М.Жұмабаев «Қойлыбайдың қобызы» поэмасы

  Пән: қазақ тілі  18.10- 19.10.2018

Сынып: 11 — сынып

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Қойлыбайдың қобызы» поэмасы

Мақсаттары Тақырыпты түсініп оқуға, мәтіннің негізгі ойын табу, дұрыс ойлау, сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамытуға дағдыланады:.

Күтілетін  нәтиже : Танымдық, дамытушылық, қызығушылық қабілеттері артады .Ойын нақты жеткізе алады;- Өзін-өзі реттейді;

Модульдері:СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері),ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін  басқару және оқытуды бағалау),

Бағалау: Бағалау парағы

Деректер: интерактивті тақта, бағалау парақтары , аудиокітап,слайд,кесте

Әдіс — тәсілдер: Дөңгелек айналым , Қосжазба күнделігі , Сұрақтар түймедағы, . Тұжырым кестесі

Сабақ кезеңдері Уақыт

 

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті    Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі: 2мин 1.Амандасу .2 Сыныпты түгендеу 3.Топқа бөлу.4 топ Топтарына жайғасады.  
Үй жұмысын тексеру. 3 мин Елбасының «Рухани жаңғыру» идеясы С.Торайғыровтың көзімен. Оқушылар үйде жазып келген эсселерін оқиды.     Дәптер
Білу.Ой шақыру

«Дөңгелек айналым» әдісі

3мин М.Жұмабаевтың қандай поэмаларын білесіңдер? Әр оқушы 1,2 сөйлемнен айтып шығады.  
Түсіну. Тыңдалым 10мин 1.Ақынның «Қойлыбайдың Қобызы» поэмасын  тыңдайды.

Сюжеттік — композициялық құрылымы

1.Басталуы – таныстыру найман елі, Қойлыбай

2. Байланыс — ас және бәйге жариялау

3. Шиеленісі — қобызды сексеуілге байлау,дөң басындағы мәжіліс

4. Шарықтау шегі — Қойлыбайдың жын шақыруы

5. Шешімі аяқталуы қобыз — жүйріктің бәйгеден озып келуі.

өнер туындысының іргетасы, белгілі

дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі,

халықтың тылсым өнері, оның құдіреті

 

Поэманың мазмұнын айтады, сюжеттік — композициялық құрылысына қарай талдайды.       Аудиокітап
Қолдану. 10 мин 1-топ М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз.

2-топ Поэманың идеясын ашатындай сурет сал.

3. Мағжан өлең болсын, поэма болсын, көбіне өткен заманды аңсап отырады.Себебі… ( Қосжазба күнделігі)

4 –топ Берілген мәліметтерді топ ішінде талқылай отырып, қазақтың бақсылық өнер жайында мәліметтер беру. (Постер жасау)

1-топ дәптерге жазады.

2-топ А 3 қағазына поэманың желісі бойынша сурет салады.

3-топ Қосжазба күнделігін толтырады.

4-топ тапсырмасы .Бұл сарын Қойлыбай бақсының өмірде болған, болмағаны туралы Б.Қанарбаева Ә.Марғұланның «Ежелгі жыр-аңыздар» кітабынан бірнеше деректер келтіреді.«Қазақ сахарасында ежелгі заманның асқан данасы, Қорқыттың толғау айту дәстүрін, оның күйін, дарынын, нақыл сөздерін мұра етіп, біздің заманымызға жеткізген жыраулар, ойшыл адамдар аз болмаған. «Ежелгі жыр-аңыздар» кітабында Қойлыбай қобызын тартатын өзен «Қойлыбай өзені» деп аталып кеткендігін автор айта кетеді. Екінші аңыз бойынша, Қойлыбай өзінің жындарының көмегімен алты қанат ақ орданы жерден көтерген.Үшінші – 1924жылы Ташкенттен шыққан «Тарту» жинағындағы «Бақсы» деп аталатын аңыз. Бұл екінші аңызға ұқсайды.Төртінші аңыз – С.Сейфуллиннің шығармалар жинағының 6-томындағы «Бақсы сарыны». Онда Қорқыттың жындарын шақыратыны, дәу перілердің дастарқаннан нан алып, отырғандарға үлестіретіні, Қорқыттан кейінгі үлкен бақсы Қойлыбай екені айтылады. Бірақ Қойлыбайдың бәйгеге қобыз қосқаны айтылмайды.Бесінші аңыз Ш.Уәлихановтың шығармалар жинағының екінші томында бар. Мағжан поэмасындағы сюжет осы нұсқамен сәйкес келеді. Қойлыбай – есімі аңызға айналған бақсы. Ш.Уәлиханов Қойлыбайды “бақсылардың бақсысы әрі пірі” десе, Ә.Марғұлан “Қорқыттың қобызын, оның сарынын ең алғаш рет мирас еткен кісі – Қойлыбай бақсы. Ол Қорқыттың шәкірті болып саналады” деген пікір айтады. Ә.Диваев хатқа түсірген “Бақсы” жырындағы аңыз бойынша, Қойлыбайдың төрт батыр ұлы және бес мың жыны болған. Қойлыбай туралы Ш.Уәлиханов зерттеулерін негізге ала отырып, М.Жұмабаев “Қойлыбайдың қобызы” атты дастан жазды.Қазақтың бақсылық өнерін алғаш зерттеп, қағаз бетіне түсіріп бізге мұра етіп қалдыруға әрекет XVIII ғасырдан басталды. Қазақ ғалымдары Шоқан Уәлиханов, Әлкей Марғүлан, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Әбубәкір Диваев, Құдайберген Жұбанов, Сәкен Сейфуллин, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Халел Досмұхамедұлы т.б

      Дәптер

 

Талдау.Сұрақтар түймедағы 5 мин Әр топ берілген сұрақтарға жауап береді. 1-топ Дәлелдеуші сұрақтар.

1.«Егер мен дұрыс түсінсем, онда …?»

2.«Мен қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше сіздің айтып тұрғаныңыз …?»

2-топ Бағалау сұрақтары — Неге … жақсы, ал … жаман?»

«… … айырмашылығы неде?»

3-топ : Практикалық сұрақтар— «Әңгіме кейіпкерінің орнында болсаңыз сіз не істер едіңіз?»

4-топ : Шығармашылық сұрақтар (жорамал)- «Қалай ойлайсыздар, … кейін (егер) … қалай болады?

      Дәптер
Жинақтау. Тұжырым кестесі 4 мин Кестесін  ұсынамын.

 

 

Топ ішінде талқылай отырып,кестені толтырады.

Тұжырым кестесі                                                                                

     Шығармалары Ақынның өмірлік ұстанымы   Ақынның іс-әрекетіндегі

адамгершілік  қасиеттер

Саған ұнаған

шығармасы

Батыр Баян поэмасы  

 

 

   
Қойлыбайдың қобызы  

 

 

   
«Сағындым» өлеңі  

 

 

   
        Кесте
Үйге тапсырма 1мин «Қорқыт» поэмасын оқу. Күнделіктеріне жазып алады.       Оқулық
Бағалау 2мин Бағалау парақшаны талқылау Топ ішінде  

Бағалау  парағы

 Бағалау критерийлер мен

дескрипторлар

Алынған ақпаратты талдау, ойын толық жеткізе алуы Нақты фактілерді, сипаттамаларды білу және өңдеуі Өз көзқарасын ойын еркін жеткізе алуы Уақытты үнемдеуі Жалпы бағасы