Сіз өзгелермен тіл табыса аласыз ба?

                         Сіз өзгелермен тіл табыса аласыз ба?

Мақсаты: Қарым қатынастағы басқаларға ұнамдылық, сыйысымдылық көрсетуге икемділікті бағалау.

Орындау ережесі:Төмендегі сұрақтарға «иә», «кейде», «жоқ» деп жауап беріңіз

«иә» — жауабы 2 балл, «кейде» — 1 балл, «жоқ» — 0 балл

                                      

                                   Сауалнама

 

  1. Сізді қызмет бабымен кездесу күтіп тұр.Күту сізді шаршатады ма?
  2. Ауру әбден асқынғанға дейін дәрігерге бармай жүре бересіз бе?
  3. Іс шаралар: баяндама жазу, хабарлама жасау т.б.сізге қиындық туғызады ма?
  4. Өзіңізге таныс емес қалаға іс сапармен баруды ұсынса Сіз оған бармаудың бар әрекетін жасайсыз ба?
  5. Сіз өзіңіздің уайымыңызды басқа адамдармен бөлісуді ұнатасыз ба?
  6. Көшеде таныс емес адам бір нәрсе сұрағанда ашуланасыз ба?( жол сұрау т.б)
  7. «Әке және бала» мәселесі барлығына сенесіз бе және әр жас кезеңіндегі адамдардың бірін бірі түсінуі қиын ба ?
  8. Осыдан 3 ай бұрын 300 теңге алып, оны қайтаруды ұмытқан танысыңыздан ақшаңызды сұрауға ұяласыз ба?
  9. Ресторанда немесе асханада сізге сапасыз тамақ берді. Сіз үндемей, тарелканы ашуланып сырғытып қоясыз ба?
  10. Танымайтын адаммен жеке қалғанда онымен сөйлеспейсіз және ол бірінші болып сөйлесе оны жақтырмай қаласыз ба ?
  11. Сізге қай жерде болмасын ұзақ кезек күту керек болса Сіз кезекке тұрудан бас тартасыз ба?
  12. Тартыс- талас мәселелерді қарастыратын комиссия мүшесі болудан қорықпайсыз ба?
  13. Әдебиетті, өнер мен мәдениетті бағалауда Сіздің өзіңізге ғана тән пікіріңіз бар, сіз «бөтен» пікірлерді ескермейсіз.Солай ма?
  14. Сізге анық мәселе туралы біреулердің басқаша пікір айтқанын естісеңіз, Сіз үндемейсіз бе,жоқ турасын айтасыз ба?
  15. Қызметтегі сұрақтар, оқу тақырыптарын меңгеруде басқа біреулер көмектессе,Сіз қысылмайсыз ба?
  16. Сіз өз пікіріңізді ауызша айтқаннан гөрі, жазбаша түрде баяндауды ұнатасыз ба?