Шәкәрім лирикасындағы адамгершілік ар-ождан мәселелері

Пән: әдебиет         15.03.17

Сынып: 10 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім лирикасындағы адамгершілік ар-ождан мәселелері

Мақсаттары: Ақынның өлеңдерін талқылай отырып , адамгершілік ар-ождан мәселелерін анықтау,түсіну.

Күтілетін  нәтиже : Ақын  өлеңдерін оқу арқылы  әділдік, адамгершілік, шыншылдық қағидаларымен қаруландыру, Оқушыларды еркін сөйлеуге үйрету, шығармашылық, ізденімпаздыққа баулу. Өзіндік талдау, жинақтау жасап, ойлай білуге дағдыландыру, жеке, топтық жұмыстарда шапшаңдық танытуға, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру, зерттеушілік  қабілетін дамыту.

Модульдері:СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін  басқару және оқытуды бағалау),

Бағалау: Өзара бағалау

Деректер: тақта, стикерлер, бағалау парақтары,слайд

Әдіс — тәсілдер: Дөңгелек айналым , Қосжазба күнделігі , Т кестесі

Сабақ кезеңдері Уақыт

 

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі 2мин 1.Амандасу.Түгендеу.

2.Топқа бөлу.

 

1.Сабаққа дайындық

1.«Өмірдің басы — бала , ортасы – адам»

2. «Алдыңғының соқпағын артқы түзер»

3. «Мен кетермін, сөз қалар…»

4. «Адамгершілік — асыл қасиет»

Кітап
Үй жұмысы 3мин Берілген тапсырманы тексерем. «Адамдық борышың» өлеңін мәнерлеп жатқа айтып береді.  
Психологиялық дайындық 2мин Тақырыпқа дайындық. «Жақсы адам болу — мәртебе» дегенді қалай түсінесіңдер? 2мин
Білу.Ой шақыру .Сөздер сөйлейді.

 

5мин  Құнанбай , Абай, Стамбул , Әли Оқапов, тобықты ,Еңліктің соңғы сөзі,Кеңгірбай би.

нақты фактілерді, сипаттамаларды білу және жаңғырту.

Берілген сөздерге байланысты деректер айтады. Слайд
Мағынаны ажырату:

Детальдарды қосу

20мин 1-топ «Жастарға» өлеңі

2- топ «Дүние мен өмір»

3- топ «Жасымнан жетік білдім»

4-топ «Өкінішті өмір»

 

1.Ақынның өлеңдерін оқи отырып, топ ішінде талқылап,мазмұнын айту.

2.Өлеңнен адамгершілік , ар-ождан мәселелерін анықтап , постерге тізіп жазу.

ТБ ,кітап
Қолдану. Концептуалды кесте 7мин  

 

Ақын жанын түсінуге,өмірлік ұстанымын  тануға,оның іс — әрекетіне адамгершілік  қасиеттерін табу. Кітап
Талдау.Екі жақты күнделік 5мин 1.Ұят — жаман ойдың жүгені. (Ж. Баласағұни)

2.Ұятсыз адам иттен де жаман. (С. Сарайи) 3.Өлімнен ұят күшті. («Орхон жазу ескерткіші»)

4.Арсыз — адамның қоры. (Ж. Баласағұни)

5.Бар бәледен ұят сақтайды. Барлық жақсы істің байламы да ұятта. (Ж. Баласағұни)

6.Бұл жалғанды бұзатын — арсыз адам. (Ж. Баласағұни)

7.Ұяты бармен — ұрыс, Ұятсызбен — ұстаспа. (М. Қашқари)

8. Маңайлама ар — ұяттан безгенге, Мыңдап алғыс инабатты сезгенге. (Ж. Баласағұни)

Берілген нақыл сөздердің мағынасын ажырат ТО
Жинақтау. 7мин «Ар, ұяттың анасы — әдептілік» Эссе жазу СТО
Үйге тапсырма 1мин М.Ж.Көпеев туралы мәліметтер әкелу Күнделіктеріне жазып алады. слайд
Бағалау 2 мин Топ басшылары бағалайды. Бағаларын күнделіктеріне қояды.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Концептуалды кесте

              Өлеңдері  Ақынның өмірлік ұстанымы   Ақынның іс-әрекетіндегі

адамгерішілк  қасиеттер

Саған ұнаған өлеңі
«Жастарға» өлеңі  

 

 

   
«Дүние мен өмір» өлеңі  

 

 

   
«Жасымнан жетік білдім» өлеңі  

 

 

   
«Өкінішті өмір» өлеңі  

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау  парағы

 Бағалау критерийлер мен

дескрипторлар

 

 

Нақты фактілерді, сипаттамаларды білу және жаңғырту.  Алынған ақпаратты талдау, ойын толық жеткізе алуы Өз көзқарасын ойын еркін жеткізе алуы Уақытты үнемдеуі Жалпы бағасы