«Аналар асыл қазынам»

Сіздерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер  күнімен құттықтаймыз. Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақыт пен қуаныш

тілейміз. Жылдың әр күні Сізге және сіздің жанұянызға тек қана жақсылық пен игілік әкелсін! Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да

баянды өмір кешіңіздер.
Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, от басыларыңызға

құт-береке, ауызбірлік пен тыныштық тілейміз.

Төмендегі өлең жолдарын «Көбелектер» тобының атынан қабыл алыңыздар!!

 

 

 

 

 

Гүлдей болсын өміріңіз,

Нұрға толсын көңіліңіз.

Биік боп жұлдызыңыз

Көктемдей құлпырыңыз.

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап жүрсін Тәңіріңіз

 

******

Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары!
8 Наурыз қуанышқа бөлесін!
Әкелсінші жаздың жылы елесін!
Барлық халық аман болып елімде
8 Наурызға жете беріңіздер келесі!

 

 

 

 

 

 «Аналар асыл қазынам»

Мақсаты: Балаларға 8 – наурыз халықаралық мейрамы екенін ұғындара отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге , қолғанат болуға, әр қашан құрметтей білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші:Қымбатты балалар , сүйікті апалар, құрметті әріптестер !!

Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8 – наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!!

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Қаймақты сүттей қалқытқан

Суық болса жөргегі

Қорғасындай балғыфтқан

Айналасына ас қойып,

Өзенді көлдей шалқытқан.

Қолын қатты тигізбей ,

Исін жұпар аңқытқан

Бұл кім балалар?

Балалар : Ана, ана, анан!

Жүргізуші: Құрметті апалар , қадамдарыңа гүл бітсін , сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз.

Бүгін наурыздың 8 – і

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі.

Тақпақтар:
Дария:
О алақай балалар

Шақырады далалар

Көктем келді гүл алып

Құстар келді жыр алып.

С.Інжу: Анамды мен жақсы көрем,

Айтқан тілін алып жүрем.

Қасымда анам жүргенде

Шаттанып ойнап күлемін.

Дамир : Ардақта ана , аяулы ана қымбаттым,

Тәтті ұйқымды бөліп талай үн қаттым

Өміріме нәрін берді  ақ сүтің

Кең шуағың аясындай гүл бақтың.

Данат : Ақ анашым , аппағым,

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнімде,

Арнадым саған бәрінде.

Ән : «Шар»

Жүргізуші: Бүгінгі мерке  күні әжелерімізді де меркелеріңізбен де құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің , қазынасы  бар » деп бекер  айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер .

Тақпақтар:

Жания: Мені жақсы көреді,

Күндей күліп жүреді ,

Көп ертегі біледі.

Женя : Анам мені «Күнім» дейді.

Мен қуансам күлімдейді.

Костя: Анам менің сүйіктім

Тек өзіңе табынам.

Нурсерік : Менің әжем мейірбан,

Мені жақсы көреді.

Қажеттіне жарасам,

Жас балаша күледі.

А. Інкәр: Әр сөзімді жаттаған ,

Жүрегімде сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.

Өлең : «Шар»

Есік қағылып көк көйлек киген Ару көктем кіріп келеді.

Ару Көктем:

Мен көңілді көктеммін ,

Былтыр келіп кеткенмін.

Көзін ашып бұлақтың,

Түбіне тал екенмін.

Гүл  боп қырда егілем,

Дән боп жерге себілем.

Жаңбыр болып жауам да,

Нұр боп көктен төгілем.

Шуағын төгіп әлемге.

Жылуын күннің әкелем.

Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын.

Жүргізуші: Амансың ба , Ару көктем ? Ұлан —  байтақ жерімізге қош келдіңіз Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төгебер.

Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін , гүлдей жайнаған қыздарға сыйламым келіп отыр. – деп гүлдерді таратады . Осы гүлдей, құлпыра беріңдер аяулы аналар, әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын!!

Би «Гүлдер»

Ойын : «Кім тез гүл тереді»

Жүргізуші: Ал, Ару көктем біздің балаларымыздың өзіңе арнаған өлеңдерін қабыл ал.

Тақпақтар:

Аделя : Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар.

Мирас: Қуанышы баланың

Бізді өсірген анашым.

Иман: Құтты болсын ,анашым.

Құтты болсын мерекең.

Артем: Мен анамдыы сүйемін

Құшағына енемін.

Ансар: Әже деген көп шығар,

Әжемдей жоқ шығар.

Мейрімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі.

Ән « Әй – әй  Апа »

Жүргізуші: Ананың әр бір сөзі жылылыққа толы . Ананаң көз нұры , мейрімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті анала , сіздерге деген балаларыңыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

Кирилл: «Боташым » дер саған

Кім сүйікті адам

Ол – менің анам.

А. Інжу: Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

Жүргізуші: Балалар бүгін біздің меркеге тағы бір қонақ келе жатқан сияқты.

Көңілді музыка  ырғағымен Сайқымазақ кіріп келеді.

Сайқымазақ:

Жан – жағыма қарасам,

Қонақтар өте көп екен.

Ұлдар да , қыздар да

Апайларда мында көп

Мен Сайқымазақпын ,

Ақылыма көркім сай.

Ұнаймын жұтрттың бәріне

Үлкенге де ,  кішіге.

Келіп қалдым мен бүгін,

Құттықтауға сіздерді.

Аналарды ,қыздарды

Сүйікті әжелерді.

Жүргізуші: Рахмет, саған Сайқымазақ!!.

Сайқымазақ:  Мен билегенді жақсы көремін. Кім менімен билейді?

Би: «Утята»

Ойын : «Кір жаю»

Шарты : Ұлдар шелектен жуылған киімдерді алып беріп тұрады , ал қыздар жіпке іледі . Бірінші болған топ шелектерін қолдарына алып орындыққа отырады.

Жүргізуші:

Би : «Жұптар вальсі»

Ендігі сөз кезегі балабақшамыздың директоры Дауленова Айгуль Ермековнаға   құттықтау сөз кезегі  беріледі.

Ата – аналарға құттықтау сөз кезегі беріледі.

Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақыт пен қуаныш тілейміз. Жылдың әр күні Сізге және сіздің жанұянызға тек қана жақсылық пен игілік әкелсін! Көктемнің гүліндей құлпырып, дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, от басыларыңызға құт-береке, ауызбірлік пен тыныштық тілейміз.