«Әрбір ата-ананың парызы- ұрпағының парасатты болуына қамқор болу»

«Әрбір ата-ананың парызы- ұрпағының парасатты болуына қамқор болу»

 

 

 

 

Әлемді өзгерту — өзіңнен  басталады

 

Оқушылардың өзін-өзі тану бойынша шығармашылық жұмыстары

 

  1. Шрайманов Бекзат- «Алынбайтын асу жоқ» жүктеу>>>

 

 

  1. Кенжебек Сымбат- «Махаббат-өмір көркі» жүктеу>>>

 

 

«Бастауыштан орта буынға бейімделу»

(Педагогикалық-психологиялық консилиум)

«Бастауыштан орта буынға» тақырыбында педагогикалық-психологиялық консилиум

 

Педконсилиумның негізгі мақсаты:

  1. Әрбір жеке тұлғаны тереңірек танып білу.
  2. Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда жіберілген кемшіліктер мен олқылықтарды түзету.
  3. Ортақ психологиялық – педагогикалық ұстаныммен жеке тұлғаны дамыту.

Міндеті:

  1. 5-сынып оқушыларының психологиялық, әлеуметтік, медициналық зерттеу нәтижелерімен таныстыру
  2. Оқу жүйесіндегі оқушылардың мүмкіндіктерін талқылау.
  3. Зерттеу қорытындыларынан ортақ шешім қабылдау.

 

Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды.

 

  • 1. Консилиум мақсат-міндеттерімен таныстыру.

 

  • 2. Пән мұғалім, сынып жетекшілерінің бағалауы

 

  • 3. Психологиялық, әлеуметтік, медициналық зерттеу нәтижелерімен таныстыру.

 

  • 4. “Менің сүйікті ұстазым!” марапаттау кезеңі

 

  • 5. Қорытындылау

 

Педконсилиум барысында әрбір 5-сыныптың сынып жетекшілері сыныпқа мінездеме берді

 

Пән мұғалімдері  төмендегі параметрлер бойынша сынып оқушыларын бағалады

 

  1. Жаңа тақырыпты меңгеруі

 

  1. Сабақтағы тәртібі

 

  1. Тақтадағы жауабы

 

  1. Бақылау, тест жұмыстары

 

  1. Оқу-дағдысы

 

  1. Үй жұмысы

 

Оқу ісінің меңгерушілері 5-сынып оқушыларының білім деңгейін бастауыш сыныптағы білім деңгейлерімен салыстырмалы түрде көрсетті.

 

Тәрбие ісінің меңгерушілері тәрбиелік деңгейін, мектеп социологтары әлеуметтік жағдайын, медбике денсаулық жағдайын, мектеп психологтары оқушылардың психологиялық жағдайын (қобалжу деңгейі, интеллект деңгейі, отбасылық жағдайы, сынып жетекшімен қарым-қатынасы, сынып оқушыларының бір-бірімен қарым-қатынасы) пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерге таныстырды

 

. “Менің сүйікті ұстазым!” марапаттау кезеңі

 

Оқушылардың сауалнамаларының қорытындысы бойынша

 

  1. «Ең үздік сынып жетекші» номинациясын

 

5 «а» сынып жетекшісі Ахетова Светлана Абдрайханқызы

 

2.“Сынып жетекшім  — менің екінші анам” номинациясын

 

5 «в» сынып жетекшісі Сүлкеева Арай Жанатқызы

 

  1. «Сынып жетекшім – менің үлкен досым” номинациясын

 

5 «ә» сынып жетекшісі Ахтанбекова Әсем Амангелдіқызы

 

  1. «Ең интелектісі жоғары сынып» номинациясын

 

5 «б» сынып жетекшісі Ибраева Ұлбосын Өмірзаққызы иеленді.

 

 

 

 

 

 

“Менің сүйікті ұстазым” номинациясы

I орын Ошақбаева Зүбайра Игілікқызына,

II орын Тугусова Күлзипа Ракишқызына,

III орын Омаралина Меруерт Атарқызына берілді.

 

Қорытынды Педконсилиумның шешімі

  1. Пән мұғалімдері 5-сынып оқушыларының педагогикалық-психологиялық дамуындағы ерекшеліктерін ескере отырып, сынып жетекші, ата-ана, бастауыш сыныптағы жетекшілерімен өзара сабақтастықты жүйелі түрде жүргізсін.
  2. «Бастауыштан орта буынға бейімделу заңдылықтары» тақырыбындағы пед.консилиум өте жақсы деңгейде деп табылсын.
  3. Анықталған кемшіліктер бойынша алдағы уақытта оқу-тәрбие процесі жандандырылсын.

 

 

 

 

 

 

 

* * * * * * *

«Өзімді не үшін білуім керек?»

(тренинг)

 

Сынып:8-9

Мақсаты:

Оқушылардың өзін-өзі тану себептерін туындату.

Өзін-өзі тануға және рефлексияға жетуге дағдыландыру.

Құрал-жабдықтар:

 

Дәптер, қалам, қарындаш, түрлі-түсті кесіндісі бар қораптар, 6 түрлі-түсті жолақпен желімделген болуы керек.

 

Сабақтың мазмұны:

 

  1. Сабаққа бағыттау.

 

«Түстер көңіл-күйі» жаттығуы.

 

— Әрбір қатысушы өзінің дәл қазіргі көңіл-күйінің түсін таңдайды және картонды төртбұрышты сол түске келетін ұяға тастайды.

 

Психолог қорапты ашып хабарлайды: (түстердің түрін және оның дәл санын айтпайды), бүгінгі сабаққа балалардың қандай көңіл-күймен келгендерін айтады. Сосын осы айтылған қорытындының олардың көңіл-күйімен сәйкес келген-келмегенін сұрап, анықтайды.

 

«Мен сенімен қарым-қатынас жасауға қуаныштымын» жаттығуы.

 

Психолог: Қазір мынандай тапсырманы орындайсындар, жанында тұрған адамға мына сөзді айтып қолды созасың « Мен сенімен қарым-қатынас жасауға қуаныштымын», « Ал сіз ше?» деп қолын созған адам әрі қарай осы сөзді айтып, келесі адамға қолын созады. Осылай тізілу арқылы бір-бірін қолын ұстап шеңбер құрады.

 

  1. Үйге берген тапсырманы талқылау.

 

Психолог: « Сенімен қарым-қатынас жасау ұнамды» әдістемесі бойынша неше пайыз алғандарыңды білгілерін келеме?

 

Психолог максимальды пайызды атайды.

 

Психолог: Сендер қалай ойласындар сыныптастардың ойын өзгертуге бола ма? Оны қалай жасау керек?

 

Байқағандарындай, әр түрлі адаммен сендер әр түрлі қарым-қатынас жасайсындар.

 

Ал кім өзін жақсы біледі?

 

Өзіңдегінің бәрі өзіңе ұнай ма?

 

Біздің басқалардан айырмашылығымыз қандай?

 

Өзіңді білу қажет пе?

 

  1. Тақырыппен жұмыс.

 

Өздік талдау жасау: « Мен кіммін? мен қандаймын?»

 

Психолог: жазбаша үш сөйлемді жазып, ойларыңды жалғастырыңдар:

 

Мен ойлаймын, себебі мен …

 

Басқалар ойлайды, себебі…

 

Менің болғым келеді, себебі …

 

Ескерту: Әрбір сөйлемге оқушыларға плакаттағы сұрақтарға жауап беруге көмек ретінде берілген  сөздер тізімінен алуға болады.

 

Сөздер тізімі: Әдемі, босаң, сүйкімді, қолапайсыз, әділ, мақтаншақ, еңбексүйгіш, көңілсіз, ақылды, батыл, сараң, күлкілі, шыдамды, сенімді, ұнамсыз, ойлы, жақсы дені сау, ілтипатты, ұяң, адал, ақымақ, жалғыздық, әсем, күрт, нәзік, күшті, пәлеқор, өтірікші, ақылды, достықты сүйетін.

 

Жаттығу « Ыстық орындық »

 

Психолог: Қазір әрқайсың өздеріңнің сыныптастарыңның ой-пікірі сенің өзіңнің ой-пікіріңмен сәйкес келетіндігін тексеруге болады.

 

Әркім (кезекпен) ортадағы тұрған орындықтан орын алады  және сұраққа жауап береді: «Ол қандай?» Ол үшін олар сөздер тізімінен бірнеше сөзді таңдап алады (жоғарыда көрсетілген). Ортада отырған адам оның ой-пікірімен сәйкес келген сөздерді (белгілейді) атайды. ( Мен ойлаймын, себебі мен) Сәйкес келген сөздер саны саналады.

 

  1. Сабақты талдау.

 

Психолог: Кәнеки, өздеріңнің сабақтарыңды бағалайық. Өздеріңнің бағаларыңды қойыңдар. «Үш» деген санды атағанда қажетті деп санаған саусақтың санын көрсетіңдер. Не ұнайды?

 

Қандай қиындықты өткердіңдер?

 

Кімді бағалау қиын өзіңді ме, әлде басқаны ма?

 

 

 

  1. Үйге тапсырма: Үйде мынандай тапсырманы орындайсындар. «Күннің көзі аясында» деген тақырыпта сурет саласыңдар. Шеңберді сызып, ортасына «Мен» деп жазыңдар. Шеңбердің шекарасында күннің шапағын салыңдар: Күннің шапағының саны өздеріңнің мінездеріңнің бағалаған санындай болу керек. Сәйкес келген жақсы сапаларды қызылмен бояу, ал кері жағдайларда көкпен бояу қажет.

 

Мектеп  және отбасы

 

 

Мақсаты: Ата-аналардың өзара қарым-қатынасын жақсарту. Мектеп  өмірімен таныстыру, сынып жетекшісімен дұрыс қарым –қатынаста болу, психологиялық кеңес, ағарту жұмыстары.

Қажетті заттар: музыка жазылған таспа, қағаз – қаламдар, түрлі түсті қағаздар, шарлар.

Дайындалу шеңбері: 1-сынып оқушыларының    ата-аналарын күтіп алып дөңгелене шеңбер етіп отырғызамыз. Құрметті ата-аналар, біздің бүгінгі тренингіміз бір-бірімізді жақын тану үшін жасалынып отыр. Қазір орындарыңыздан тұрып өздеріңізге серік көрші таңдаймыз. Ата-аналар орындарынан тұрып өздеріне серік    көрші таңдайды. Бір-бірімен танысып білуіне 5-минут беріледі, сосын   біртіндеп көршілерін таныстырады.

Жаттығу «Көпір». Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Психолог диаганаль бойынша бормен сызық жүргізеді. Ойынның мәнін былай түсіндіреді: «Бұл сызық – тасып ағып жатқан тау суынан өтетін көпір». Желден теңселген, тартылып байланған көпір, төменде сарқыраған өзен. Көпірдің аяғына дейін бір ізді жол, тек бір ғана адам өте алады. Әрі артқа шегінуге немесе қайтып кетуге жол жоқ. Бір- біріне қарама – қарсы келе жатқан екі адам. Екі адам екі ұлттың өкілі, бір – бірінің тілін түсінбейді. Қалай да болса көпірден құламай, аяғына дейін жету керек. Тапсырманы орындауға бір минут уақыт беріледі.

Талқылау

—         Тапсырма ненің көмегімен орындалды?

—         Қатысушылар бір – біріне көмектесті ме?

—         Осы жағдайда қарым – қатынастың қандай құралдары маңызды?

 

Жаттығу «Зағиптар»

Жүргізуші: Шеңбер ортасында тұрып зағиптар ойыны ойнатылады.

Мақсаты: Белсенділерді анықтау. Жүргізуші қатысамын деушілерді (8-10 адам) шақырады.

Жүргізуші: ойынға қатысуларыңызға болады дейді. Қатысушылардың көздері матамен танылады, содан соң зағиптар жан-жаққа апарып тұрғызылды  .

Жүргізуші мені естіп тұрсыңдар ма? — Енді бір қатарға бойларыңды түзеп тұрыңдар .Әдетте жаттығудың орындалуына 10-15 минут керек.Жүргізуші менің алдымда дұрыс тұрғандарыңа сенімдісіңдер ме? Егер дұрыс тұрмаса «зағиптар» қайтадан бастайды. Көздері шешілмейді, қатарға бойларын дұрыс түзеп тұрғанға дейін қайталана береді. Дұрыс нәтижеге жеткенде көздері шешіледі.

Жүргізуші: Қалай қимыл іс әрекет жасадыңдар? Кім жетекші бола білді? Қарап отырғандар не бітірді? Мәз болып күлді. Зағиптарға көмектесу ешкімнің ойына келмеді. Күліп қарап отыра бердіңдер.

«Жаттығуға бәріңіз қатысуға болады» — деп ескерттім. Енді бәріңіз қалай қатысқаныңыз жөнінде ойланыңыздар…

Бұдан былай бір-біріңізге көңіл бөле жүріңіздер(ортақ шеңбер, пікір алмасу, қорытынды сөз).

1-сынып оқушыларына психологиялық кеңес беру, он екі жылдық білім беру жөнінде талқылау.

Ата – аналар психологиялық кеңес тыңдап, өз пікірлерінде қосып отырды.

Жүргізуші ; Енді ата-аналар  ,     «Табиғатсыз адамдардың  күні жоқ ,оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты, табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш   енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.

Ал енді ата-аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек діңдер бір бөлек   отыруымыз керек.Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар. (әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).

Жүргізуші: Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік. Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар. Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар.

Енді ата — аналар мына үлкен қағазға «тамыр тобы» тамырды, «діңгек тобы» — діңгекті, «жапырақ тобы» — жапырақты саламыз. (музыкалық сүйемел, қалам – қағаздар).

Ұстаздарыңызға деген талап – тілектеріңізді «тамыр тобы» – тамырға, «діңгек тобы» – діңгекке, «жапырақ тобы» – жапыраққа жазыңыздар.

Жүргізуші: Осы ағаштың тамыры — ата – ана, діңгегі – сынып жетекшісі, бұтағы – пән мұғалімі. Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жеміс берді. Енді мына себеттен алмаларды алып, өз балаларыңызға тілек жазып, ағаштың жемісін іліп, балаларымыздың қызығын көрейік!

Музыкалық сүйемелдеу, тілек жазу.

Жүргізуші: «Қай жұп күшті?Қазір әркім өзіне серік таңдайды, шарды алып, көңілді музыға билеп, шарды жарады. Шардың ішінен жақсы тілектер алып шығып, қалған ойыншыларға дауыстап оқып береді. Әр жұп кезектесіп белгіленген уақыттан белгіленген жерге дейін шарды бір-бірін құшақтап шарды жарады».

Жаттығу «Құрметтім саған не тілейін?»

Мақсаты: Қатысушылардың бір – біріне деген қарым – қатынасын нығайту. Кері байланыс жасау. Бір – біріне деген ыстық ықыласты тудыру. Бұл ойында кішкене қиылған жүрекшелер таратылып, қатысушылар өз есімдерін жазады.

 

 

Жүргізуші есімдері жазылған жүрекшелерді жинап алады да жұптап қатысушыларды шақырып отырады. Ортаға шыққан жұп «Қымбаттым саған не тілейін?» – деп сөздерін бастап бір – біріне деген ыстық жүректен шыққан тілектерін айтады. (Әр жұп сайын қол шапалақтап, қошемет көрсетіп тырады.)

 

Жүргізуші: Бүгінгі тренинг барысында алған әсерлеріңіз туралы ой бөлісіңіздер, талқылау, кері байланыс жүргізу керек. Оқушыларға, ұстаздарға, ата – аналарға сәттілік тілеп, музыкалық сүйемелдеу арқылы қоштасу.