзін таныстырады Қатысушылар бірі — бірімен танысады.
Теориялық материалмен танысу Презентациямен танысу .Муртазина А.Ж Тыңдайды .Туындаған сұрақтарын жаза отырады.
Қолдану. 20 мин

 

Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»мақаласының кіші бөліктеріне талдау. Ұсынылған СТО-ның ұсынылған стратегиялар арқылы тақырыпты талқылайды.

1-топ Қосжазба күнделігі «Бәсекелік қабілет»

2-топ ПОПС формуласы «Білімнің салтанат құруы»

3-топ Жолаушының қойын дәптері «Ұлттық бірегейлікті сақтау»

Талдау: «Сұрақтарының түймедағы» «Сұрақтарының түймедағы»стратегиясы бойынша тақырыпты талқылауды ұсынамын. Сұрақтарының түймедағы (Қарапайым сұрақтар — Бұл сұрақтарға жауап берген кезде нақты фактілерді атау керек, мәтіннен белгілі бір мәліметті еске түсіріп, оны айтып беру керек.Дәлелдеуші сұрақтар— «Егер мен дұрыс түсінсем, онда …?»«Мен қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше сіздің айтып тұрғаныңыз …?» Интерпретациялық (түсіндірме) сұрақтар— Әдетте неге? деген  сөзден басталады.Кейбір жағдайларда олар ақталуға мәжбүр етушілік сияқты негативті қабылдануы мүмкін.Басқа жағдайларда олар дәлелдемелік байланыстарды анықтауға бағытталған.

Бағалау сұрақтары — Неге … жақсы, ал … жаман?» «… … айырмашылығы неде?»Бұл сұрақтар осы немесе басқа да  оқиғалар, құбылыстар мен айғақтардың бағалау критерийлерін анықтауға бағытталған . Шығармашылық сұрақтар (жорамал)- «Қалай ойлайсыздар, … кейін (егер) … қалай болады?Шығармашылық сұрақтарда «егер» деген қыстырма сөз қолданылады. Ол алдын ала болжайтын, жорамалдайтын шарттылық элемент .

Практикалық сұрақтар — «Әңгіме кейіпкерінің орнында болсаңыз сіз не істер едіңіз?»Сұрақ теория мен тәжірибе арасындағы өзара байланысты анықтауға бағытталған)

Жинақтау: «Бір сөзбен» әдісі 10 мин Қатысушыларға берілген сөздерді қатыстыра отырып,бүгінгі семинардан алған әсерлерін айта кетуді ұсынамыз. «Бір сөзбен» әдісі — қатысушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.

Өзара , Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.

 

 

 

 

 

.Бес жолды өлең” (Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы – оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады.Кім?- Ана

Қандай? -Мейірімді, ақылды

Не істеді? -Бағады, тәрбиелейді, өсіреді.

Түйін -Ағайын — алтау, ана –біреу.

Синоним- Адам)

2.“Венн диаграммасы”( Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.)

3.“Еркін жазу”( стратегиясын қолдану өте тиімді.Оқушыларға мәтіндегі негізгі оқиғалар жайлы,одан алған әсерін,не үйренгенін,нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа өз пікірлерін қағаз бетіне түсіреді)

4.“Семантикалық карта”

5.“Т кестесі”( бұл кестені толықтырғанда жеке сөздер мен сөз тіркестерін қолданамыз)

6.Тұжырым кестесі ( кейіпкердің іс-әрекеті , адами қасиеттерін жазу)

  1. «Жолаушының қойын дәптері» (стратегиясы оқушының тақырыптан алған әсерін оқушының сауатты, әсерлі етіп жазып жеткізуінен тұрды)
  2. РАФТ стратегиясы

Роль –Махамбет

Автор – оқушылар

Факт – жолдау

Т-тақырып

9.Автор орындығы стратегиясы (Топтарыңнан ең ұнағанын таңдап алып , тақтаға шығып оқи қойыңдар.)

  1. Кубизм стратегиясы (Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады. 1.Суреттеп беріңіз, 2.Салыстырыңыз, 3.Зерттеңіз, 4.Қолданыңыз, 5.Бұл туралы ойлағанда көзіңізге не елестейді 6. Талдаңыз деген кубиктің 6 жағы тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы.Немесе

Сипатта (түрі, түсі, көлемі)

Салыстыр (ұқсастығы, айырмашылығы)

Ұсын (қалай, қай жерде пайдаланады?)

Талда (қалай жасалған ,неден тұрады)

Дәлелде )

11.Қосжазба күнделігі (мәтінде берілген оқиғаларға өз пікірін жазады)

12.Жуан-жіңішке сұрақтар  (Тақырыпты талдай отырып,тың сұрақтар дайындайды.Қойылған сұраққа өзі де жауап беруге дайын болады)

13.ПОПС формуласы (Сабақты қорытындылағанда тиімді .Бірінші сөйлем «Менің ойымша,…» Екінші сөйлем «Себебі,мен оны былай түсіндіремін» ,Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен , мысалдармен дәлелдей аламын…» Соңғы  сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім…»

  1. Еркін жазу( стратегиясын қолдану өте тиімді.Оқушыларға мәтіндегі негізгі оқиғалар жайлы,одан алған әсерін,не үйренгенін,нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа өз пікірлерін қағаз бетіне түсіреді)
  2. Венн диаграммасы.( Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.)
  3. Геометриялық фигуралар стратегиясы (бұл стратегияның құралдары геометриялық пішіндер. Мақсаты: оқушының сөздік қорын, әдеби, мәдени сөйлеу тілін, күрделі ойлау қабілетін дамыту. Себебі бала оқылып отырған мәтіннің кейіпкерлерінің мінез-құлқына, сипаттама бере отырып қорытынды жасайды. Кейіпкерлерді түрлі фигуралардың сипатына қарай ұқсастығын табады. Жұмыс жұпта немесе топта орындалады.)
  4. Сұрақтарының түймедағы (Қарапайым сұрақтар — Бұл сұрақтарға жауап берген кезде нақты фактілерді атау керек, мәтіннен белгілі бір мәліметті еске түсіріп, оны айтып беру керек.

Дәлелдеуші сұрақтар- «Егер мен дұрыс түсінсем, онда …?»

«Мен қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше сіздің айтып тұрғаныңыз …?»

Интерпретациялық (түсіндірме) сұрақтар- Әдетте неге? деген  сөзден басталады.

Кейбір жағдайларда олар ақталуға мәжбүр етушілік сияқты негативті қабылдануы мүмкін.

Басқа жағдайларда олар дәлелдемелік байланыстарды анықтауға бағытталған.

Бағалау сұрақтары — Неге … жақсы, ал … жаман?»

«… … айырмашылығы неде?»

Бұл сұрақтар осы немесе басқа да  оқиғалар, құбылыстар мен айғақтардың

бағалау критерийлерін анықтауға бағытталған .

Шығармашылық сұрақтар (жорамал)- «Қалай ойлайсыздар, … кейін (егер) … қалай болады?

Шығармашылық сұрақтарда «егер» деген қыстырма сөз қолданылады. Ол алдын ала болжайтын, жорамалдайтын шарттылық элемент .

Практикалық сұрақтар — «Әңгіме кейіпкерінің орнында болсаңыз сіз не істер едіңіз?»

Сұрақ теория мен тәжірибе арасындағы өзара байланысты анықтауға бағытталған)

  1. «Бір сөзбен» әдісі — қатысушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.