«Критериалды бағалау»

 «Критериалды бағалау»

Педагогтар біреуді табысты оқыта алмайды, егер өздері де сол уақытта оқи білмесе

                                                                                                                     Али Апшерони

Жалпы мақсат  Коуч-семинарға қатысушыларға формативті бағалау (оқыту үшін бағалау) және суммативті бағалау (оқуды бағалау) , критериалды бағалау терминдердің мағынасын түсінуге жағдай жасау.

Оқыту процесінде осы бағалау түрлердің маңыздылығын көрсету.

Күтілетін нәтиже

 

Коучинг  қатысушылар бағалау түрлерін біліп,олардың оқыту процесінің нәтижесіне қалай әсер ететінін анықтайды.
Басты идеялар

 

оқыту үшін бағалау, формативті бағалау, критериалды бағалау

 

Дерек көздер

 

«Критериалды бағалау» таныстырылымы
Материалдар мен жабдықтар компьютер, интерактивті тақта, маркерлер, А4 және А3 форматты беттер

 

Коучинг  барысы

 

Коучинг кезеңдері

 

уақыты  Оқытушының және коучингке қатысушылардың іс-әрекеттері.

 

Сәлемдесу

 

5 мин Коучингке  қатысушылармен сәлемдесу. Коучинг тақырыбын, мақсатын хабарлау.

 

«Алақандағы хат» жаттығуы

 

Миға шабуыл 3 мин «Өмірде жеңіл жол іздеу, іздеуге тұрарлық па?» бейнеролик тамашалау, талқылау
Жеке жұмыс

 

7 мин Коуч қатысушыларға көбелектің суретін салуды сұрайды. Суреттерді тақтаға іліп қойып өзара бағалау жүргізуді тапсырады. Соңында өзі барып бағалайды. Баға қойғанда қатысушыларды таң қалдыру үшін бағалайды да сұрақ қояды –Алған бағаға ризасыздар ма? Неліктен? Неге осындай баға алғаныңыз сізге түсінікті ме?  Жұмысты бағалау жеңіл болды ма?
Әңгіме

Коуч қатысушыларымен сұрақ-жауап

 

5 мин Осындай жағдай жиі болып тұрады ма?Мысалы оқушылар бақылау жұмыстың бағасына көңілдері толмай наразылық білдіретін жағдай. Осындай жағдайды қалай шешесіздер? Қалай ойлайсыз оқушының бағасына түсінік беру қажет пе? Түсініктемені (Комментарийді) қалай бересіз? Сіз оқушының қызметін бағалау барысында түсініктеме берілу қажет деп санайсыз ба?
Жұптық жұмыс

 

5 мин  

Содан  кейін берілген критерий арқылы бағалату

Параққа толтырылуы Толық бет-3 ұпай Жарты бетке салынған- 2 ұпай Үштен бір бөлік

бет-1 ұпай

Түсі 4түс қолданса- 3 ұпай 2-3 түс

-2 ұпай

1 түс-1 ұпай
Сурет бөліктерінің саны 5 бөлік

-3 ұпай

3-4 бөлік-

2 ұпай

1-2 бөлік

1 ұпай-

 

 

Сұрақтар:

Бағалау енді түсінікті болды ма?

Бағалар арасында қандай айырмашылық бар және болса неліктен? Қай баға сіздің көңіліңізден шықты? Неліктен?

Қай бағалау дұрыс жүргізілді деп санайсыз?

Сергіту сәті

 

3 мин «Қарлығаш»
Теориялық  материал 7 мин Қалыптастыушы бағалау мен жиынтық бағалау жайлы таныстрылымы көрсете отырып, қатысушылардың түсініктерін кеңейту.
Кері байланыс 5 мин Рефлексия: «Жеделхат»

Қатысушыларға бір-бір жеделхаттан таратып беріп, оны осында отырған бір адамға жолдауын, жеделхатта бүгінгі коучингтен қандай құнды мағлұмат алғанын жазуды тапсыру.